2015 жыл басталғалы бері Алматы қаласында ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген 50 шақты жарнама билбордтары жазаланыпты. Әсіресе жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңга жүгінсек жарнамадағы орфографиялық қателік үшін жарнама иесіне 10 АЕК-тен 50 АЕК көлемінде айыппұл салынуы керек. Бір айлық есептік көрсеткіштің қазіргі таңда 1982 теңге екенін ескерсек, мемлекеттік тілде ғана қателіктер жіберіп жаңылысатын жарнама берушілердің әрекетіне бұл жаза тым жеңіл жаза секілді. Өйткені жарнама берушіге ең көп 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды дегеннің өзінде айыппұл көлемі 99100 теңгені құрайды екен. Ал қазақ тілін қорлағандар үшін 100 000 теңге болмашы ақша емес пе?!
Айта кетер жайт жақында өткізілген рейд нәтижесінде 500 ден артық нысанның жарнама беру кезінде қателіктер жібергені анықталды. Бір ғана рейд барысында осынша қателіктің кездесуі қынжылтпай қоймайды. Қателіктер көбінесе ірі сауда орындарына тән екен. Негізі ономастикаға қатысты заңда жарнаманың екі тілде қазақ және орыс тілдерінде берілуі керектігі, жарнама тақтайшасының сол жақ жоғары тұсына қазақ тілінде, ал оң жақ төменгі бөлігіне орыс тілінде жарнама мәтіні орнатылуы керектігі анық жазылған. Осылайша жауапты органдар қоғамымызда қазақ тілінің мәртебесінің биік екенін көрсеткісі келгенімен жарнама берушілер бұл талаптарды ескере бермейді.
Жаңылысқан жарнамалар жазалануы керек
Последние статьи автора