Заңсыз университет – зая кеткен уақыт пен ақша

Қызылжарда студенттерге заңсыз білім беріп келген университетке байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Барлығы 420 студент не төлеген оқу ақыларын қайтарып ала алмай, не оқуларын жалғастыра алмай сенделіп жүр.

Ашылғанда Қазақстан-Ресей университетінің филиалы болып, кейін Солтүстік Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті деп атын ауыстырған жоғары оқу орнының маман даярлауға лицензиясы жоқ екенін осыдан үш айдай бұрын жұрт білген болатын. Сол кезде қозғалған қылмыстық істі тергеу әлі жалғасып жатыр. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахиннің айтуынша, зардап шеккен студенттердің бәрі тегіс келіп, арыз жазбайынша істі қарау жалғаса бермек. «Университетте ақыларын төлеп оқып жүрген 420 студент зардап шегуші болып есептеледі. Олардың бәрі келіп, арыздарын беруі керек. Бүгінге дейін қаржы полициясына 170 адам ғана шағымданды», – дейді баспасөз хатшысы.

Қаржы полициясының мәліметінше, жоғары оқу орны бір жылдың ішінде елу миллион теңгедей пайда көреді екен. Ал Білім және ғылым министрлігі бұл университет екі жыл бойы лицензиясыз істеп келген деп отыр. Демек, ректордың қалтасы біраз қампиғанға ұқсайды.

Бұл мәселе бойынша түсінік берген министрлік өкілдері ешбір студент далада қалмайтынын айтқан болатын. «Сот шешімі бойынша аталмыш жоғары оқу орны ресми түрде жабылды. Бірақ бірде-бір студент далада қалмайды. Студенттерді оларға әлеуметтік жағынан шығын келтірмейтіндей етіп басқа жоғары білім беру орындарына ауыстыру мәселесі оңынан шешілуде», – деген-ді вице-министр Махметқали Сарыбеков. Бірақ бәрі вице-министр айтқандай болмай тұр, студенттерді әсіресе мемлекеттік университеттер қабылдаудан ат-тондарын ала қашып отыр екен. Сөйтіп, студенттердің қаншама уақыты мен ақшасы зая кететінге ұқсайды.

Аталмыш университетті бұрын бітіріп, дипломдарын алып кеткендердің тағдыры да қыл үстінде тұр. Университеттің заңсыз жұмыс істеп келгені рас болса, оқу орны түлектерінің алған дипломдары да заңсыз болғаны ғой. Бірақ прокуратура мен қаржы полицейлері оқуларын былтыр бітіргендердің дипломдары тексерілді, қобалжуға негіз жоқ деп отыр.

Гауһар РҮСТЕМОВА, Қазақстан-Ресей университетінің түлегі:
– Аталмыш университетте білім алған болатынмын. Былтыр бітірер кезде не себепті екені белгісіз, бізді Қазақстан-Ресей университетінің Астанадағы филиалына жіберді. Оқуымызды сол жерде тәмамдап, дипломымызды алып шықтық. Сөйтсек, мұндағы филиалының лицензиясы жоқ екен. Енді, міне, шу шыққан кезде біз де қобалжи бастадық. Бірақ прокуратура мен қаржы полициясы дипломдарды тексеріп, заңды екенін айтып отыр.

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, Солтүстік Қазақстан  гуманитарлық-техникалық университетінің студенті:
– Өткен жылдың күзінде бірінші курсқа оқуға түскен болатынмын. Ол кезде министрліктен де, құқық қорғау органдарынан да оқу орнының лицензиясы жоқтығы жайында ешкім ештеңе айтпаған болатын. Екі жыл бұрын лицензиясы жоқ екені анықталса, неге сол кезде түлектерді қабылдауды тоқтатпаған? Мені осы сауал мазалайды. Алғашқы жартыжылдықтың ақшасын төлеп қойған болатынмын. Құжаттарымды қайтарып берді, ал ақшаны беретін түрлері жоқ. Бәріміздің үмітіміз сотта, бірақ іс оған әлі жеткен де жоқ. Ал оқуымызды басқа университеттерде жалғастырайық десек, алмайды. Не істерімізді білмей, сенделіп жүрген жайымыз бар.

Нұрлан ЖАХИН, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Университеттің бұрынғы ректоры Аманжол Молдыбаев әзірге бостандықта жүр. Бірақ тергеу амалдарына қатысып тұрады. Тергеу жұмыстарының тым созылып кетуіне зардап шегушілердің келмеуі себеп. Біз өз тарапымыздан қолдан келгенді істеп жатырмыз. Жергілікті газеттерге, телеарналарға хабарландырулар бердік. Университет жабылғанын естіген студенттердің көбі құжаттарын тез арада алып, басқа өңірлердегі оқу орындарын жағалап кеткенге ұқсайды.

Таңғаларлығы – білдей бір университеттің лицензиясыз білім беріп келгенін құзырлы министрлік пен жергілікті  құқық қорғау органдарының қалай білмей келгені? Бақылау органдары қайда қараған? Мұны қай саққа жүгіртеріңді де білмейсің. Сондықтан биыл мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсетін түлектерге алаяқтарға алданып қалмай, алдын ала білім ордасының құқықтық құжаттарын мұқият тексеруді ескерткіміз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста