Жаңа Еңбек кодексі «қысқартылған» жұмысшыларға екі айлық еңбекақы төленуін қарастырады

Жобасы Мәжіліске ұсынылған Еңбек кодексіне сәйкес, «қысқартылған» жұмысшыларға екі айлық еңбекақы мөлшерінде өтемақы төленеді. Бұл жөнiнде жаңа Еңбек кодексі жобасын түсіндіру бойынша өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiнгi күнi ұжымдық келiсiмшарт қарым-қатынасы, әлеуметтiк серiктестiк құралдары жеткiлiктi деңгейде дамымағаны белгiлi. Сол сияқты, салалық келiсiмдер, ұжымдық келiсiм-шарт жасау тәжiрибесi де кеңiнен дамымағаны анықталып отыр. Қазiргi уақытта елiмiзде iрi және орта кәсiпорындарда ұжымдық келiсiмшарт жасау деңгейi шамамен 76%-ды құраса, шағын кәсiпорындарда бұл көрсеткiш 31% деңгейiнде. Бүгiн ел Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлген жаңа Еңбек кодексiнiң тұжырымдамалық үлгiсi жұмыс берушi мен жұмысшының арасындағы еңбек қарым-қатынасына мемлекеттiк араласудың шектерiн нақты белгiлеудi және тараптардың мүдделерiнiң тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету есебiмен олардың рөлi мен жауапкершiлiгiн амтамасыз етудi ұсынады», - дейдi Б.Нұрымбетов.

Вице-министр мәлiм еткендей, жаңа Еңбек кодексiн әзірлеуге бизнес-қауымдастықтардың, Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, республикалық және салалық кәсiподақтардың мүдделерiн таныстыратын сарапшылар, еңбек құқығы саласындағы ғалымдар, Халықаралық еңбек ұйымы және Дүниежүзiлiк банк өкiлдерi тартылды және жұмыс тобы 200-ден астам отырыстар өткiздi.

«Еңбек кодексінің жаңа жобасының қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланған мәселелеріне тоқталып өтсем. Біріншіден, бұл жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек келісімшартын бұзу. БАҚ-та жұмыс берушінің жұмысшыны кез-келген себеппен жұмыстан босата алады деген пікірлер болды. Бұл олай емес. Жаңа Еңбек кодексі негізсіз жұмыстан босатылудан жұмысшыларды толық қорғайды. Ия, Жұмыс берушінің бастамасымен келісімшартты бұзу негіздері қазіргі Еңбек кодексінде 20 болса, жаңа жобада ол 25-ке дейін ұлғайтылды, ол рас. Яғни, 5 жаңа негіз қосылды. Біріншісі – еңбекті қорғау және қауіпсіздік немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысшының білім тексеруден қайтадан өтпеуі. Бұл өз қызметі бойынша кәсіпорындағы қауіпсіздікке жауап беретін жұмысшыларға ғана қатысты. Екіншісі – жұмыс берушіге белгісіз себепен бір айдан астам уақыт жұмысшының жұмыс орнында болмауы. Бұл жұмыс берушілердің ұсынысы екенін айта кету керек. Қазір қолданыстағы Кодекс бойынша жұмыс беруші мұндай жағдайда жұмысшыны жұмыстан босата алмайды. Себебі, ол жұмысшыдан жазбаша түсініктеме алуы керек. Ол түсініктеме туралы содан кейін акті жасалады. Ал жұмысшы жұмыс орнында болмаған соң ол, әрине, ешқандай түсініктеме жаза алмайды. Сол себепті, осындай өзгеріс енгізіліп отыр. Үшінші негіз – атқарушы орган басшысының құзырлылығын тоқтату туралы мүлік иесінің шешімі», – дейді Б.Нұрымбетов.

Бұл аталған үш норма қосымша сұрақтар тудырмасы анық деген вице-министр бүгінде қызу талқыланып жатқан қалған екі негізге тоқталып өтті.

«Оның біріншісі – мекеменің экономикалық жағдайының нашарлауына алып келген өндіріс, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек келісімшартын бұзу. Бұл нені білдіреді? Біздегі қолданыстағы Кодексте «жұмысшылар санын немесе штатты қысқарту» деп аталатын негіз бар. Бұл негіз бойынша жұмыс беруші қысқарту жүргізеді. Ол бір ай бұрын алдын-ала барлығын хабардар етеді де, бір айдан соң бір айлық еңбекақы мөлшеріндегі өтемақыны төлейді. Бүгінгі күні экономикадағы қиын жағдай кәсіпорындардағы ахуалды да күрделендіріп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта экономикалық себептерге байланысты жұмысшылар жұмыстан босатылады деген қауіп бар. Жаңа кодекске сәйкес, мұндай қысқартулар келесі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады: құрылымдық бөлімшенің, яғни, цех, учаскенің, жабылуы; жұмысшыны басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі жоқ жұмысшы өкілін, кәсіподақты экономикалық себепті көрсетіп, кем дегенде бір ай бұрын хабардар ету. Айта кету керек, аталған негіз бойынша келісімшарт бұзылған жағдайда жаңа Кодекске сәйкес екі айлық еңбекақы мөлшеріндегі өтемақы төленеді», - дейді вице-министр.
Ақмарал ШАҒАТАЙ

bnews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста