Жаңа бағдарлама энергияны үнемдеуге үйретеді

Жаңа бағдарлама энергияны үнемдеуге үйретеді

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңір-өңірде көптеген өндірістік нысандар бой көтергені белгілі. Ал ондай ауқымды жобалар қуатына мінуі үшін біраз электр энергиясы қажет болатыны айдан анық. Сондықтан Қазақстан электрстансылары­ның қуатын арттыруды қолға алып келеді. Алайда маман­дардың өзі қазіргі энергияны үнемдеудің тиімсіздігін, ұқсатар болсақ, ешбір шығын­сыз-ақ оларды басқа бастама­лар­ға жұмсай алатынымызды алға тартады. Осыған орай, ел Үкіметі «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасын әзірле­ген еді. Қарапайым тұтынушы­дан бастап ірі өндірістік ошақ­­тарға дейін энергия үнемдеуг­е «үйретуді» көздейтін аталған құжатты кеше Ми­нистр­лер Кабинеті бірауыздан мақұлдады.
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың сөз саптасына қарағанда, «Энергия үнемдеу – 2020» мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүр­гізілсе, елімізде қуат көздерін тұтыну­дың жаңа жүйесін қалыптастыруға әбден болады. Бұл үшін аталған құжаттың негізгі тоғыз бағытын іске асыру қажет етіледі. Айта­лық, біріншіден, ірі өнеркәсіптердің энер­гия үнемдеу көлемін 30 пайызға дейін жеткізу керек. Екіншіден, отандық энер­гетиканы инновациялық жолмен жаң­ғыр­тып, бір киловатт энергияға жұм­са­латын шығынды 14 пайызға азайту орын­ды. Осыған орай, қазірдің өзінде өнеркәсіп пен энергетика саласындағы 30 кәсіпорын­да энергетикалық аудит, яғни энергия үнем­деуді анықтайтын тексерулер өтіп жат­қан көрінеді. 2015 жылға дейін 2 мың­нан астам өнеркәсіп ошақтары энергиялық аудиттен өтуі тиіс. Министрліктің өзі дәл осы өнеркәсіп саласын ерекше бақылауда ұстауға мүдделі. Себебі аталған сала елі­міз­дегі барлық энергияның тең жартысын тұты­нады. Үшіншіден, тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығын терможаңарту арқылы бір шаршы метрге кететін жылу 30 пайызға дейін үнемделуі тиіс. Осы салада да тиісті жұмыстар жолға қойылған. Бүгінге дейін 935 нысан терможаңартудан өтіп, жүздеген шақырым жылу құбырлары жөн­де­ліпті. Төртіншіден, құрылыс саласындағы бар­лық нормалар мен ережелер қайта қа­ра­лып, 2015 жылдан бастап оның бар­лы­ғы­на энергия тиімділікті күшейткен жөн. Бесіншіден, энергия үнемдейтін көлік қатынасы болуы шарт. Осы мақсатта әуе және теміржол көліктерін жаңартып, халықты үнемшіл автомобильдерді сатып алуға ынталандыру қарастырылмақ. Сөйт­сек, жанар-жағармайды тұтыну көлемі де 30 пайызға азаяды деген болжам бар. Дәл осы тұста вице-министр бүгінгі таңда қара­пайым халықты үнемшіл машиналарға «отырғызудың» тұтастай кешенді жоспары дайындалып жатқанын да аңғартып өтті. «Әлбетте, қазір көпшілік жұрт шағын, ың­ғайлы көліктерді таңдайды ғой. Мәселен, шетелде жанар-жағармайды көп жейтін машиналар өте аз. Әсіресе Еуропада солай. Ондай автокөлік автотұрақ жағынан да ыңғайлы, экология да сақталады. Ал халықты ынталандыру мәселесіне келер бол­сақ, ол үшін мемлекетте тариф-акциз сияқ­ты қалыпты нормалар бар. Шағын маши­налар үшін салықтың мөлшері төмен болса, үлкен көліктерге салықтың «салма­ғы» жоғарылай түседі. Бұл – халықты ынта­ландырудың тек бір бағытты шарасы ғана. Бүгінде оның тұтас бір кешені әзірле­ніп жатыр», – дейді Нұрлан Сауранбаев. Де­мек, алдағы уақытта бензиннің бағасы төмен­демейді, тіпті арта түсуі де ықтимал. Ал, есе­сіне, тарифтік реттеудің осы саласы үнем­шіл көліктерді «қолдауға» соқтырмақ­шы.
Бұдан басқа, «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы аясында бюджеттік ғи­мараттар мен қала көшелерінің жары­ғын үнемдеу тәртібіне ауыстырып, халықты қуат көздерін барынша ұқыпты пайдалану­ға және ол үшін мейлінше аз қаражат төлеу­ге үйрету көзделген. Бұл шаралар бағ­дар­ламаның алтыншы-тоғызыншы ба­ғыт­тарын қамтиды. Түптеп келгенде, Ин­дустрия министрлігі өз кезегінде өндіріс, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шар­уа­шылығы, көлік қатынасы және бюджеттік ғимараттардың энергия үнемдеуін азайту шараларына негізгі басымдық беріп отырғаны аңғарылады. «Расын айтқанда, дәл осы салаларда қуат көздерін тұтынуды ба­рынша төмендетуге болады», – дейді вице-министр.
Әсет ИСЕКЕШЕВ, Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі:
– Осы уақытқа дейін біраз жұмыс атқарылды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Энергия үнемдеу - 2020» атты жаңа бағдарлама даярланып отыр. Осылайша біз жаңа белеске шығып отырмыз. Аталған бағдарламаның ерек­ше­лігі сол – ірі өндірістік нысандардан бас­тап қарапайым халыққа дейін барлығы энер­гия үнемдеу шараларымен қамтыла­ды. Сондай-ақ алдағы уақытта Дүниежүзі банкімен арнайы гранттық келесімге қол қою жоспарланып отыр. Оның арқасында 2014-2016 жылдары елімізде 20 мектеп пен бес аурухананы жаңартып, көшені жарықпен қамтамасыз ету бойынша бір жобаны іске асыру жоспарланған.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, өңірлік даму вице-министрі:
– 2010-2012 жылдар аралығында бюд­жеттен 980 млн теңге бөлініп, 690 тұр­ғын үйге, 145 әлеуметтік нысанға, 1 қазан­дық­қа энергия аудиті жүргізілді. Қала хал­қы­ның 20 пайызы энергия үнемдеу сая­­­са­тын насихаттаумен қамтылды. Ағым­дағы жылы көрсетілген мақсаттарға 360 млн теңге, оның ішінде 210 млн теңге 270 тұр­ғын үй бойынша энергия аудитін жүр­гізу­ге, сондай-ақ 150 млн теңге энергия үнем­деу саясатын насихаттауға бағыттала­д­ы.

Ал өңірлік даму вице-министрі Қайыр­бек Өскенбаев атап көрсеткендей, Мем­лекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында энерготиімділік орталықтары салынып жатыр. Олардың құрылысын ағымдағы жы­лы аяқтау жоспарланған. Мұны естіген Үкі­мет басшысы Серік Ахметов те дереу вице-министрді тоқтатып алып: «Мұндай орталықтардың құрылысы қашан аяқтала­ды деп отырсыз?» деп төтенше сауал қой­ған болатын. «Биыл құрылысын аяқтап, келер жылы ішін жабдықтаймыз, Серік Нығметұлы», – деп жауап берді Қайырбек мырза Өскенбаев. «Сіз тым ұзартып жіберген жоқсыз ба?» – деп Үкімет басшысы қайта тәптіштеп сұрау салған еді. Бірақ вице-министр бүлк етпей: «Бәрі кесте бойынша» дегенді алға тартты. «Қайдағы кесте?!» – деді Премьер-министр Серік Ахмет­ов мырс етіп күліп: «Сіздер оны (орталық­тарды. – Авт.) ағымдағы жылдың бірінші жарты­жылдығында пайдалануға берулері­ңіз керек еді. Сіз сонда қайдағы кестені айтып тұрсыз!» дей келе, мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Тоқтала кететін жайт – индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұр­лан Сауранбаевтың энергия үнемдеу мәсе­лесін үнемі қадағалап, сол бойынша тоқсан сайын Үкіметте есеп беру ұсынысын Пре­мьер толық қолдады. «Бұл – аса маңызды мәселе. Бағдарламаның орындалуына жү­йелі түрдегі бақылау қажет. Ол арнайы жол картасы аясында іске асатын болды. Сон­дықтан мен оны тоқсан сайын қадағалап, барлық деңгейде есеп беру ұсынысын қол­даймын. Осыны ойластырып алған жөн. Тоқсан сайын біз Үкіметте барлық есептерді тың­дайтын боламыз. Ірі өндірістік нысан­дар да одан тыс қалмайды», – деді Серік Нығметұлы. Сондай-ақ Үкімет басшысы энер­гия үнемдеу бастамаларын ынталан­дыру бойынша тиісті ұсыныстарды енгізуді тапсырды. «Барлық орталық, жергілікті атқарушы органдарға энергия үнемдеуді насихаттау бойынша жұмыстарды күшейту, адамдарымызға энергия үнемдеудің пайдасын нақты көрсете отырып, оларды оқыту қажет деп есептеймін», – деді С.Ахметов.
Сөйтіп, аз-кем талқылаудан соң Ми­нистр­лер Кабинеті кешегі отырыста «Энер­гия үнемдеу – 2020» бағдарламасын бір­ауыз­дан қабылдады. Бағдарлама аясында қа­рас­тырылған барлық шараларға бюд­жет­тен 1 трлн 182 млрд теңге жұмсалатыны қа­ра­лыпты. Оның ішінде республикалық бюд­жеттен 145 млрд теңге бөлінсе, жергі­лікті бюджеттерден 9,8 млрд теңге қарал­мақ­шы. Қалған 1 трлн 177 млрд теңге бюд­жеттен тыс қаржы көздерінің еншісіне ауа­тын тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста