Жан жарасына айналған Ауғанстан

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Биылғы жылдың ақпан айында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толады. Осы орайда ҚР Мемлекеттік музейінде "Жан жарасына айналған Ауғанстан" атты көрме ашылды.Көрменің ресми ашылуына М.Қалматаев, Владимир Усталов, Сергей Пашевич секілді Ауғанстан соғыс ардагерлері, генерал-майор Р.Қайдаров, генерал-майор С.Тауланов Ауғанстандағы соғыстың және шағын шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Мұхатрұлы қатысты.  «Алаш айнасы»
"Бізге соғысқа барасың! деген бұйрық берілді. Қарсы келместен Ауғанстанға аттандық. Соғыстың азабы мен тозағын көрсек те, кім үшін, не үшін соғысамыз, соғыс кімге қандай пайда әкеледі дегенді ойлауға да мұршамыз болмады" дейді ардагерлер.
Иә, Ауғанстан Кеңес одағына ешбір абырой, даңқ әпермеді. Тек біздің боздақтарымыз секілді қаншама жауынгер құрбан болды, олардың туыстары мен жақындарына қаншама қасірет әкелді бұл соғыс. Тіпті 1989 жылы 15 ақпанда кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін де тұтқынға түскен жауынгерлердің тағдыры не болғаны белгісіз.
Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге келген ардагерлердің әңгімесі, тарихи деректер кез келген мемлекет үшін осы қантөгісті соғыстың игілік әпермейтінін алға тартады.
Экспозицияға Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және от кешкен соғыста аман қалған қазақстандық жауынгерлердің деректі материалдары, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері, хаттары куәліктері қойылған.


Сергей Пашевич, Ауған соғысының ардагері: –  Ауған соғысын исламды жамылғы еткен шетелдік жансыздар ушықтырды. Біздің де шенеуніктердің арасында шетелдің жансыздары бар екені өтірік емес. Кеңес әскері Ауғанстанға Отанының бұйрығы мен барды, бұйрығымен кетті. Бұл соғыста жеңуіміз керек деген тапсырма болған жоқ. Соғысқа саясаткерлер араласса, әскерилердің қолын байласа, ешқандай жеңістің де, жеңілістің де болуы мүмкін емес. Бірінші Дүниежүзілік соғыс Ресейдегі революцияға әкелгені секілді Ауғанстандағы соғыс та Кеңес одағының құлауына өзінше әсер етті. Соғыс шығынын ешқандай мемлекет көтере алмайды. Сол кезде Ауғанстандағы әскерге жіберілген қару-жарақты айтпағанда азық-түлік бүкіл Ауғанстанды қамтамасыз еткенін көзіміз көрді.
Бүгінде Ауған соғысының ардагерлерінің жағдайы жылдан жылға күрделеніп барады. Оларға жеңілдік тек заң жүзінде ғана қалып отыр.Айталық, бұрын Ауған соғысының мүгедегі табысынан салық төлеуден босатылатын. Ал мүгедекте қандай табыс болуы мүмкін. Қазір тіпті мүлде салықтан босатылмайды.  Сондай-ақ мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы оқулықтарға Ауған соғысы жайлы ешқандай дерек енбеген. Яғни, қазіргі ұрпақ Ауған соғысынан хабарсыз. 

Дерек
КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша, Ауғанстанда КСРО бойынша 620 мыңға жуық адам соғысқа қатысса, оның 22 мыңы қазақстандық жауынгерлер. Қақтығыстар кезінде барлығы 15526 адам қаза ьболса, соның 924-і қазақстандықтар болған. Соғыс кезінде 333 адам із-түссіз жоғалған, олардың 21-і қазақстандық. Ауғанстандағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ішінде 86 жауынгер батырлығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста