Жалпыұлттық аза тұту күні: БАҚ беттерінде неге тыйым салынады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық аза тұту күніне орай БАҚ қызметінің регламенті және олардың сайттарын, сондай-ақ мемелкеттік органдардың интернет-ресурстарын ресімдеу тәртібі бойынша нұсқаулық ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аза тұту мерзімі ішінде барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы туларды тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсіру қажет. Бүкіл ел бойынша мәдени-көпшілік іс-шаралар тоқтатылады.

 

Ұлттық аза тұту күні, ең алдымен, БАҚ қызметіне және олардың интернет-ресурстарын ресімдеуге байланысты бірқатар шараларды сақтауды қамтамасыз ету ұсынылады:

 

1.     Жалпыұлттық аза тұту күні БАҚ және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (оның ішінде логотиптерді) ресімдеу кезінде ұсынылады:

 

* Сайт беттерінің жоғарғы бөлігінінің бүкіл еніне мынадай мазмұндағы жазумен баннер орналастыру: «2023 жылғы 12 маусым- Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні».

 

Баннердің түсі-қара, мәтіннің түсі-ақ. Мәтін тілі пайдаланушының ресурсты дәл қазір қолданатын тіл нұсқасына байланысты болады. Баннер басуға қолайлы болуы керек. Оны басу кезінде аза тұтылған оқиғаға арналған түсіндірме мақалаға көшуді жүзеге асыру ұсынылады. Сонымен қатар, баннер беттің жоғарғы бөлігіне байланыстырылуы тиіс (бетті қарау кезінде айналмауы тиіс). Ресімдеудің үлгісі Қосымшада берілген.

 

* Сайттың түсін қара-ақ түсті гаммаға өзгерту. Сонымен қатар, фотосуреттердің бастапқы түстерін сақтап, тек сайттарды безендіру элементтерін ғана қара-ақ етіп жасау қажет.

 

* Телеарналар логотиптерінің түс гаммасын қара-ақ түске өзгерту.

 

2.     Ұлттық аза тұту күні бойы БАҚ-тың және мемлекеттік органдардың сайттарының барлық беттерінен кез-келген жарнамалық баннерлерді, ойын-сауық және интерактивті элементтерді алып тастау ұсынылады.

 

3.     Сайттардың дыбыстық сүйемелдеуі болған жағдайда, өшіру ұсынылады.

 

4.     Жалпыұлттық Аза тұту күніне қатысты барлық материалдарға пікір қалдыру функциясын барлық сайттарда өшіру ұсынылады. Бұл шара жағымсыз көп пікірлерді, соның ішінде аза тұту жарияланған адамдар туралы пікірлерді болдырмау мақсатында жүргізіледі. Балама нұсқа ретінде Ұлттық аза тұтуды жариялау себептеріне байланысты жарияланымдарға пікірлерді модерациялау саясатын қатаңдату мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

 

5.     Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты оқиғаларға арналған материалдар басты беттің жоғарғы бөлігіне байланыстырылуы тиіс.

 

6.     Барлық БАҚ-қа (Баспа БАҚ, интернет-ресурстар, теле - және радиоарналар) қаралы күні ойын-сауық материалдарын орналастырудан бас тарту ұсынылады. Радиоарналарда негізінен тыныш, отандық музыкалық туындыларды трансляциялау ұсынылады.

 

7.     "Жарнама туралы" Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес жарнама орналастырудың хабар тарату торынан барлық жарнамалар, әлеуметтік жарнамалар алынып тасталсын. Сондай-ақ, жарнамалық материалдарды баспа басылымдарында орналастырмау ұсынылады.

 

8.     Басылымдардың бірінші беттерінде қара-ақ гамманы қолдану, жарқын түстерден аулақ болу ұсынылады.

 

9.Телерадиохабарларын тарату және интернет телевизиясы операторларына жалпыұлттық аза тұту кезеңінде ойын-сауық  және жарнама мазмұнындағы шетелдік теле-,радиоарналарды трансляциялаудан және ретрансляциялаудан бас тарту ұсынылады.

 

10. Барлық БАҚ-тарда мәйіттердің, қан мен т. б. бейнелерді қоса алғанда, арандатушы фотосуреттерді жариялаудан аулақ болу ұсынылады.

 

Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының телерадиохабарларын тарату операторларының, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың бірінші басшыларын осы ұсыныстарды басшылыққа алуды және Жалпыұлттық аза тұту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы шектеулерді сақтауға шақырады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста