Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышы наурызек пен наурызгүл болса

Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышы наурызек пен наурызгүл болса

Биыл күн мен түннің теңелуі наурыздың 20-сы, яғни бүгінгі 23 сағат 32 минут 13 секундқа сәйкес келіп отыр. Бұл – Наурыз жаңа жылының басталғандығын күллі әлемге паш ететін жұлдызды сәт. Ендеше, бүгінгі Ұлыстың ұлы күні оң болғай!..

Биылғы Наурыз ерекше. Бұл мейрам таяуда ғана БҰҰ тарапынан мойындалып, халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Алда ЮНЕСКО орталығы Парижде Халықаралық Наурыз мерекесі ресми аталып өтпек. Бірақ осынау ұлы мерекенің мәнін ашатын нақыш (эмблема) әзірге белгіленген жоқ. Ұсыныстың бірі – мынадай. 

Ел ішінде наурызек, наурызкөк, немесе көкқұс аталатын жұдырықтай ғана жыл құсы өкпек есіп, қар ери бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келеді. Наурызекті кей жерлерде жылқышы құс деп те атайды. Құсты бірінші көрген жан жақсылыққа балап, оған жем шашады. Біздіңше, осы құстың бейнесі халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын бейнелеуге сұранып-ақ тұр. Сонымен қатар наурызшешек, наурызгүл аталатын алғаш көктейтін өсімдік те Наурыздың нақышын жеткізіп бере алады.

Осы ретте, су, топырақ, наурызгүл (топырақтағы тіршілік иесі) және наурызектің (көктегі тіршілік иесі) элементтерін араластырып, Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын нақтылауға болады.

Осыған орай, «Алаш айнасы» газеті Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышына қатысты   оқырмандардан өзге де ұсыныс-жобаларды қабылдайтындығынан құлағдар етеді. Ұсыныстар бүгіннен бастап, бір айға дейін, яғни сәуірдің 20-сына дейін қабылданады. Бұл, бір жағы, біздің де ата-бабамызға ұқсап, Наурызды ай бойы тойлайтындығымызды көрсетсін. Ақ жол, ақ мол болсын!

Мархабат БАЙҒҰТОВ, жазушы:
– Наурызек – жеп-жеңіл ұшқалақтап тұрған кішкентай құс. Құйрығы ұзын, түсі көк, ала араласып келеді, наурызек келген соң күннің қатуы сына бастайды, өте бір суық, боранды күндер болмайды. Наурызекті алғаш көргенде: «Наурызек, қайтып келдің бе, анаңның көзі жазылды ма?» деп сұрайды екен. «Оның анасы – Жер-Ана» дейді аңызда. Өз ішінен бес-алты «руға» бөлінетін наурызектің әлемде 60-қа жуық түрі кездеседі. Наурызек ұясын көбінесе шөп арасына салады. Жұмыртқа ашар кезде еркегі ұясы мен жұбын қатты қорғауға алады, өзі шамалас құстардың біреуін де жолатпайды.

Сәкен ЫСҚАҚОВ, коллекционер:
– Латынша primula деп аталатын наруызгүлдің ұзындығы 15-35 см шамасында болып келеді. 15-30 см шеңберде шоғырланып өседі. Наурызгүл қар ери салысымен бүр жарады. Толықтай гүлдейтін кезі сәуір-мамыр айларына тура келеді. Оны үйде де өсіруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста