Халық ақыны Әсімхан Қосбасаровтың атына көше берілді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Алматы облысының, Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылындағы көшелердің біріне Қазақстанның Халық ақыны  Әсімхан Қосбасаровтың аты берілді. Кеше «батырлар мен ақындар елінде» өткен көшенің салтанатты ашылу рәсіміне оның ұрпақтары, ауыл тұрғындарымен қатар, Алматыдан елімізге белгілі бір топ мәдениет қайраткерлері де қатысты.

Ә.Қосбасаров 1914 жылы 3 қарашада Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылында дүниеге келген. Ол ес білген кезінен бастап өлең-жырға құмарлығын, бейімділігін таныта бастайды. Бағына қарай, әкесі Қосбасар да баласының болашағын ойластырып, сауатын ашуына жағдай жасайды. Оның шәкірті Әуелбек Ысқақовтың айтуынша, Ә.Қосбасаров 13-14 жасында алыстан тұрып жыр алыбы Жамбылды көреді. Осыдан кейін оның ақындық шабыты оянып, қолына домбыра алады. Ол өсе келе ақындарды, батырларды ғана жырлап қоймайды, қарапайым халықты да өлеңге қосады. Осылайша ұлтын дәріптейді, әділдік пен шындықты ту етеді. Ә.Қосбасаров 25 жасқа келгенде, яғни 1939 жылы финн соғысына, Батыс Белоруссияны азат етуге қатысты. Бұдан кейін 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Тула қаласының түбінде ұрыс жолын бастаған ол Мәскеуді қорғауға қатысып, Серпухов–Можайск маңында болған шайқасқа белсене атсалысады. Ерен ерлігімен әлденеше рет көзге түскен майдангер «Қызыл жұлдыз», ІІІ дәрежелі Даңқ, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалімен марапатталады. Ал 1991 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен атамызға «Қазақстанның Халық ақыны» құрметті атағы беріледі.

Салтанатты рәсімнен кейін ауыл орталығында эстрада әншілерінің қатысуымен үлкен той болды. Қазақ дәстүрі бойынша ат шаптырылып, ас берілді. Қарттар Халық ақыны туралы көптеген естелік әңгімелер айтты.

Қаршыға АХМЕДИЯРОВ, ҚР Халық әртісі:
– Бұл – бүкіл ел-жұрттың тойы. Ә.Қосбасаровқа қандай атақ берсе де жарасады деп ойлаймын. Өз басым ол кісімен талай жерде бас қосқанмын, сөзін тыңдағанмын. Ол кісіні алғаш көргенде суырыпсалма ақындығына, көрегендігіне қайран қалдым. Ол кісі менің мәңгі жадымда.

Әуелбек ЫСҚАҚОВ, шәкірті:
– Мен Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі жырларының жалғасы болған Әсімхан Қосбасаровтың тікелей шәкіртімін. Әсекеңнің шығармашылық жолы біздің көз алдымызда өтті. Ә.Қосбасаровтың бір ерекшелігі, жанына Есенқұл Жақыпбеков, Нүсіп Әбдірахимов сынды ақын шәкірттерін жинап, көптеген үлгі көрсетіп кетті. Атамыз Сүйінбай, Жамбыл жырларын, өлеңдерін нақышына келтіріп, өңін өзгертпей айтатын. Кейінгі жастар атамыздың осы өнерін жалғастырса екен деймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста