WhatsApp-та құпия сөзбен қорғалған чаттар пайда болады
Осылайша хабарламаның құпиялығын қорғау қарастырылған.
Мобильді құрылғыларға арналған WhatsApp қосымшасында құпия сөзбен немесе биометриямен қорғалған жабық чаттар пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kzтілшісі қосымшаны әзірлеушілер блогына сілтеме жасап.
"Чатты жапқаннан кейін ол негізгі экраннан бөлек қалтаға жылжытылады. Оны ашу үшін құрылғының құпия сөзін енгізу немесе саусақ ізі сияқты биометриялық деректерді сканерлеу қажет. Сонымен қатар, жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны автоматты түрде жасырылады", - деп жазды әзірлеушілер.
Олардың айтуынша, бұл функция "сіз қандай да бір себептермен телефоныңызды жақын адамыңызға немесе кез келген басқа адамға бергенде және дәл осы сәтте сізге өте жеке хабарлама келетін" жағдайда пайдалы болуы мүмкін.