Ұжымдастыру халыққа аштық қамытын кигізді

Саяси қуғын-сүргін ұғымы қазақ халқы үшін ерекше мағынаға ие. Бір жарым миллионнан астам қазақты жалмаған бұл зобалаң күні бүгінге дейін бітеу жараның аузын сыздатары анық. Сол кездегі Кеңес өкіметінің солақай саясаты халықты ашындырды, ашықтырды, еңбекшілерді материалдық игілігінен жұрдай етті. Ол кезеңде өзінің «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырмақ болған Голощекин қазақтың тірлік-тұрмысына үңілмей жатып, халық шаруашылығының хал-ахуалын байыптамастан-ақ елді күштеп коллективтендіруге тырысып бақты. Мұның соңы қара халыққа қасірет шектірді...
Голощекин геноциді
1925 жылы V өлкелік партия кон­фе­рен­циясында Голошекин «қазақ ауыл­да­рын­да шынайы Кеңес өкіметінің қалып­тас­па­ғанын, қазақтарда тек байлардың үс­тем­дігі мен ру билігі бар екенін» өз баян­да­масында баса айтты. Міне, осыған бай­ла­нысты «қазақты коллективтендіру керек» деген Голощекиннің ұсыныстары сол кезде қол­дау тапты. Өзіне билік берілгеннен кейін Голощекин ұжымдастыру саясатын бас­тап та кетті... Жалпы, бұл ұжым­дас­ты­ру­дың сауатсыз, соқыр саясат екенін сол кез­дегі халықтың қалаулы азаматтары нақ­па-нақ дәлелдеді де... Мәселен, Голо­ще­кин­нің ұжымдастыру саясаты жөнінде Тұрар Рысқұлов Сталинге жазған хатында мынадай деректерді мысал еткен:
«Ұжымдастыру жылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан – 313 мың адам;1931 жылы аштықтан – 755 мың адам;1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызын жоғалт­тық. Жиыны – 1 млн 750 мың адам. 1 мил­ли­он­нан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 мил­лионы өлді. 1929 жылы Қазақ­стан­дағы 40,5 млн малдан 1933 жылы тек 4,5 млн ғана қалды», – депті Тұрар Рыс­құ­лов өз хатында...
Тағы бір дерек...
Жалпы, ұжымдастыру барысында 1928-1929 жылдары республика шаруа­шы­­лы­ғы­ның 2 пайызы ғана ұжым­дас­ты­рыл­са, 1930 жылы сәуірде шаруа­шы­лық­тар­дың – 56,4 пайызы, 1931 жылы қазан­да 69 пайызы ұжымдастырылды. Жедел әрі жо­с­­пар­сыз жүргізілген ұжымдастыру нау­қаны ауыл­шаруашылық өнімдерінің са­пасы тө­мен­деуіне, мал басының жаппай ет­ке өт­кі­зілуіне, шолақ белсенділердің ке­дей­лер­­ге зорлық-зомбылық көрсетуіне әке­ліп соқтырды. 1928-1930 жылдары Қазақ­­стан­да, әсіресе солтүстіктегі аудан­дар­да егін шықпай қалды, астық тап­шы­лығы кө­бей­ді. Ал 1929-1930 жылдардың қы­сы да қоғамдық малды қынадай қырып сал­­ды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жос­­парлар өсе түспесе, азайған жоқ. Мұ­ның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді.
Салық та қамыт болды
Бұған қоса, 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Ке­ңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай фео­дал­дарды конфискелеу және жер аудару» дек­ре­тін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал са­лық ретінде алынды. Десек те, мұндай салық салудан қара халық та қалтарыста қал­мады. Мысалы, 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80 пайызы халықтан салық ретінде алынып, етке өт­кі­зілді. Бұл ретте бір ғана Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға салық салынса, ал Балқаштың барлық малы 173 000 ғана болған. Сондай-ақ Торғайдағы 1 млн мал­дың 98 мыңы ғана қалған. Бұл жайында өзін­дік пікір білдірген, қазірде осы мәселені зерт­теп жүрген экономист-ғалым Үсен Аман­баев былай деді:
– Халыққа орынсыз салық салудың ақы­ры ірі байлардың, «жартылай фео­дал­дар­дың» ең әуелі малын, сосын еңбек құ­ралын, одан кейін олардың тұратын үй­лерін тартып алып, жер аударып жіберуге ба­ғыт алды. Науқанның қорытындысы бойынша, іс жүзінде 696 шаруашылық тәр­кіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәр­кі­лен­гендерден ірі қараға шаққанда салық ретінде 145 мыңдай мал және ауыл­ша­руа­шы­лық саймандары тартып алынды. Са­лық­тан алынған мал мен құрал-сайманға ие болған кедейлер ауылдағы орташалар то­бы қатарына көтерілуі керек еді. Де­ген­мен бұл саясат өзіндік нәтиже бермеді. Керісінше, салынған салық халыққа қамыт болып, елді ауыр тұрмысқа жетеледі.
Халық жерінен айырылды
Сол жылдары ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған ұжымдастырушы топ Мәскеу, Ленинград сияқты орталықтардан жіберілді. Ұжым­дас­тыру барысында көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құ­рылды. 10-15 күннен кейін ондағы адам­дар жан-жаққа ешкімді тыңдамай қа­шу­ға, көшуге мәжбүр болды. 1930-1931 жылдарда осындай зорлап отырық­шы­лан­дыру зо­ба­лаңына ұшыраған мал шаруа­шы­лығымен ай­налысатын 25 ауданнан 35 мың­нан ас­там шаруашылық республикадан тыс жер­лерге көшіп кетті. Жалпы, Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожа­лығы республикадан тыс жерлерге көшіп кет­ті. Мұның соңы қазақты шұрайлы же­рі­нен айыруға дейін апарып соқты. Бұл ха­қын­­да «Қазақ және Жер тағдыры» ко­мис­­сия­сы­ның төрағасы Сапабек Әсіп­ұлы:
– Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйым­дас­ты­рылған қарулы қозғалыстар өтті. Осыдан барып мемлекеттік меншік нығайып, ша­руа­лар жерден шеттетілді. Жазалау ор­ган­дарының қызметі күшейтілді. Жалпы, ұжым­дастыру кезінде халық 45 миллион де­сятина ең құнарлы жерлерінен айы­рылып қалды. Бұдан соң кейіннен Кеңес өкіметі тың игеруді желеу етіп, тағы 25 мил­лион гектар жерімізден айырды. Ең құ­нарлы деген қазақ даласын Украинадан, Бе­лоруссиядан келген тың игерушілер ием­деніп қалды. Қазір жеріміздің үштен екісі, яғни 67 пайызы – шөл және шөлейтті ай­мақтар. Мұны ғылым тілінде адамның өмір сүруіне мейлінше қолайсыз аймақтар деп атайды, – деді.

P.S.
Әрине, ол кезеңдері Голощекин өзінің бүкіл сәтсіздігін қазақ коммунистеріне аударуға тырысып бақты. Ол қазақ коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, ұлтшыл уклонистер қатарына да жатқызды. Ал, ақиқатында, қазақ арыстары қазақтың болашағын ойлады, ел іргесін күйретпеуге барын салды. Бүгінде біз ерен ерлердің сол нәубет жылдары қара басын емес, халық қамын ойлағанын мақтанышпен сезінуге, дәйім жадымызда түюге тиістіміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста