Ұлы тұлғаның энциклопедиясы шықты

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақта тұлғалық энциклопедия шыға­ру ұлы Абайдан бас­тал­­ды. Яғни 1995 жы­лы Қазақтың бас ақы­нының 150 жылдық ме­рей­тойында қазақ тари­хында тұңғыш тұл­ғалық энциклопедия­сы дүниеге келген бо­ла­тын. Енді ел Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдық мерейтойы тұсында «Атамұра» баспасынан «Мұхтар Әуезов энци­клопедиясы» шықты.
Жазушының туған жер, өскен орта­сы, айналасы, шығармашылық бай мұрасы, өмірі жай сөзбен емес, нақ­­ты деректер, құжаттар мен фото­су­реттер арқылы жан-жақты қамтылған басылымға 3000-нан аса зерттеушілер мен ғалымдар мақаласы, 500-ге жуық фотосуреттер жинақталған. Автор­лар санының өзі 200-ден асады. Алаш жұр­ты үшін аса құнды кітаптың тұсау­ке­сері Алматы­дағы ең бір қасиетті үй­лер­дің бірі, қараша­ңы­рақ – Ұлттық кі­тап­ханада өтті. Оған ұлы Мұ­қаң сал­ған соқпақпен Қайым Мұхамет­хан­ов сын­ды абайтануды бүгінге жалғаған Ме­кемтас Мырзахметұлы, Мұхаңның ұлы, мә­дениеттанушы, шығыстанушы ға­лым Мұ­рат Әуезов, сондай-ақ қа­зақ­­тың бүгінде көзі тірі зиялы қауым өкіл­дері түгелге жуық қа­тысты.
Мекемтас Мырзахмет, абайтанушы ғалым, академик:
– Қазақты әлемге танытқан Мұхтар Әуезовті тек қазақ қана емес, бүгінде еуропалықтардың өзі де ХХ ғасырдың ұлы жазушысы деп мойындап, солай ба­ғасын беріп отыр. Бізде тұлғалық эн­цик­лопедия шығару Абайдан бастал­ды. Оған дейін әлі ондай еңбек болма­ған­дықтан, шыны керек, қалай, неден бас­та­рымызды анықтау қиынға соқты. Сон­да Рымғали Нұрғалиев, мен және Мұх­тар Құл-Мұхаммед де­ген ардақты аза­мат –үшеуміз іздендік. Сол тұста орыс халқының ұлы ақыны Лермонтов­қа арналған, сәл бұрын Шев­ченко жай­лы энциклопедия шық­қан болатын. Біз соған қарап бет түзе­дік. Абайдан соң Шәкәрімге ар­нал­ған энциклопедия шық­ты, енді міне, Мұқаңа сондай үл­к­ен бір еңбек шы­ғып отыр. Айта кету ке­рек, қазақ ақын­дары арасында ең көп зерттелген Абай болса, жазушылар ішінен ол – Әуез­ов. Энциклопедия ұзақ жазылды. Се­бебі бұған мұқият ден қойылып, әлем­дік тәжірибе тұрғы­сы­нан келдік.
Әуезовтей тұлғаға арналған үлкен еңбектің тұсаукесер рәсімін басқа емес, осы аталған кітапты жарыққа шығарған «Атамұра» корпорациясының басшысы Рақымғали Құл-Мұхаммед мырзаның өзі жүргізуді мойнына алуды жөн көрсе керек. Келесі сөз кезегін берерде ол «Әуезовті Мекемтастан артық зерттеген ғалым жоқ» деген Тұрсынбек Кәкішевке берді. 
Тұрсынбек Кәкішев, филология ғылымының докторы, профессор:
–  Энциклопедия шығару – үлкен мә­­дениеттің белгісі. Осы жағынан кел­ген­де, Абайдан басталған, Шәкәрім­мен то­лықтырылған, енді, міне, Мұқаң­мен байып жатқан энциклопедия шы­ға­ру ісі өріс алып келеді. 50 жылдық та­рихы бар М.Әуезов атындағы мұра­жай-үй мен қордың және «Атамұраның» бірігіп, осындай іргелі еңбек шығаруын мен қа­зақ мәдениетінің өскендігінің нақты кө­рінісі дер едім. Негізі, қазақтай халықтың ұлылығын әлемге танытқан – Мұхтар Әуезов. Экономикамен, көреген саясатпен көркею, сол арқылы танылу бір басқа да, рухани дүние арқылы бүтін бір халықты әлемге паш ету – ол сөзбен айтып жеткізгісіз ұлы іс. «Абай жолы» арқылы Әуезов қазақ әдебиетін әлем әдебиетіне қосып кетті. Әдейі қадап айтып отырған себебім, кейбіреулер мені Әуезовке оппозиция деп түсініп қалып, еш негізсіз сол бол­жалын жұртқа жария қылып жүргендер бар екен. Солар шындықты білсін деге­нім. Бүгін Мұқаңа арналған сондай бір құнды еңбек шығып жатыр екен, таяуда 50 томдығы шықты, мұның бәрі сол Мұқаңның ұлылығының арқа­сы дер едім мен.
Мұхтар Әуезов энциклопедиясымен қа­тар, бұл жиында Тәуелсіздік көзімен жа­зылған Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихының жаңа бес том­дығы, сондай-ақ Қадірбек Сегізбай­ұлы­ның «Қазақы дастарқан» атты кітап-альбомының тұсауы кесіліп, алғашқы да­налары Ұлттық кітапханаға ресми түр­де табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста