Ұлы ғалымға туған жерінде ескерткіш орнатылды

Ұлы ғалымға туған жерінде ескерткіш орнатылды

Баянауыл топырағында дүниеге келіп, ұлт тұлғасына айналған, қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа Керекуден еңселі ескерткіш қойылды. Өзінің атындағы көшенің көрікті жеріне қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымның туған--туысқандары мен ғалымдар келіп қатысты.

Дара перзентінің туған күніне жерлестері осылай тамаша тарту жасады. Биіктігі бес метр болатын қола ескерткіштің салынуына ықпал еткен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа ғалымның ұрпақтары да, салтанатты шараға келген қонақтар да зор ризалықтарын білдірді. Ұлы ғалымның немересі Әлішер Сәтпаев осымен атасына салынған оныншы ескерткіштің ашылуына қатысып тұрғанын жеткізді. Ғалымдардың ғалымы атанған Қаныш Имантайұлының Қазақ үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қанағаң ашқан кен орындарынан алынып отырған екен.

Сондай-ақ бұл шараға ғалымның жерлестері, Теңдік ауылының тұрғындары да арнайы келіпті. Алып ескерткішке қарап, қуаныштан көздеріне жас алғандар да жетерлік.

Биыл туғанына 111 жыл болған Қаныш Имантайұлының ескерткіші салтанатты жағдайда ашылғаннан кейін, мерекелік шара Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында жалғасты. Мұнда жас ғалымдардың тырнақалды еңбектері таразыға салынып, атақты академиктер жас ғалымдарға ақ батасын берді. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қаныш Сәтпаевтың ерен еңбегін әйгілейтін экспозиция ашылды.


Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста