Ұлтымыз ұлық тұтқан ұстаздарды қорлау қашанғы жалғаспақ?!

Директордың мәжбүрлеуімен отынға барамыз деп, бір адам мерт болды, жеті адам ауруханаға жатып шықты
Шыны керек, соңғы жылдары «мектеп директорынан жәбір көрдік, қудалауға түстік, түрлі жұмыстарға жұмсайды» деген секілді шағымдардың жиілеп кеткені рас. Жақында өзіміз де осындай мысалдың куәсі болдық. Редакцияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшілер қосынына келген бір топ ұстаздар осылай дейді. Өздерін Бәйдібек ауданы Бәйдібек ауылындағы «Алмалы» жалпы орта мектебінің мұғалімдері Пернебек Тазабеков, Бақытжан Әріпбаев, Бауыржан Әріпбаев, Қынлы Байболов, Арман Пайысханов деп таныстырған азаматтар болған оқиғаны төмендегіше баяндап берді.
«Биыл өңірімізге қылышын сүйреткен қыс жылдағыдан ерте келді ғой. Кенеттен қар түсіп, күн күрт суытып кетті. Жыл сайын көмірді ұштандыруға қажетті отынды күн жылы, жер құрғақта қамдап алатынбыз. Биыл олай болмады. Қысқа қамдануды қар түскеннен кейін бастадық. Мектеп директоры Үміт Бейсенова бізді қарашаның 11-і күні тауға, отынға жұмсады. Бірақ ол күні көлігіміз бос қайтты. Өйткені түскен қардың салдарынан жер лай, өте тайғақ еді. Оның үстіне, қураған отынды кесуге рұқсат беретін орманшы да жоқ екен. Ертеңіне мектепке жұмыс киімімізбен барған едік. Себебі бірінші тоқсанның қорытындысын талқылайтын педагогикалық кеңес өтуі тиіс. Алайда бізді көрген директор ай-шайға қарамастан: «Кеше отын әкелмепсіңдер, бүгін қайта барасыңдар», – деді. Жердің лай, көліктің тауға баруы қауіпті екенін айтқан ескертпемізге, қарсылығымызға құлақ аспастан, 12 адамды қайтадан отынға жұмсады. Көлік жүргізушісінің мынадай тайғақ жолмен отынға барудың қиын екенін айтқан уәжі далада қалды. Содан амал жоқ, киімдерімізді ауыстырып, отынға шықтық. Бара жатқан жолда алдыңғы доңғалақтың біреуі жарылып, қос-қостан тұратын артқы доңғалақтың біреуін алдына салдық. Сөйтіп, қыр-қырдан, қия-қиядан амалдап отын жинадық. Қайтып келе жатқан жолда көліктің доңғалағы тайып кетіп, жолдан шығып, үш метрлік жарға құлдиладық.
Көлік аударылды. Орманшы мен бір адам көліктің кабинасында да, қалған оны­мыз отын тола көліктің үстінде едік. Бір жі­гіт сол жерде көз жұмды. Қалғандарымыз түр­лі дене жарақаттарын алдық. Біреуінің қо­лы, біреуінің бұғанасы, қабырғасы сын­ды, біреуінің жамбасы екіге бөлінді. Бас-ая­ғы жеті адам ауруханаға жатып шық­тық».
Осылай деп шағым айтқан ұстаздар бұл оқиғаны жазымға жатқызғысы кел­ге­ні­мен, директордың оларды біресе «пед­со­веттен» қашып кетті, біресе «кеңеске қа­тысты» деп хаттама толтырғанына, бар кі­нәні өздеріне аударумен әлек болып жүр­геніне қайран екендіктерін жасырмады. «Ер мұғалімдердің барлығына жуығы, яғ­ни 12-сі отынға кеткенде ұстаздар ұжы­мы­ның 30 пайызын құрайтын біздің қаты­суы­мыз­сыз педагогикалық кеңесті қалай өт­кіз­ген? Бізді мәжбүрлеп қауіпті іске жұм­са­ға­ны аздай, енді сол кінәсі үшін бар­лы­ғы­мыз­дан кешірім сұраудың орнына балағат сөз­дер айтып, қорқытуға көшті. Қолы сын­ған арамыздағы бір жігітке: «Бір қолың сын­ды ма, енді арызға қол қойсаң, екінші қо­лың сынады», – деп доқ көрсеткеніне күлесіз бе, жылайсыз ба? Осы әрекеттері үшін директор ханым кешірім сұрауы тиіс. Тіпті мұндай дөрекі директордың біздің ұжымды әрі қарай басқаруына қарсымыз», – дейді арызданушылар.
Бұл оқиғаның анық-қанығын анықтау ісімен аудандық ішкі істер бөлімі де айна­лысып жатыр екен. Оқиға орын алды ма, арыз­данушылардың уәжі қаншалықты шын­дыққа жанасады деген оймен тергеуші Ер­болат Каменовке телефон шалдық.
– Оқиғаның болғаны рас, бірақ ди­рек­тор отынға бірінші күні жібергенмін, ал екінші күні жіберген жоқпын деп отыр. Өйткені ол күні мұғалімдердің жиналысы бо­луы керек екен. Отынға өздігінен кет­кен­дер бұл жиынға да қатыспады деп отыр. Екі жақтың келісімі негізінде осы оқиға бо­йын­ша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Ау­дан­дық білім бөлімінің басшысы атына ди­ректордың үстінен ұсыныс жіберілді. Ен­ді­гі шешім – солардың құзырында, – дейді тергеуші.
Мына хабарды естігеннен кейін: «Мек­теп – ашу-араздықтың емес, тәрбиенің оша­ғы ғой, татуласқандары дұрыс болыпты», – деп қуанғанымыз рас. Алайда арыз иелеріне қайта хабарласқанымызда бұл ха­бардың шындыққа жанаспайтынын біл­дік. «Арамызда ешқандай да келісім бол­ған жоқ, татуласты дегені – жалған ақпар. Ке­рек болса, тергеуші жолдас кей­бі­реу­ле­рі­мізден түсінік те алған жоқ», – дейді ашы­нып.
Серік ӘУЕСХАНОВ, Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:
– Негізі, жергілікті жердегі мек­теп­тер­ге, олардың директорларына қатыс­ты мәселе сол аудандық, қалалық білім бө­лімдерінде шешілуі тиіс. Өйткені білім бөлімінің басшысын тағайын­дай­тын – сол аудан немесе қаланың әкімі. Ме­нің бұл қызметке тағайындалғаныма екі аптадан енді ғана асты. Шынымды айт­сам, мұндай мәліметтен бейха­бар­мын.

Мұқадес НАҚЫПБЕКОВ, Бәйдібек аудандық білім бөлімінің бастығы:
– Бұл оқиға бойынша аудандық про­куратура, еңбек инспекциясы тара­пы­нан тексерулер жүргізіліп жатыр. Әзір­ге нақты шешім болған жоқ. Кімнің кі­нәлі екенін осы тексерулер анықтап бе­реді.  Соңын күтіп көрелік. 

Біз арызданушылар мен тиісті лауазым ие­лерінің пікірін бердік. «Менің де ай­та­рым бар еді» деуші азаматтар болса, уәжін тың­дауға әзірміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста