Ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсарту үшін кәсіподақ жұмысын жандандыру керек

Ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсарту  үшін кәсіподақ жұмысын жандандыру керек

«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кəсіподағының құрылғанына биыл 100 жыл толады.  Қазақстандық еңбек конфедерациясының құрамындағы 12 салалық кәсіподақтың бірі болып табылатын бұл ұйымның тарихы 1923 жылдан басталады. Өкінішке қарай, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік орны бар бұл азаматтық қоғам институтының әлеуеті тәуелсіздік жылдары тиімді пайдаланылмай келе жатыр.

Оны 2022 жылдың 10 қаңтарындағы конфедерацияның Мемлекет басшысының  атына жолдаған өтінішінің әлі күнге дейін жауапсыз қалуынан да  байқауға болады. Онда конфедерацияның 1 миллион мүшесінің атынан Үкіметтің жаңа құрамына:  ең төменгі жалақыны белгілеу туралы ХЕҰ № 131 Конвенциясын ратификациялау; жарғылық қызметін орындамаған əлеуметтік əріптестік жəне əлеуметтікеңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияны реформалау; қажеттілігі барынша өзекті болып тұрған əлеуметтік əріптестік туралы заңды əзірлеу; Қазақстандағы еңбекақы төлеу жүйесін біріздендіру; Қазақстан кəсіпорындарында лайықты еңбек жағдайларының болмау себептерін, сондай-ақ көпұлтты кəсіпорындардың халықаралық еңбек жағдайларының стандарттарына сəйкес келмеу себептерін кешенді зерделеу үшін кəсіподақ өкілдерінің ойын ескере отырып мемлекеттік комиссия құру туралы ұсыныстарынмұқият зерделеуді жəне оны əлеуметтік əріптестермен бірлесіп талқылауға тапсырма берутуралы өтініш айтылған еді. Президент Әкімшілігі бұған байланысты тиісті шешім қабылдауды министрлікке тапсырғанымен, олар әлі күнге дейін өтінішке қатысты ресми түрде жауап бере алмауда.

Конфедерация бас хатшысының орынбасары және «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кəсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібайдың айтуынша, бұл азаматтық қоғам институтының дамуына және қоғамдағы өз орнын табуына билік органдары аса мүдделі болып отырған жоқ. Олардың кейбірі өз өкілеттігін асыра пайдаланып, кәсіподақтың ерікті негізде құрылып, тәуелсіз ұйымға айналуына белгілі бір деңгейде кедергі жасауда. Халықаралық еңбек ұйымы осымен бесінші жыл біздің мемлекетті «қысқа тізімге» кіргізіп келеді. Оның басты себебі – елімізде бірлесу бостандығына құқықтың орындалмауы!

Мәселен, Мемлекет басшысы былтырғы қыркүйектегі жолдауында: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн» деген еді. Алайда жағдай әлі сол күйінде. Мәселенің бәрін қаржыландыру жүйесіне  тіреуге болмайды.

 – Ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсарту үшін мемлекет алдымен дәрігерге жағдай жасау керек. Өз дәрігерін қолдап, оның алаңсыз қызмет етуіне жағдай тудыра алмаған ел өсіп, өркендемейді, ал басына күн туған кезде өзге мемлекеттердің мамандарына  алақан жаюға мәжбүр болып қалатынын ковид індеті дәлелдеп берді. Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қорғаныс саласы қаншалықты маңызды болса,  медицина саласының да орны одан кем емес екенін түсінетін уақыт болды. Өзіңіз білесіз ҚР Президенті Қ.Тоқаев та VIII сайланған Мәжілістің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде: «медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға көп көңіл бөлу қажет. Олардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауға тиіс. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентте 1 жылға жуық талқыланды. Бұл құжатта, негізінен, дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру ғана көзделген. Осы ретте медицина қызметкерлерінің беделін артыруға қатысты депутаттар мен мамандардың нақты ұсыныстары ескерілмеген. Медицина қызметкерлері заң арқылы қорғалуға тиіс. Парламент осы мәселені ерекше назарға алғаны жөн» деген еді. Алайда Қылмыстық кодекстің 317-бабындағы қылмыстық қудалауды әкімшілік жауапкершіліккеауыстырутуралыПрезидент тапсырмасына біздің құқыққорғауоргандары әлі күнге дейін қарсы болып отыр» , – дейді Бақытжан Арынұлы.

«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кəсіподағы төрағасының айтуынша, ешбір дәрігер науқасты емдеген кезде ешқашан оған қасақана зиян келтірем деп ойламайды. Қайта қателессем сотталуым мүмкін деген қорқыныштан өз жұмысын атқару кезінде қателікке бой алдыруы мүмкін. Бұл негізінен  медициналық мекеменің инфрақұрылымындағы олқылық пен ондағы құрал-жабдықтың жеткіліксіздігінен болатын жағдай.  Білуімше, соңғы 5 жылда ғана 5 мың медицина қызметкері түрлі себептерден, соның ішінде негізсіз жауапты болудан қорыққандықтан бұл саладан мүлде кетіп отыр. Егер бұл жағдай жалғаса беретін болса қаншама мол  қаражат жұмсағанмен маман тапшылығы алдағы уақытта да жойылмайды. Елді бұл тығырықтан шығаратын жолдың бірі – тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарының жұмысына кедергі келтірмеу. Әрбір қызметкер өз құқының қорғалатынына сенімді болғанда ғана өзі қызмет ететін саланың дамуына ықпал ете алады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста