Үкіметтік емес ұйымдар Оралда бас қосты

Толыққанды азаматтық қоғам өз болашағын үкіметтік емес ұйымдарсыз (ҮЕҰ) көзге елестете алмайды. Осы мәселе жақында Орал қаласында өткен Батыс Қазақстан облысы ҮЕҰ-ның Конгресінде жан-жақты талқыға түсті.
«Қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы барысында ҮЕҰ-ның рөлі» тақырыбымен өткен алқалы жиын алдында жергілікті билік, бизнес, ҮЕҰ-дар өкілдері дөңгелек үстел­де бас қосты. Басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орын­ба­сары Айгүл Есекенова, БҚО Үкіметтік емес қоғамдық ғылыми бірлестігінің төр­айымы Захот Мұхлисова, «Арту» ҚБ-нің төрағасы Бауыржан Тұманов, Қазақстан халқы Ассамблеясы БҚО хатшылығының басшысы Ғайса Қапақов, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Ақ­қали Әубекеров, БҚМУ оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев және басқалар сөз сөйледі.
Айгүл ЕСЕКЕНОВА, БҚО ішкі саясат бас­қар­масы бастығының орынбасары:
– Бүгінгі шарамыз бір жағынан алда ке­ле жатқан 1 жел­тоқ­сан – Тұңғыш Пре­зидент күніне арналды. Ал жалпы облыстағы ҮЕҰ-дардың тарихы өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталады. Бүгінгі таңда Жайық өңірінде 400-дей ҮЕҰ тіркелген. 2005 жылы «Мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс туралы» Заң шық­қан­нан кейін бұл ұйым­дар­дың құқық­та­ры бекітіліп, ірі жобаларға қатыса бас­тады. Атап айтқанда, тек 2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсы­рыс­қа республикалық бюджеттен 22 млн 795 мың теңге, ал облыстық, аудан­дық бюджеттерден 117 млн тең­ге қаржы қаралып, оны жергілікті ҮЕҰ-дар өз жоба-жос­пар­ларына сай ала алды. Нақты айтсам, облыста жүзден аса ҮЕҰ 121 жобаны жүзеге асырды.

Одан кейін сөз алған «Арту» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Тұманов елдегі демократиялық үрдістердің дамуы ҮЕҰ-дармен тығыз байланысты екендігін атап өтті. «Халық пен биліктің үйлесімді іс-әре­кеті ғана азаматтық қоғамға әкеледі. Мәсе­лен, партия – идеологияның қайнар көзі болса, мемлекеттік органдар оны орын­дауға дем беретін жүйке талшықтары секілді. Бизнес – жұмысты атқаратын бұл­шық ет, ал ҮЕҰ – бұл барлығының жұмысын ырғақты қылып тұратын жүрекпен бірдей» – деді Бауыржан Қанатбайұлы. Дөңгелек үстел басындағы әңгіме өзге де баян­да­ма­шы­лардың ұсыныс-пікірлерімен жалғасты.
Шағын құрамдағы басқосу әрі қарай кең көлемдегі Конгреске ұласты. Конгресс жұмысын облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов кіріспе сөзбен ашты.
– Бұл облыс өміріндегі аса маңызды ша­ралардың бірі. Еліміздің стратегиялық мақсаты да – құқықтық, азаматтық қоғам орнату. Бұл жерде тек мемлекеттік орган­дардың жұмысы жеткіліксіз. Қоғамдық ұйымдар да атсалысулары керек. Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҮЕҰ-дарды қолдайды. Жалпы айтқанда, біздің бүгінгі қол жеткен жетістіктеріміздің бар­лығы бірлескен іс-әрекеттің жемісі – деді Ербол Ғұмарұлы.
Батыс Қазақстан облыстық «Азаматтық Альянсы» қауым­дас­тығы заңды тұлғалар бір­лестігінің президенті Айгүл Түрки­на­ның айтуынша, биылғы облыс көлеміндегі ҮЕҰ-дардың бар­лық шаралары республикалық «Болашақ бүгіннен баста­лады» акция­сы­ның аясында өткен. Республиканың 500-ден астам ҮЕҰ-ын біріктіретін Азаматтық Альянс, сондай-ақ нақты қозғаушы күш жә­не азаматтық қоғамның авангарды бола алады.
Олқы тұстар да жоқ емес. Қазақстандық ҮЕҰ секторының бір проблемасы – бұл халық­қа қажетті ақпаратты жеткізе алатын БАҚ-пен нашар жұмыс істеуінде. Әлеу­меттік сұраулар деректеріне сәйкес үкі­мет­тік емес ұйымдарға сенім білдіру рейтингі олардың қызметі туралы білетін адам­дар­дың ішінде шамамен 40 пайызын ғана құрайды, ол, әрине, идеалды өлшемдерден өте алыс. Халық кей-кейде болмаса, көбі­не­се миссиясы мұқтаж адамдарға және халық­қа көмектесуге бағыт­талған үкіметтік емес ұйымдар туралы білмейді. Осы ба­ғыт­тағы жұмыстарды жандандыру қажет-ақ.
Ғайса ҚАПАҚОВ, Қазақстан халқы Ассам­блеясы БҚО хатшылығының басшысы:
– Елбасымыз өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында біз жасайтын жұмыстарды нақты көрсетіп берді. Сондықтан сөзден іске көшу керек. Енді біз осы жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай жұмыс атқара алады деген сауал төңірегінде ойла­нуға тиіспіз. Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақ­стан­да еңбек дауларының алдын алу мен реттеудің пәрменді тетігі жоқ. Осыны ескерген біз қоғамдық келісім кеңестерін құруды ұсынып отыр­мыз. Оның құрамына кәсіп­орын­дар­дағы барлық қоғамдық ұйымдар кіре алады.

Екінші нақты қадам – біздегі бар этномәдени бірлес­тік­тер­дің тәжірибесін жүйелеп, тарату. Мұндай тәжірибе 20 жылдан бері еврей қоғамдық бірлестігінде бар. Яғни, оларда ХЭСЭД деп аталатын «әлеу­меттік бөлім» жұмыс жасайды. Мұнда: «Үйдегі жәрдем», «Дүкен», «Дәрі-дәрмек», «СОС», «Қысқы көмек», «Мо­кед», психолог көмегі, дербес көмек секіл­ді әлеу­меттік бағдарламалар бар.
Конгресте «ҮЕҰ институтының потен­циа­лы және шешім қабылдау деңгейінің көтерілуіне әсер ету», «Қоғамның әлеу­меттік жаңғыртылуы мәселелері бойынша ұлттық – мәдени орталықтармен қарым-қаты­насы туралы», «Ядросыз әлемнің дамуындағы дипломатиялық және саяси еркіндік», «Бөрлі ауданы бойынша мем­лекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым­дардың өзара қарым-қатынасы туралы» мәселелер қаралды. Конгресс соңында ар­найы қарар қабылданды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста