ҮЙЛЕНУДIҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

ҮЙЛЕНУДIҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

«Сүйген қызымды алып қашып кеттi», – деп досым жылап жүр. Оны да түсiнуге болады. Төрт жыл қол ұстасқан ғашығынан әп-сәтте айырылу оңай емес. Артынан келген қуғыншыларға: «Алып кетiңiздершi, танымайтын бiреудiң үйiнде қалмаймын», – деп көз жасын төккен екен, бiрақ әке-шешесi: «Қызым, тағдырдың жазғаны осы шығар. Сенi алып кетсек, елге қай бетiмiзбен қараймыз?! Қала ғой. Қайта келген қыз жаман», – дегендi айтып, жат үйде қалуға мәжбүр етiптi. Мiне, сөйтiп әке-шешесiнiң сөзiнен аса алмаған қыз өзге бiреудiң жары болып кете барды. Ал досым күйiктен арыла алмай әлi күнге iшiп жүр...

ӘЙЕЛДЕРIҢIЗГЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Жалпы, соңғы кезде қыз алып қашу оқиғалары шектен тыс көбейiп кеттi. Бұған жiгiттер «сүйген қызын көндiре алмай, амалсыздан барған қадам» деп ақталса, қыздар бiздiң бұл қылығымызды әлсiздiк деп бағалауда. Дегенмен екеуара келiсiммен алып қашқан жағдайлар да аз емес. «Жүре берсең, көре бересiң» дегендей, жақында Жамбыл облысының шалғай аймағында адам күлерлiк мынадай жайға куә болдым. Шаруаның қызын көршi ауылдың жiгiтi алып қашып, ертесi күнi дүркiреп беташары өткен екен. Алайда арада үш күн өткенде әлгi келiннiң ұялы телефонына өзге ауылда тұратын бұрынғы жiгiтi қоңырау шалып, бес минутқа сыртқа шығуын сұрайды. Алғашында қарсы болғанымен, экс-ғашығының көңiлiн қимаған қыз есiктен шыға бергенде, үш-төрт жiгiт жабылып көлiкке салып алып қашыпты. Бiр қызығы, қыз екiншi алып қашқан жiгiттiң үйiнде қалады да, ал әлгi шаруаға екi жерден де өлтiрi жiберiлiптi. Мiне, байқайсыздар ма, қазiргi кезде бiреудiң әйелiн алып қашатындар да кездесуде.
АЛЫП ҚАЛУҒА ДА БОЛАДЫ...
Айта кетейiк, бүгiнгiнiң айлакерлерi қыз алып қашудың жаңа түрлерiн де ойлап таба бастаған сияқты. Оның бiрi және ең көп қолданыста жүргенi – алып қалу. Редакциямызға Оңтүстiк Қазақстан облысынан хат жiберген Назерке Бектасова есiмдi оқырманымыз хатында осындай оқиғаны бастан кешiргенiн баян етедi. «Курстасым әрi досым болып келген Қайрат осында оқығанымен, әке-шешесi Тараз қаласында тұратын», – деп басталады Назеркенiң хаты. «Бiр күнi туған қаласына кетiп бара жатқан ол дос қызым екеумiздi де қонаққа шақырды. Ойымызда ештеңе жоқ, келiсе салдық. Таразда оның үйiнде екi күн қондық. Әке-шешесi жақсы кiсiлер екен, алдымызға барын тосып бәйек болды. Үшiншi күнi кешкiсiн қайтатын болып, «киелi қаланы соңғы рет аралап қайтайық» деп шығып кетiп, қайта келсек, Қайраттың ауласында у-шу, мейрам болып жатыр. Мәселенiң мәнiсiн түсiнбей, есiктен кiрiп келген менi екi әйел қолтығымнан сүйемелдей жөнелдi. Бiреулерi «оң аяқпен атта!» деп қояды. Сонда ғана не болғанын ұғып, «қалмаймын да, қалмаймын»-ға бастым. Бiрақ оған көнетiн ешкiм жоқ. Алдымызға ақ төгiп, үлкен апалар: «Қызым, кезiнде бiздi де сен секiлдi алып қашқан. Ештеңе етпейдi, әлi-ақ бақытты болып кетесiңдер. Қайратжан жаман жiгiт емес», – деп табалдырыққа жатып алды. Қайрат та алдымда жалынып елпiлдеп жүр. Әке-шешесiнiң көздерi мөлдiреп, бiресе маған, бiресе дос қызыма қарап амалдары құрыды. Тiптi үйiндегi кiп-кiшкентай қызын алдымызға әкелiп, «жеңеше, кетпеңiзшi» дегiзiп қойды. Бiрақ ешкiмге жiбiмеген мен басыма орамал салғызбай, ақыры дегенiме жеттiм», – деп жазған Назерке Қайраттың сол күнi-ақ басқа қызға үйленiп кеткенiн де жеткiзедi.
Расында да, бiр қыздан жолы болмаған кейбiр жiгiттерге сол күнi-ақ екiншiсiн алып келе салу қиындық туғызған емес. Тiптi бүгiнде әрбiр төртiншi үйлену той осындай алып қашудан кейiн өтiп жатыр десек те болады. Ал қыз ұзату тойының шығынынан қорыққан кейбiреулер қыздарына өздерi-ақ «бiреудiң етегiнен ұстап, қашып кет» деген кеңес беретiн көрiнедi. Айта берсең, мұндай қызықтар көп. Осыдан аз уақыт бұрын несиеге үйленген жiгiттер жайлы да естiгенiмiз бар.

Шариғат не айтады?
Серiкжан ЕНШIБАЙҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандар дiни басқармасы шариғат және пәтуә бөлiмiнiң маманы:   
Қыздың келiсiмiнсiз алып қашу Ислам дiнiнде адам ұрлағанмен тең үлкен күнә. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың бiр хадисiнде «некенiң басты мақсаты – екi жақтың келiсiмi. Ал куәгерлердiң мiндетi – оны көпшiлiкке жаю» деп жазылған. Демек, қыз келiспей, оны алып қашуға болмайды. Сондай-ақ, бiр қызға жiгiт сөз айтып, екеуi жүрiп жүрген кезiнде әлгi қызға басқа жiгiт сөз салса, ол да харам болып есептеледi.     

ЖАСТАР ҚАПЕРIНЕ:
Қыз алып қашу Қылмыстық кодекс бойынша адам ұрлаумен бiрдей. Ал ҚР Қылмыстық кодексiнiң 125-бабы бойынша, адам ұрлағаны үшiн қылмыскер 4 жылдан 7 жылға дейiн түрмеге жабылады. Дегенмен үкiметтiк емес ұйымдар мен адам құқығын қорғаушылар осы жаздан бастап 125-бапқа «Қыз алып қашу» дегендi қосып, оған бөлек шара қолдану керек деп байбалам салуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста