Тұздыкөл терең зерттеуге сұранып тұр

Тұздыкөл терең зерттеуге сұранып тұр

Табысты туризмнен тауып, тасын өрге домалатып отырған елдер аз емес. Біздің де бұл салаға түрен саларлық қауқарымыз болғанмен, әзірге қарекетіміз аздық қылып тұр. Мысалы, мұнайдың астанасы деген атағынан ат үркетін Атырауға қонақ болып келген ағайынды «алдарқататын» орындар санаулы-ақ. Олар: Сарайшық кесенесі, Қиғаш өзенінің бойы, Жайықтың жағалауы, Махамбет Өтемісұлының мазары. Әсіресе жазда ем алып, демалып қайтатын жерлерді күндіз шаммен іздесеңіз де, көзіңізге іліктіре алмайсыз. Бұл Атырау топырағында шипалы жерлер жоқ дегенді аңғартпайды. Басқасын былай қойғанда, қойнауында Менделеевтің химиялық кестесіндегі элементтердің түгелге жуығы кездесетін Индер тұзды көлінің өзі керемет демалыс орнын салуға сұранып-ақ тұр. Тек, бір «қызығы», талайдың дертіне дауа болып, науқасынан құлантаза айықтырған, ерекше қасиетке ие көл облыстың туристік картасына енгізілмей қалыпты.
Аптап ыстықта дертіне дауа іздеп Ден­дер жеріне ат басын тіреген емделушілерден көлдің жағасы бір сәт те босап көрген емес. Ардагер геолог Хасан Қамашев «әсіресе таңертеңгі сағат он бірге дейін және екінді ау­ғасын, бестен кейін суға түскеннің пайдасы зор» дейді. Тұздыкөлдің суы натрий хлорына қаныққан. Ол – қазір көп белең алған остеохондроз ауруына, түрлі тері ауруларына, салқын тигенге, тыныс алу жолдарының ауру­ла­рына бірден-бір ем. Индер аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Досбаева: «Тұз­ды­көлдің емдік қасиетін саралаған Ресейдің ми­не­рал­ды сулар аймағындағы Курор­тология институты 1980 жылы «Индердің балшығы ферменттер мен дә­ру­мендерге бай» деген қорытынды жасаған.
Бірақ кейін бұл құжаттар жоғалып кет­кен­діктен, тап қазір біздің қолымызда Тұз­дыкөл суының қасиеті толық зерттелген дерек жоқ. Солай бола тұрса да, бұл жерге келіп емделушілер және ауруынан айық­қандар саны аз емес. Тұздыкөлдің емі, негізінен, буын аурула­ры­нан айығуға зор мүм­кіндік береді. Ги­не­кологиялық ау­ру­ларды емдеуде де жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бірақ ашық аспан ас­тында бол­ған­дықтан, қан қысымы жоғары немесе ау­руын асқындырып алған нау­қастарға мұн­дай ем ұсынылмайды. Судың құра­мын­да­ғы күкіртсутегі жүйке жүйесінің ауру­ла­рына жақсы көмектеседі», – дейді. А.Дос­­баева сондай-ақ 2000 жылдардың ба­сында аудандық орталық ауруханада тұз бөл­месінің ашылғанын, бірақ тиісті ли­цен­зия­ның жоқтығынан жұмысын тоқ­татып тұр­ғанын айтады.
ТҰЗДЫКӨЛ ТАҢҒАЖАЙЫБЫ
Дәріханаларда самсап тұрған атаулары да түсініксіз шетелдік дәрі-дәрмектерді тоғыта бергенше, табиғаттың өзі сыйлаған ши­палы жерден ем алғанның жөні қа­шанда бөлек. Біздің бұл тақырыпты қаузап отырғандағы себебіміз де – сол. Іргемізде тұрған қасиетті жердің қадірін білмей, «алыс­тан арбалап», шетелдің курорт-са­на­то­рийлерінің «тұрақты клиен­тіне» айна­лып, өзге елдің эконо­ми­ка­сына қыз­мет етіп жатырмыз. Егер осы көлдің жаға­ла­уынан жазғы маусымға арналған болса да ши­пажай үйі бой көтерсе, онсыз да эко­ло­гия­лық ахуалы мүш­кіл аймақтың тұр­ғын­дарына денсау­лық­тарын жақ­сар­тудың тиім­ді алғышарты болар ма еді?
КӘСІПКЕР ҚИЯЛЫ ӘЗІРГЕ ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ
Басы ауырып, балтыры сыздап барған жұрттың сырқатынан айығуына себепші болатын Тұздыкөлді емдеу-сауықтыру ор­нына айналдыру мәселесі өткен ғасыр­дан бері шешімін таппай келеді. Кеңестік кезең тұсында Тұздыкөлге келушілерге арналған санаторий болады деп салынған ғимарат кейін аудандық ауруханаға айналып кеткен. Ендігісі, міне, ана жер-мына жерде топ-тобымен келіп көлге түсушілер, қоқыс толы жабайы жағажай. Өркениеттің ауы­лы­нан алыс жатқан бұл мекенді ғажайып орын­ға айналдыруды қолға алмақ болған­дар көп болғанымен, ақыр соңында «бая­ғы жартас – бір жартастың» күйі. Енді бұл істі жергілік­ті кәсіпкер, «Батыс Ел» ЖШС-нің директоры Жамбыл Дәуітәлиев қолға алыпты. «Қасиеті жөнінен Ресейдегі Солецк көлімен тең түсетін Тұздыкөлдің маңынан 50 адамға арналған жазғы емдеу-сауық­тыру орнын салуды ойға алып жатырмыз. Қазір емделушілер көлікпен келіп, кетіп жүр. Әдетте олар көлге түскеннен кейін осын­да шипасын алып, жатулары керек. Бірақ де­ма­латын жер болмағандықтан, со­лай қы­луға мәжбүр», – дейді ол. Әзірге қа­ғаз кү­йіндегі бизнес-жобасымен таныс­тыр­ған кә­сіпкер барлық қажетті құралдар­мен жаб­­дықталған кең де әдемі емделу ор­нын са­лып, халыққа пайдалануға беруді көк­­сейді. Аудан орталығы Индербор кен­тінен он бес шақырым қашықтықта жатқан Тұз­ды­көлдің жағасына электр энергиясын тар­ту да қыруар шығынды қажет етері дау­сыз. Кәсіпкер Жамбыл Меңдіғалиұлы бұл мәселеден жел диірменінің көмегімен шы­ғуды ойлапты. Егер бұл бастама оңды ше­шімін тауып кетер болса, әрине, жақ­сы.
ТҰЗ ШАХТАСЫНЫҢ АЙНАЛАСЫНДА ШАТАҚ КӨП
Индер өлкесіндегі тағы бір ерекше мәні бар орын – №99 тұз шахтасы. 300 метрден астам тереңдіктегі бұл шахтаға келіп, тыныс алу жолдары ауруларынан өз бетінше емделушілер де аз емес. Шахтадағы тұз шаңдары – қақырып-түшкірген, демікпе мен бронхитке шалдыққан адамдарды айықтыратын айрықша қасиетке ие. Алай­да бұл шахтаның да бүгінгі көрген күні – күн емес. Шахта жанында үйілген бір­неше мың тонна тұз үйінділері жаңбыр мен қардың суынан еріп, айналасындағы жерді бүлдіріп жатыр. Ал іші метан газына толған. Алда-жалда от көздерінен не қысымнан шахта жарылып кетер болса, кейінгісін көз­ге елестетудің өзі ауыр. Кезіндегі дүріл­де­ген өнеркәсіп орны болған бұл шахта қа­зір ұстағанның қолында, тістегеннің ау­зын­да талан-таражға түсті. Біздің көңілге қор­қыныш ұялататыны – дертіме дауа та­ба­мын деп келгендердің шахтадағы қа­уіп­сіз­дігі сақталмағаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста