Түрме қоғамды емес, қоғам түрмені тәрбиелеуі тиіс

Түрме қоғамды емес, қоғам түрмені тәрбиелеуі тиіс

Сьюзанне ФИВ, Норвегияның Әділет министрлігінің бас сарапшысы, Жазаларды орындау қызметінің өкілі:

Бүгінде Қазақстанда түрме реформасы мәселесі жан-жақты талқыланып жатыр. Осы орайда Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» ұйымының бастамасымен өтіп жатқан іс-шаралардың маңызы зор. Астанада өткен осындай жиындардың біріне қатысқан Норвегияның Әділет министрлігінің бас сарапшысы, Жазаларды орындау қызметінің өкілі Сьюзанне Фив «Алаш айнасы» газетіне сұхбат беріп, түрме реформасын жүргізуге қатысты кәсіби кеңестерімен бөлісті.

– Сьюзанне ханым, сіз Қазақстанға келердің алдында біздегі түрме ре­формасымен танысып, өз еліңізде қол­ға алынып жатқан шаралармен са­лыс­тырып көрген шығарсыз?..
– Шынымды айтсам, мен Қазақстанның түрме реформасы туралы көп біле бер­меймін. Бірақ қамауда отырған адамдар­дың саны (100 мың халыққа шаққанда) жа­ғынан Қазақстанның әлем бойынша 31-­орында тұрғанын жақсы білемін. Мәсе­лен, Қазақстан жерінде 100 мың ха­лықтың ішінде 318 сотталған адам бар. Ал Норвегияда бұл көрсеткіш 75 адамды құ­рап отыр. Негізі, менің осы жерге келудегі негізгі мақсатым – Норвегияның тәжіри­бесін көрсетіп, түрмеден шыққан адамдар­ды қоғам ішінде бейімдеудің шетелдік жүйесін жан-жақты таныстыру.
– Олай болса, әңгімеңізді осы тәжі­рибе төңірегінде өрбітіп отырсаңыз? Біз­дің мамандар да біраз мәлімет алып қалады деп ойлаймыз.
– Норвегиядағы түрме реформасының негізгі жетістіктеріне келер болсақ, бүгінде бізде қамаудан шыққандардың түрмеге қайта түсу көрсеткіші едәуір төмендеді. Да­ния, Финляндия, Швеция сияқты ел­дер­мен салыстырғанда, Норвегияда сот­талғандар бостандыққа шыққаннан кейін қылмысқа көп бара бермейді. Бұл оларды қоғам ішінде бейімдеу жүйесінің тиім­ділігін көрсетсе керек.
– Сонда бұл жүйенің тиімділігі не­де? Оның басты ерекшеліктеріне тоқ­та­лсаңыз?
– Біріншіден, біз кінәлі азаматтарға қа­тыс­ты қамаудан бұрын айыппұл мен қо­ғамдық жұмыстарға міндеттеу жазасын жиі қолданамыз. Статистика бойынша сот­талғандардың 50 пайызы бас бостан­ды­ғынан айырылса, қалғаны шартты түр­де жазаланады. Түрмеге ары кетсе, бес жылға отырғызады. Ондай жағдайлардың өзі сирек болады.
– Сонда айыппұл мен қоғамдық жұмыстар арқылы қылмысқа барған адамды өзгертуге бола ма?
– Әрине, ол үшін сотталғандарды оңалту, былайша айтқанда, оларды қайта тәрбиелеу жұмысы мықты болуы шарт. Мен жаңағы әңгімемді жалғастырайын, бізде денсаулық саласын азаматтық және пенитенциарлық деп екіге бөлмейді. Ол жалпыға бірдей. Білім беру жүйесі де солай, мектеп я колледжде сабақ беретін мұғалім түрмеге барып, дәріс оқи береді. Демек, қамауда отырғандар қарапайым адамдармен араласып, моральдік тұрғыда тозбайды. Жұмыспен қамту бойынша түр­меден шыққан азамат өзінің бұрынғы қыз­метіне орналаса алады. Алайда ол үшін біраз еңбектену керек. Бізде сотталған азамат­ты қайта оңалту жұмысы бірінші күн­нен басталады. Жалпы, Норвегияда сот­талған азаматты қоғамға бейімдеу жұ­мы­сы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мәсе­лен, түрмеге түскен адам қатаң режимдегі колонияда ұсталса, тәртібі дұрысталған кезде, оны жалпы ко­лонияға ауыстырады. Ал ең соңында ол арна­йы оңалту орталық­тары арқылы өтеді. Сөйтіп, қо­ғам өміріне әбден бе­йімделіп шығады.
– Атышулы Андерс Брейвиктің ісіне тоқ­талсақ. Ол Норвегия­ның Осло қа­ла­сында жарылыс ұйымдасты­рып, сегіз адамды өл­тір­ген. Одан кейін Утейя аралындағы жас­тар лагерінде жазықсыз 69 баланы атып таста­ды. Жер­гілікті сот оны 21 жылға бас бос­тан­дығынан айыру жа­засы­на кесті. Ондай «хай­уанның» түрме­ден кейін адам болып шығуы екіталай ғой?
– Шыны керек, осы оқиғаға байла­нысты Нор­вегия халқы екіұдай пікірде жүр. Бірақ оның ісі ерекше жағ­дайда қара­лып, оған қа­тысты айрықша сот шешімі шығарылды. Олай дегеніміз, Брейвик түр­меде 21 жыл отырса да, оның қамау мерзімі ұзартылуы әбден мүмкін. Меніңше, ондай адамды бостандыққа шығармайды.
– Енді халықтың түрмеге деген көзқа­расына келсек, бізде әлі күнге дейін түрме қоғамға кері әсер етіп, оның ықпалы жер­гі­лікті жерде қатты сезіліп тұрады…
– Мен кеңестік жүйеден қалып қойған «түрме заңдары» туралы естігенмін. Бірақ ол жайында көп біле бермеймін. Қазақ­станда түрменің жергілікті қоғамға әсері бар шығар. Бізде Ослодағы қатаң режим­дегі колония қаланың қақ ортасында тұр. Адамдар оның жанынан емін-еркін өтіп жүре береді. Оңалту орталықтары болса, ашық тұрғын үй үлгісінде салынған.
– Сонда сотталғандар қарапайым халыққа ешбір қауіп төндірмей ме?! Олардың жергілікті жерге ықпалы жоқ дейсіз ғой?
– Жоқ. Бізде халықтың түрмеге деген көзқарасы мүлдем басқаша. Ол жерде жұмыс істеп, еңбектенуге үйретеді. Оны бәрі біледі. Елдің мәдениеті сондай. Сон­дықтан қамау абақтыларының қаланың қақ ортасында болуы – үйреншікті нәрсе. Бізде түрме қоғамды емес, қоғам түрмені тәрбиелейді.
– Бүгінде шетелде сотталған азамат­тарды өз еліне қайтару мәселесі қиын­ға соғады. Осы салада Норвегия қалай жұмыс істеп жатыр?
– Алдымен, Норвегияда сотталғандар­дың 32 пайызы өзге елдің азаматтары ек­ен­дігін атап өткім келеді. Ондай адамдар­ды оңалту саласында біраз қиындықтар бар. Себебі олардың басым бөлігі ағыл­шын, неміс, француз тілдерін білмейді. Ал біз үшін аудармашыларды жалға алып, тиісті тәрбие жұмыстарын жүргізу тым қым­батқа түседі. Дегенмен біз оларды барынша оқытып, оңалтуға тырысамыз. Экстрадиция мәселесіне келер болсақ, бүгінде Норвегия бірқатар мемлекет­тер­мен келісімге келді. Олардың ішінде Лит­ва, Швеция және Дания бар. Егер қамауға алынған адам осы елдердің азаматы бол­са, онда ол өз жерінде жазасын өтейді. Басқа жағдайда сотталғандар Норвегия түрмесіне отырғызылады. Осы орайда атап өтер тағы бір жайт, өз елінде қыл­мыскерге қатысты зорлық-зомбылық я болмаса, өлім жазасы қолданылатын бол­са, біз сотталған адамды ешқайда жібер­мейміз. Соңғы кезде Норвегияда сотталған шетелдіктердің саны артып келеді. Олар­дың ішінде 120 мемлекеттің азаматы бар.
– Ондай азаматтардың қатарында қазақстандықтар жоқ деп ойлаймыз...
– Меніңше, жоқ сияқты (күлді).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста