Ел билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тексеру жүргізіп, 696 күдіктіні анықтаған.
Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін 188 құрылыс компаниясының басшылары мен мердігер қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Ел билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тексеру жүргізіп, 696 күдіктіні анықтаған. Соның нәтижесінде 188 адам қамауға алынды.
Сондай-ақ, жер сілкінісі болған аймақтарда ұрлық жасады деген күдікпен 306 адам ұсталған.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның бірнеше провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар саны 42 мың адамнан асты. Осы жер сілкінісі салдарынан Сирия тұрғындары адам қатты зардап шекті.