Туған бауырына бүйрегін тарту етті

Туған бауырына бүйрегін тарту етті

Бес күн жалғанда денсаулығың сыр беріп, дімкәс күйге түскеннен артық азап жоқ шығар. Осындай сәтте қол ұшын созып, жанашырлық жасаған жанға жетер кім бар? Құдайға шүкір, бірге туған бауыры үшін ештеңеден тайынбайтын адамдар арамызда әлі де бар екен. Солардың бірі – Қызылорда облысы Жалағаш ауданында тұратын Гүлжанат Атырауова. Ол өзінің туған інісіне бір бүйрегін беріп, елдің алдында үлкен қошеметке бөленіп отыр.

Аудан орталығында тұратын Атырауовтар отбасының екі қыз, бір ұлы бар. Бұл отбасын ұлдары Уәлиханның жиырмадан асқан шағында ауыр дертке душар болғаны қинайтын еді. Ол соңғы он екі жылдан бері бүйрек ауруының азабын тартты. Бармаған жері, баспаған тауы қалған жоқ. Жергілікті мамандар Уәлиханның бүйрегін ауыстыру керектігін айтты. Оны ажал құрсауынан арашалаудың жалғыз амалы да осы еді. Оған сау бүйректі қайдан табамыз деген ой отбасы мүшелерін ойландырып тастады. Осы сәтте Уәлиханның туған апасы – Гүлжанаттың ерлігі жаны нәзік жан түгілі, ер адамның қолынан келе бермес еді.

Осы жайдан хабардар болған облыс әкімі Болатбек Қуандықов жергілікті кәсіпкерлермен келісе отырып, операцияға қажетті 55 мың АҚШ долларын тауып беруге жанашырлық жасады.

Осының арқасында Уәлихан мен Гүлжанат Ресей астанасы – Мәскеу қаласында қоныс тепкен «Бүкілресейлік адам ағзасы және жасушаларды ауыстыру» институтына барды. Операция өте сәтті өтті. Осыдан кейін Уәлиханның денсаулығы қалпына келіп, шаңырақта шаттық орнай бастады.

Гүлжанат Атырауова, бүйрек доноры:
– Дәрігерлер «келешекте ана боласың, ойланып көр» деді. Бір бүйрекпен өмір сүру саған қауіпті деген ойларын айтты. Алайда маған бауырымның өмірін сақтап қалу басты мақсат болды.

Боранбай Атырауов, Уәлиханның әкесі:
– Баламның жағдайына алаңдап, қол ұшын созған облыс әкіміне және басқа да азаматтарға ризалығымды білдіргім келеді. Қызым  Гүлжанаттың да бірге туған бауыры үшін басын бәйгеге тіккеніне шексіз разымын. Оның бұл ісі көпке үлгі болады деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста