"Төсекте мықты болу керек": Журналист өзін белден төмен түсті деп айыптағандарға жауап берді
Белгілі журналист, көпшілікке "Уақыт көрсетеді" авторлық бағдарламасы арқылы танылған Нұрсейіт Жылқышыбай өзін "белден төмен түсті" деп айыптағандарға жауап берді. Мұндай сөздің еруіне журналистің ерлер мен әйелдердегі жыныстық мәселелерді жиі қозғауы себеп болған. Әсіресе, Нұрсейіт еркектердің төсектегі белсенділігінің төмендеуіне, урологиялық аурулардың көбеюіне алаңдаушылық танытқан еді. Осы орайда, ол еліміздегі ер адамдардың қуатын арттыру үшін қандай қадамдар жасау керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
"Шыны керек, маған таныстарым "белден төмен түстің" деп жиі айтады. Бұлай айтуға біздегі ең нәзік тақырыпты қозғап жүргенім себеп болған шығар. Негізі, біз өзекті тақырыпқа келгенде кібіртіктеп қаламыз. Жыныстық дүниелерге келгенде өз менталитемізге салып, "ұят боладыдан" аса алмай жүргеніміз де рас. Мені еліміздегі еркектердің жыныстық тәрбиесі мен денсаулығы алаңдатады. Қазір елдегі ер адамдардың көпшілігі үш-төрт бала ғана таптырады. Мұның астарын тұрмыстық дүниелерден іздеу берудің қажеті жоқ. Өйткені, ер адамдардың төсектегі қуаты төмендеп бара жатыр. Екінің бірінде простатит бар. Ауруын айтып, урологқа баратын азаматтарымыз да көп емес. Сондықтан, менің дабыл қағатындай жайым бар", - дейді Нұрсейіт.
 
Бүгінде Нұрсейіт Жылқышыбай еліміздегі ең мықты урологтардың бірімен жұмыс істеп, арнайы емдеу орталығын ашқан. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер денсаулығына аса пайдалы саналатын бұғы мүйізінің қанынан панткориндер жасауда.
 
Көпшілік түрен салмайтын кәсіптің бұл түріне Нұрсейіт халыққа шын жаны ашығаннан барғанын айтады.
 
"Біз көбеюіміз керек. Ұлан-байтақ далада азғантай ғана халық отырмыз. Бізге батыр табатын, балуан табатын, чемпион шығаратын аналар мен әкелер керек. Мұндай ұландарды дүниеге әкелу үшін ең алдымен ата-ананың денсаулығы дұрыс болғаны жөн. Сондықтан, ерлердік күш-қуатын арттыратын "Аламан" көрпешесін айналысқа шығардым. Арнайы емдік ағаштардан, жылқының шоқтығынан дайындалған. Одан бөлек, бұғы мүйізінен жасалған пантокринді де пайдаға жаратып жатырмыз. Көпшілік пантокрин ішу үшін Қатонқарағайға арнайы барады. Жер арасы алшақтығын ескеріп, оны Алматыдан өндіре бастадық. Тағы бір жаңалығымыз бар. Енді ер азаматтар мен әйелдер панто ваннаға түсе алады. Бұғының қаны қосылған ванна әйелдердің босанғаннан кейінгі жатырын тарылтуға, жасаруға көмектеседі. Ал ерлерге простатит пен протрузияны емдеуге көмектеседі. Мұндайды еліміздің кез келген жерінен таба алмайсыз. Бізге қуатты еркек, дені сау әйел керек. Соны ұмытпайық", - дейді ол.