Төрт түлік иелері – тарихи тұлғалар

Төрт түлік иелері – тарихи тұлғалар

Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Оның бір мысалы – төрт түліктің әрбірінің пірін атайтыны. Қой атасы – Шопан, сиыр малының пірі – Зеңгі Баба, түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі Жылқышы ата (Қамбар ата) деп есептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы – бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар.

Солардың бірі – түйе атасы Ойсылқара жайында көптеген аңыздар бар. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Ойсылқара әулие адам болған. Оның өз аты – Уайс әл-Қарани. Уайысты Мұхаммед пайғамбардың өзі жақын тартып, естелікке жейдесін сыйлағаны көптеген хикаяларда кездеседі. Мұхаммед пайғамбар Уайс Қаранидің ізгі амалдарын сырттай жиі естіп, оны сол үшін өте қатты құрметтейді екен, бірақ екеуі жүзбе-жүз көріспеген. Халық арасында әулие Уайс Қаранидің анасын қалай құрметтегені жайлы көптеген хикаялар бар. Уайс Қарани түйе бағатын адам болған. Ол қасиетті жануарды баптаудың ебін жақсы білген. Сондай-ақ аңыздарға сенсек, Ойсылқараның жануарлары иесінің ойын айтқызбай істейтін болған екен. Сол үшін де оны халық түйе атасы Ойсылқара атап кеткен. Қазір Ақтөбе облысында Ойсылқара деп аталатын табиғаты ерекше көркем ауыл және өзен бар. Адамдар әлі күнге дейін түйе пірі Ойсылқараның басына барып, зиярат жасайды.

Шопан ата – түркі әлемінің ұлы ұстазы болып есептелетін Қожа Ахмет Яссауидің сүйікті шәкірттерінің бірі болған адам. Аңыздарға сүйенсек, Шопан атаны Маңғыстауға қарай Қожа Ахмет Яссауидің өзі аттандырған екен. Ұстазы оған Маңғыстау өлкесінің халқына дін жаюды тапсырады. Сол өлкеге барып, әулиелігімен танылған сопы Шопан халықтың ерекше ықыласына бөленеді. Өзінің де он мыңнан астам шәкірттері болады. Солардың бірі – Бекет ата. Халық арасындағы үлкен беделіне қарамастан, Шопан өзінің ұстазы секілді тұрмысы мен бала-шағасын асырауға қажетті нәпақаны өз еңбегімен табатын. Ол қой бағатын еді. Әулие шопанның баққан қойлары жайлауға өздері аттанып, кешкісін Шопан атаның белгі беруімен ғана оралатын болған деседі. Бір қызығы, Шопан баққан қойлардың берекелілігі сонша, тақыр жерде жүріп те, ерекше семіздігімен көрінетін болған.

Зеңгі бабаның азан шақырып қойған аты Айқожа екен. Тумысынан қап-қара кісі болған соң, халық оны Зеңгі ата деп атап кетіпті. Зеңгінің әкесі – Тасқожа, атасы – Мәлекқожа, бабасы – Мансұрқожа, арғы бабасы – Арыстан баб. Зеңгі ата бақташы болып, елдің сиырын жиып баққан көрінеді. Оның өз меншігінде де қара малы көп болыпты. Баба сиырдың тұқымын молайтып, топ-тобымен жайып, көбейткен екен. Сол кезде бір қыңырлау кісі: «Сиырды ылғи Зеңгі жая бере ме? Біз де бағайық. Елден біз де нәпақа алып, пайдаланайық. Неге өзгеге бермейсіңдер?» – деп ел басшысына шағым жасапты. Ақсақалдар алқасының кеңесінде Зеңгі баба әлгі қыңырға: «Мақұл, сен бақ», – деп сиырды беріпті. Ол адам сиырды жайғаннан кейін бір апта өтпей-ақ оқалақ пайда болыпты. Малдардың сүті азайып, құты қашқан соң, ел-жұрт сиырларын қайтадан Зеңгіге бақтыратын болыпты. Арыстан бабтың төртінші ұрпағы Зеңгі ежелгі Шаш, қазіргі Ташкент қаласына таяу жерде орын теуіп, сол араны жай етіпті. Ол таңертеңгі уақытта шығып, сиырларды айдап, алдын қайырмай, еркінше жіберіп, өзі Құдайға құлшылық етіп отырады екен. Аңыздарда Зеңгінің зікір құлшылығына жануарлар да қосылатыны айтылады.

Жылқы атасы Қамбар (Жылқышы ата) мен Ешкі атасы Сексек жайында деректер жоқтың қасы. Бірақ соған қарамастан, қазақ Қамбар атаны ауызға көп алады. Әсіресе жауға шабардың алдында, көкпарға түсіп, қыз алып қашатын сын сағаттарда «Алла өзі жарылқап, жылқының пірі Қамбар қолдасын» деп шауып кететін болған екен. Жылқы малы қазақтың жанына жақын жануар болғандықтан, Қамбар атаның да тілге оралымы жиі болып отырған. Сол секілді Сексек атаның өмірі жайлы да хикаялар көп кездесе бермейді. Дегенмен фольклорлық жырларда, балаларға арналған санамақтарда «Жүнін жұлса, бақырған, Ешкі атасын шақырған. Өрісте өскен жануар, Сек-сек ата өсірген лағым, қайдасың?» деген сыңайлы оралымдар көп кездеседі. Қазір Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш ауданында Сексек ата ауылы бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста