Қазақстанда қоғам да, мемлекет те мойындамаған тоқалдар мен олардың балаларының құқығы қандай? Танымал заңгер Жангелді Сүлейманов тоқалдардың құқығы туралы айтып, олардың алиментке де, мұраға да қол жеткізе алатынын айтты.
Бұл туралы Total.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ жазады.
30 жастағы Қарлығаштың екі баласымен пәтер жағалап жүргеніне екі жыл болды. Ол үшін екі баламен пәтер жалдау оңай емес. Екі жыл бұрын оның күйеуі аяқ астынан қайтыс болады да, тату-тәтті тұрған отбасының шырқы бұзылған. Яғни, тоқалды балаларымен бірге үйдегі бәйбіше қуып жібереді.
«Мұндай боларын кім білген? Біз өте жақсы тұрдық, күйеуім ештеңеден тарықтыран емес. Арамыздағы жас айырмашылығының үлкендігіне қарамай, мен оны сүйдім. Ол менің әкеммен жасты адам еді. Алғашында ата-анам қарсы болды, алайда, кейін барлығын да мен асырай бастаған соң, олардың келісуден басқа амалы қалмады. Үйленген соң, біз оның үйінде тұрдық. Ал күйеуім қайтыс болған соң, оның бірінші әйелі бізді қуып жібержі. Үй соның атында, ал біз қыс ортасында далада қалдық», – дейді Қарлығаш.
Өзінен әлдеқайда үлкен еркекпен көңіл қосқан Қарлығаш некесін мешітте тіркейді. Алайда, екі баласымен далада қалған жас келіншекке мешіттен көмек болмай тұр.
«Біз Сауд Арабиясы немесе Иран сияқты шариғат заңдарына басымдық берілетін мұсылман мемлекеті емеспіз. Біз зайырлы мемлекетпіз, сондықтан, АХАЖ-ға заңды түрде тіркелгендердің ғана құқығы бар. Ал мұсылмандық неке әйел мен балаларды қорғай алмайды», – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Оңғар қажы Өмірбек.Заманауи тоқалдар мен бәйбішелер психолгтың жиі қонағы десек, артық емес. Әсіресе, тоқалдарға бірінші әйел мен олардың балаларының құқығы көбірек екені ұнамайды. Ал психологтар болса, бұған мойынсұнудан басқа амал жоқ екенін айтып түсіндіреді.
«Тоқал мен оның балаларына көңіл де, ақша да аз бөлінеді. Өйткені, заңды некеде туылған баланың құқығы реттелген. Бұл екінші әйелдердің, яғни, тоқалдардың басты уайымы. Еркектер көп уақытын тоқалмен өткізгенімен, заңды некеден туылған балалары материалдық жағынан толық қамтылады. Одан басқа, заңды әйелдерінің тоқалдарды соққыға жығып, шашын жұлуы да жиі кездеседі. Көптеген бәйбішелердің тоқалдарға қоқан-лоққы көрсетіп, ойына келгенін істейтіні бар. Бір сөзбен айтқанда, тоқалдарға әсте оңай емес», – дейді психолог Сана Жұмабекова.
Заңгердің сөзінще, тоқал мен оның балалары заңмен қорғалмаса да, олар алимент төлеуді міндеттей алады. Сонымен қатар, тоқалдан туған балалар да әкесінің мұрасына үміткер бола алады.
«Бізде некені үш түрі бар. Біріншісі – ресми неке. Ресми неке АХАЖ бөлімдерінде тіркеледі. Алайда, Қазақстан заңы бойынша бір уақытта екі некеге тұруға рұқсат жоқ. Ал адамдар бұл заңды қалай айналып өтеді? Бізде «діни неке» бар, бірақ ҚМДБ АХАЖ рұқсатынсыз неке қимайтындарын мәлімдеді. Үшіншісі – азаматтық неке. Яғни, тоқал алғандардың көбісі осы некені алға тартады. Азаматтық некелердің саны тым көп болса да, бұл неке ресми түрде заңмен қорғалмаған. Көбісі тоқалдарын бәйбішеден жасырмайды. Айта кету керек, тоқалдардың тұрғын үйге құқығы жоқ. Тек өз меншігінде жеке заттарына, мысалы, бағалы алқа-жүзіктеріне ғана ие болады. Алайда, балалар әкесінің мұрасын иелене алады, сондай-ақ, алимент те алуға болады», – дейді заңгер Жангелді Сүлейманов.Сүйлеймановтың айтуынша, баланың туу туралы куәлігінде оның азаматтық некедегі күйеуінің аты тіркелсе, ол алимент талап ете алады. Егер аталған куәлікте әкесінің аты жоқ болса, оны ДНК сараптамасы арқылы оңай анықтайтын мүмкіндік бар. Ал аталған сараптама салыстармалы түрде 50-70 мың теңге аралығында тұрады.