Тендер – талап жейтін тандыр емес

Еліміздегі мемлекеттік сатып алу жүйесі – сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан салалардың бірі. 2008-2012 жылдар аралығында ғана Қаржы полициясы мемлекеттік сатып алу саласында 1800 сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтаған. Мемлекетке 7 млрд теңгеден астам шығын әкелген жемқорлыққа қатысты қылмыстар тыйылмай келеді. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Өткен жылы мемлекеттік сатып алу саласында анықталған 371 сыбайлас жемқорлық қылмыстың 78%-ы немесе 288-і әкімдік және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлерімен, 26-сы әкім мен олардың орынбасарларының қаты­суымен жасалған. Олардың қатарында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған А. Айт­құлов, Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Сүлейменов бастаған бірқатар экс-шенеуніктердің аты аталып, түсі түстелді.
«Қойды» сеніп тапсырғандарымыз «қасқыр» болып шығыпты
Қаржы полициясы ресми өкілінің айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйе­сін­дегі сыбайлас қылмыстардың жоғары бо­лу себептерінің бірі конкурстардың заң­ды­лығын қадағалайтын мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларының жемқор­лыққа бейімділігінде болып отыр. Нақты мысал­дарды естігенде бейне бір қойды қасқырға бақтырғандай әсерде қаласың. Үш жылға бас бостандығынан айырылған Кенжеев Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы болған кезінде Сайрам ауданы білім беру бөлімінің заңгерінен мекеменің өткіз­ген мемлекеттік сатып алулар конкурстарын тексеру бойынша «тиімді» шешім шығаруы үшін 8 мың АҚШ долларын пара ретінде алған. Ал Солтүстік Қазақстан облысы Қаржылық бақылау инспекциясының бас бақылаушы-ревизоры Ташева «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында мектепте күрделі жөндеу жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын тексеру нәтижесінің «тігісін жатқызуға» 100 мың теңге пара алып, ол да үш жылға бас бостандығынан айырыл­ған. Осындай қылмыс жасағаны үшін Ал­маты облысы Қаржылық бақылау инспекциясының бас бақылаушы-реви­зоры Жанатов жеті жылға сотталды. Ол да пара ретінде 8 мың АҚШ долларын алған.
Арнайы орталықтың тиімділігі – қаржы үнемдеуінде
«Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа тек қана қылмыстық-құқықтық әдістермен қарсы тұру мүмкін еместігін көрсетті», – деді Мұрат Жұманбай.
Сондықтан Қаржы полициясы агенттігі өз жұмысын қылмыстық істерді жаппай қозғаудан бас тартып, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас қылмыстардың бастапқы сатыларында алдын алуға және жолын кесуге бұрды. Агенттікте мемлекеттік қаржыны ұрлауға жол бермеу мақсатында Ситуациялық орталық құрылған. Ол жұмыс орнынан кетпей, талдау жолымен ерте саты­ларда қылмыстардың алдын алуға және олардың жолын кесуге мүмкіндік беретін көрінеді. Мысалы, Көлік және коммуникациялар министрлігінің мем­лекеттік сатып алулар жоспарын қара­пайым талдау арқылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жизақ – Сарыағаш жолының 7,5 шақырымын жөндеу үшін 784 млн теңге жоспарланғаны белгілі болған. Яғни осы жолдың әрбір шақы­рымын жөндеуге 104,5 млн теңге жоспар­ланған, ал 2012 жылы дәл осы жолдың басқа учаскесінің 1000 метрін күрделі жөндеуге 57,4 млн теңге кеткен, яғни екі есе арзан. «Аталған ве­домство жұмыс­тардың осылай бірден қымбаттауын түсіндіре алмаған соң, конкурс болмайтын болды», – деді ресми өкіл. Сондай-ақ осындай жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінде де тіркелген. Нәтижесінде бюджеттің 3,2 млн теңгесі сақталып калды. Қаржы поли­циясының профилактикалық жұмысының нәтижесін­де жылдың басынан мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алулар бойынша баға­ларды көпе-көрінеу көтеру арқылы жұм­самақ болған 900 млн теңге үнемделген.
«Күздік» құжат нені көздейді?
Аталған агенттік Елбасының заңнаманы жетілдіру арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы тапсырмасын орын­дау мақсатында сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу, жолын кесу және ол үшін жазалау жүйесін жетілдіруге бағыт­талған заң жобасын дайындап жатқанынан хабардар болдық. Шыны керек, қыл­мыстың осы саласына қатысты заңды қо­ғам әртүрлі қабылдайды. Сон­дықтан әрнені объективті бағалап, әділдік жолын­да қызмет ететін құжат керек-ақ.
Парламентке күзде жететін заң жобасы кілтипан көп шығатын конкурстарды өткізу тәртібін айтарлықтай өзгертуге бағыт­талған. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай: «Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылы 13 мыңнан аса мемлекеттік сатып алуларды дербес ұйымдастырушылар тіркелген. Бұл бюджет қаражатын жұмсауды бақылау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды айтарлықтай қиындатады. Осыған орай, Қаржы полициясы агенттігі барлық мем­лекеттік сатып алулар конкурстарын ұйым­дастыру мен өткізу уәкілетін жеке бір мем­лекеттік органға беру туралы ұсыныс айтқан болатын», – деді. Айта кету керек, бұл ұсыныс қолдау тауып, Қаржы министр­лігімен дайындалған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының шеңберінде жүзеге асырылып жатыр екен.     
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аталған өзгерістермен ұлттық басқарушы холдингілерге, ұлттық холдингілерге, ұлттық басқарушы компаниялар мен ұлттық компанияларға таралуы тиіс. Қазір олардың мемлекеттік сатып алу саласын­дағы қызметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тауар­лар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерімен реттеледі.
Агенттік қызметкерлерінің айтуынша,  ұлттық компанияларды «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының аясына қайтару оларда жиналған қаражатты жұмсаудың бақылауын күшейтеді.
Осылайша Қаржы полициясы органдары­ның қызметі бүгінгі мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қыл­мыстардың алдын алу және жолын кесу арқылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген бюджет қара­жатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста