Тектінің ұрпағын текті жалғайды

Тектінің ұрпағын текті жалғайды

Ана туралы ой
Аналарға құрмет – бізге парыз. Бірақ анаңыздың сіздің алдыңызда иілгені сізді азапқа салады екен. Азапқа салғанда... анықтап жазсақ, былай ғой: Жұпар Мәдуанқызы – қазақтың көп анасы секілді қарапайым, мейірімді, аузынан ақ тілегі түспейтін ана­­лардың бірі. Ол кісінің кей ісі жүректі аударып-төңкеріп, толқытып қояды. Бірде ұлы жұмысқа жиналған. Балконда ой үс­тінде тұрған ана баласымен ілесе шығып, ақ жол тілеп, тіпті еңкейіп аяқкиімінің бауын байламақ болады. «Мама-ау, мұ­ның не, өзім істеймін ғой», – дегені сол, «Сенің ба­­сың иілмесін дегенім ғой, құ­лы­ным», – деген уәж естиді. Әрине, бұл жай құрмет емес, жай аналық ақ бата ғана емес, бұл – бір міндет, парыз еді ол ұл үшін. Аналары осылай қадірлесе, қай азамат басын төмен салсын?!
Өзегін жарып шыққан баласына осын­ша ізет көрсеткен ана «ерім – пірім!» дейді екен.

Жұпар ананың айтқаны
– Менің пірім есті азамат еді ғой. Сөзі, ісі тиянақты еді. 1968-69 жылдары Шар­дара ауданы құрылып, сонда аупарт­ком­ның бірінші хатшысы болды. Бұрын елсіз жатқан иен өлкенің 70 мыңнан астам же­рін игеріп, жүрген жерін көктетті. Қолға алған ісі өнімді болатын. Жұрт күніне сегіз сағат жұмыста болса, Қауысбек 16 сағат жұмыс істейтін. Көзі тірі куәгерлер бар ғой арамызда. Әлі күнге жұрты:
Қағып алтын қазығын Шардараның,
Ақ күріштің ақ маржан ектің дәнін», – деп еңбегін ескеріп отырады.
Есті әйелдің ерлігі жайында
Әйел есті болса, ер жігіттің қарақан ба­сына ғана емес, айналасына да шапағаты тиеді екен. Жұпар апамыз жары Қауысбек Тұрысбековті екі рет күндізгі оқуға жі­беріп, өзі балаларға бас-көз болып ауылда қа­лыпты. Бұл – айтуға ғана оңай, іс жүзінде шыдаммен күреске түскен, сабырмен, кеңдікпен жеңген ғажап ерлік.
Жұпар ананың айтқаны
– 29 жыл бірге тұрдық дедім ғой, оның жеті жылы Мәскеу мен Алматыда өт­ті. Елден озбаса, кейін қалмасын деген ниет қой. Ақылына, парасаттылығына сай біліміне білім қоссыншы дедім. Оқуының жемісін елі көрді, тәубе!
«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін!
Бай болып, пайдаң тимесе,
Ба­тыр болып, найзаң тимесе, –
Жұрттан ала бөтен үйің күйсін»,
– деген ғой Төле бабамыз. Бай болмасаң да, қолыңа билік тигенде елге, жерге пай­­да келтіріп, артыңда өшпес шырақ қалдырудан үлкен қандай бақ болсын?!
Өзім дүкенші болдым. Бес баланы өсіріп, жеткіздім. Жұмыстың арасында жүріп мал ұстап, бақшамен айналыстым. Көршілерім: «Баласы да, бақшасы да гүлдеп жатыр» деп тамсанатын еді. Еңбектен ешкім ең­кейіп қалмайды екен. Сөйтіп жүріп бір шаңырақтан екі бірдей бірінші хатшы шығардым, – деп ақтарыла бір күліп алды апа. Сосын бір сәт сабырлы кейіпке еніп: «Әттең... қазір «жатырсың ба, арыстаным!» деп басына жиі барып, жыл сайын еліне ас бергенге қанағат етіп жүрген жайым бар. Ерте кетті ғой азаматым, – деп ақырын күрсініп алды.

Тағдыр белестері хақында
«Ханшайым болғысы келетін әйел ерін хандай сыйлап, өзі ханшайымға ай­налады» деген осы болар. Жұпар апаның бойынан өмірге құштарлықтың ғажап иісі аңқып тұр. Мыңжылдықтар тоғысында қара жер қойнына сүйген, сүйенген ерін ғана емес, кенжекей қызы Ләззатын да табыстаған еді.

Жұпар ананың айтқаны
– «Атамдатсаң, атамдат – ботамдатпа» деген ғой бұрынғылар. «Ботам» деп жоқтау іші-бауырыңды езіп кетеді екен ғой. Ләззатымның артында қалған Зарина, Нұрсұлтан деген қос құлынымды бағып, өзім тамағын жасап, кірін жуып өсірдім. «Қызметші жалдайық», – деді балалар. Оған көнбедім. Қартайсам да құлын­да­рыма аналарының жоқтығын барынша сездіргім келмеді. Олардың да кемел тәрбиеге қарық болып, көз тарта гүлдеп келе жатқанын көргенде, «Ләззатым тірі болса, қалай шаттанар еді?!» деп мұңаямын, бірақ «артында ізі бар ғой әрі оларға бас-көз болар мен бармын, маған ауыруға болмайды» деп уайымды сілкіп-сілкіп тастаймын.

Әже әңгімесінен бір үзік сыр
Жұпар апаның жары Қауысбек Тұ­рыс­­бекұлы ажал аузында арпалысып жа­тып, бақұлдасқанда: «Мен шапанның ты­сы болсам, сен астарысың ғой, Жұпар» деген мәнді сөз айтыпты. «Жылуды ша­пан­ның астары сақтайды, бордай үгіліп кетпей, балаларға, артымда қалған елі­ме жылуыңды шаш» дегені болар. Әкесі Мәдуан сталиндік репрессия құр­банына айналып, жоқшылық көрген, соғыс мех­натын шеккен, өмірдің өзге де сындарына төтеп берген ананың бойы­нан жасымаған рухты көресіз; бүгінгі баршылық заманда абырой мен беделге бөленіп отырса да тасымаған, астамшылық танытпаған жү­ректі көресіз.
«Садақаңды сауда бер,
Ауыр­ған­да мейлің берме,
Мейлің бер!», «Адал бол, адал арың – ақ мамық жастығың, алаңсыз бақ берекең» деп ұрпағына ақылын айтып отыратын, тілі шешен, ақылы дария бұл қария атақты Төле бабамыздың сегізінші ұрпағы екен.

Жұпар ананың айтқаны
– Төле би бабамыздың бес әйелі бо­лыпты. Бірінші әйелі өзбек, екін­ші әйелі қожалардың қызы екен. Осы әйелі­нен Қожабек, Жолан деген екі бала дүниеге келіпті. Төле атамызды жұрт «Қар­лығаш әулие» деп қастерлегені ел есінде болар. Жоңғарлар елді қуырып, ақтабан қылған кез ғой. Сондай бір шапқыншылық кезде жұрт үдере көшсе, би атамыз көшпей қа­лыпты. Амандық-саулықсыз дікеңдей кел­ген шапқын­шыларды әуелі сөзден тосқан бабамыз: «Шаңырағыма қарлығаш ұя салды. Балапандары қанаттанып ұш­пады. Мені паналап келген құстың ұясын қиратып, балапандарын қалай шырыл­датайын?! Сендерде де бала-шаға бар шығар?!» – деп бетін қайтарыпты. Сол жолы ол кісі «біраз уақыт елге тыныш өмір бер» деп жоңғарлармен келіссөз жүргізеді. Оларға он шақты жылға кепіл деп Қожа­бек, Жолан деген екі ұлын беріпті. Қожабегі сұлу, келісті, мінезі де жайдары жігіт екен. Жоңғарлар оны айырбастап жіберіпті дейді. Ал бір­беткей мінезі бар Жоланды сіңіре алмай, кейін қайтарыпты. «Жоланым – Жолан» деп, Төле бабамыз оны бірден таныпты. Ал Қожабекті ауыстырып жі­берді-ау деген күмәнмен: «Ал Қожа­бегім – деркүмән...» деп басын шайқапты жарық­тық. Соңынан оқуға жіберіп, Қожабегі оқымысты кісі болыпты дейді.
Жоланның бірінші әйелі көпке дейін құрсақ көтере алмай жүріпті. Бір балшы: «Сен жатпа, жүр. Сонда жеті ұл туасың» депті. Ол да мыңғырған мал айдаған бай­дың қызы ғой. Ол уақытта «бай – байға, сай-сайға» құятын заман болған ғой. Ол кісі жүкті болып, қасқырдың бауырына жерік болыпты. Сонда бір ту жылқыны сойып, ішін жарып, қасқырдың бауыры деп әкеліңдер депті. Сол бірінші баладан туған ұрпақ – бізбіз. «Жеті ата Жолан» дейді. Жетеуінен де ұрпақ кең тараған, өте көп, – дейді Жұпар апа.

Әңгіме мәйегінен туған тобықтай түйін
Әйгілі Төле бабаның ұрпағы, салт пен дәстүрді өмірмен сабақтастырып, мақал-мәтелді сөзінің мәйегі қылып отырған апамыз ұрпағына да осы жолды сіңіруге барын салуда. Әнебір жылы жаңа туған шөбе­ресіне Жасмин деп ат қойғалы жатыр екен, «ақылымен елін сақтаған Нұриладай болсын, атын Нұрила деп қойыңдар!» деп тоқтау салыпты. Анаға тән ақылмен ұрпа­ғын тәрбиелеп, анаға ғана тән мейіріммен мәпелеп отырған данагөй апаны көрген сайын: «Далам­ның иісі бұрқырап, Қарт­­­тарым, аман сау жүрші!» дегің келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста