Тексеру тіршілікті тоқтатуға тиіс пе?

Тексеру тіршілікті тоқтатуға тиіс пе?

Шамамен 25 мыңға тарта тұрғыны бар Денисов ауданының орталығы Денисов кентінде күні бүгінге дейін мемлекеттік тілде білім беретін бірде-бір мектеп жоқ. Шағын ауданда мемлекеттік тілді дамыту шаруасы әзірше балабақшалар, бастауыш сыныптар мен шағын орталықтар арқылы ғана шешілуде. Алайда қазақ тілінде «тілін сындырған» аудан бүлдіршіндерінің алдағы тағдыры да тығырыққа тіреліп отыр. Себебі аудан орталығында құрылысы толық аяқталып, алдағы жылы ашылуы тиіс мектеп жұмысы әзір тоқтап тұр.

– Бәріміздің де балаларымыз өсіп келеді. Төрт жасар қызым Елизаветаны балабақшада қазақ тобына бердім. Өйткені қазіргі ұрпақтың мемлекеттік тілді білмейінше, күні ертең мәртебелі жұмысқа қол жеткізуі белгілі бір дәрежеде қиын екенін сеземіз. Мына мектепті бастағанда көкке екі елі жетпей қалған көңіліміз қазір су сепкендей басылып отыр, – дейді Денисов кентінің тұрғыны Зульфия Майер. Аудан әкімі Александр Кушнирдің айтуынша, 180 бала, оның ішінде шалғай шағын ауылдардан келіп оқитын 75 баланың жатып оқуына есептелген мектепке күрделі жөндеу жұмыстары 2007 жылы басталған. Бастапқыда – шатыры, кейін сыртқы келбеті көркейтіліп, есік пен терезелері заманауи жабдықтармен ауыстырылған. Енді ішкі және сыртқы инженерлік желі жұмыстарын жүргізу қалып отыр.

– Сәтін салғанда «Жол картасына» еніп, қолбайлау болып отырған қаржы мәселесінің шешіле кетпесі бар ма?! 87 млн теңге бөлінді.

Сол бойынша, мемлекеттік сатып алу жариялап, ниет білдірген алты компания ішінен тендерлік комиссия осы бастаманы аяғына жеткізе алатын біреуін таңдап алған еді. Бірақ аудандық прокуратура тексере келе заңбұзушылықтарды анықтап, істі тоқтатып тастады. Әрине, олардікі бұрыс дей алмаймын. Кінәсі анықталса, заңды таптағандар жауапқа тартылсын. Әкім ретінде бір мәселе қатты толғандырады. Жұмыс уақытында еңсерілмесе, игерілмей қалған ақша артқа қайтады, демек, бұл мектептің тағдыры тағы да тәлкекке түседі, – дейді аудан әкімі.

Төлебай Әлмұхамедов, мердігер Стройфирма «Достар» ЖШС директоры:
– 17 қыркүйектен бері дұрыс жұмыс істеген емеспіз. Сот пен от арасында сенделген есіл уақытқа жаным ашиды. Бүкіл материалға тапсырыс беріп қойдық, олар күн сайын келіп жатыр. Металлопластик құбырларды 5-35 градус жылыда ғана жасауға болады. Қарашаның қара суығына іліксек, істің мүлде бітпесі анық. Мен үшін маңыздысы – берілген жұмысты уақытында бітіру, егер комиссия ісінен шикілік шықса, солардан сұрасын.

Алайда аудандық прокуратура Елбасы тапсырмасымен қолға алынған ерекше нысанның құрылысына қарсылық жоқ, бірақ «бәрі заңды болсын, қазына қаржысын қараусыз қалдыра алмаймыз» деп байлам айтады.

– Аудандық прокуратура жүргізген процессуалдық тексерісте, мемлекеттік сатып алу туралы заңның өрескел бұзылғаны анықталды. Осыған сәйкес біз мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты шешімнің күшін жою туралы талап қойдық. Бірақ аудан әкімдігі мұны көзге ілгісі келмегендіктен, экономикалық сотқа шағым түсірдік, ол қазір қаралып жатыр. Мемлекеттік тілде білім беретін тұңғыш мектеп екенін өте жақсы түсінемін, бірақ заңды аяққа таптатуға менің құқым жоқ, – дейді Денисов ауданының прокуроры Азамат Каналинов.
 
Сиырқұйымшақтанған іске соңғы нүктені сот қояды. Ал оның қашан мәресіне жетері әзірге белгісіз. Біз үшін мемлекеттік тілде білім ала алмай отырған аудандағы игі бастаманы осынша итеңдеткендердің, "Жол картасы" секілді маңызды дүниені от басы, ошақ қасындағы майда-шүйдеге айналдырғандардың ісі май шаммен қаралғаны дұрыс. Себебі бұл жерде қазына қаржысы мен туған тіліміздің тағдырына қауіп төніп отыр. Жалпы, естияр органдар айтпағанмен, ел ішіндегі бейресми ақпарат бойынша, облыста оқу жылы басталса да, жылу жүйесі бітпей, балдырғандар тоңып білім алып жатқан әлі біраз нысан бар көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста