Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі жайлы әңгімелеп берді
Айтуынша, диспансерлік есепте тұрған, белгілі бір сырқат түрлерімен ауыратын науқастар амбулатория деңгейінде дәрімен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттері шеңберінде беріледі.
«Мысалы, анемияға шалдыққан репродуктивті жастағы әйелдерге темір препараттары беріледі. «Атеросклероз» диагнозымен тіркеуде тұрған пациенттер антикоагулянттар ала алады», - дейді Гүлжайнат Тілеген.
Сонымен қатар, психикалық немесе мінез-құлықтағы ауытқушылықтармен тіркеуде тұрғандар, ағза алмастырған пациенттер және т.б. азаматтар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.
«Дәріні алу үшін емханадағы учаскелік дәрігерге бару қажет. Дәрігер рецепт жазып береді. Содан соң дәріні арнайы дәріханадан аласыз. Ол үшін міндетті түрде жеке куәлік талап етіледі», - деді дәрігер.
Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мәліметінше, 2023 жылы 23 млрд. теңгенің дәрі-дәрмегін сатып алу жоспарланған, дәрілік заттар жыл басынан бері бекітілген кесте бойынша жеткізіліп жатыр.
«Биылғы жылдың І тоқсанында 9,5 млрд теңгенің дәрісі мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде – 400 мыңнан астам пациент дәрімен қамтамасыз етілді. МӘМС пакеті бойынша – 65 мыңнан астам ересек пен 6 мыңнан астам балаға дәрі берілді», - дейді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.
Жалпы, пациенттер тегін дәрі-дәрмекке қатысты мәліметті «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс орталығы арқылы біле алады. Қоңырау шалу тегін.
Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмек тізімімен ҚР ДСМ-нің №75 бұйрығы арқылы танысуға болады

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста