Тәрбие бастауы – тіл

Қазақ тіліне үстемдік беріліп, мемлекеттік тіл ретінде танылғанына біршама уақыт өтсе де, әлі күнге қолданыс аясының кеңеймей отырғаны бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Тіл тағдыры талай тұлғаның тіліне тиек болып, тілді дамытуға қыруар қаржы аударылып жатса да, ана тіліміздің кең қанат жайып кете алмауы кімді де болсын қынжылтады. Жалпы, тілді балабақшадан бастап үйретіп, мектеп қабырғасында бала санасына ана тілінің қадірін ұқтырудың маңызы зор.
22 қыркүйек, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында еліміздегі білім беру ошақтары мен жоғары оқу орындарында тілдер мерекесіне орай тәрбие сағаттары өткізілуде. Солардың бірі Қ. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында ұйым­дастырылды. Айта кетер жайт, аталмыш сынып биылғы оқу жылының алдында оқушылардың бейіміне қарай гума­нитарлық-қоғамдық бағыттағы сынып болып іріктелген екен.
Тәрбие сағатында интерактивті тақта арқылы ана тіліміз туралы көріністер көр­сетіліп, оқушылар тіл туралы толғаныстарын ортаға салды. «Қайтсек қазақ тілінің мәр­тебесін биіктетеміз» деген пікірталас бары­сында оқушылардың келешектегі қазақ тілінің нағыз жанашырлары екендігін көргендей болдық.
Жанат СҮТЕМГЕНОВА, гуманитарлық қоғамдық бағыттағы 10-сыныптың жетекшісі:
– Сынып ішінде қазақша сөйлегенімен, үзіліске шыға сала орысша шүлдірлесетін балалардың әрекеті олардың ана тілінің қадір-қасиетін түсінбегенінен болса керек. Осы орайда тәрбие сағаттары арқылы ана тілін құрметтеуді оқушыларға ұқтыру басты мақсатымыз болып отыр.

Жанат ЕСДӘУЛЕТОВА, Қ.  Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің директоры:
– Біздің тіліміз әлемдегі ең көркем, ең бай тілдің бірі екенін бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіре білуіміз қажет. Осы орайда тілдер мерекесіне орай, мектеп көлемінде арнайы апталық ұйымдастырып отырмыз. Алайда тіл туралы әңгіме тек қана тілдер мерекесінде ғана сөз болмай, жыл он екі ай назардан тыс қалмауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста