Тараз тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін көмекке зәру екеніне сендіре алмай, өліп кетті

Ауыр халдегі Тараз тұрғынына "массың" деп жедел жәрдем көлігін жібермей қойған диспетчер жұмыстан қуылды. Дәрігерлер жеткенше инсульттан көз жұмған марқұмның жақындары бұл іс бойынша тек жалғыз адамның жазалануымен келіспейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

КТК телеарнасының хабарлауынша, олар барлық кінәліні қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.

 

"Бір адамды жұмыстан қуған. Тағы екі диспечер қатаң сөгіс алған. Ал жедел жәрдем стансасы басшысының екі орынбасары мен бір аға-дәрігер сөгіс алған. Бәрі 6 адам. Бары сол ғана ма? Адам өліп отыр ғой. Прокуратураның өзі қылмыстық іс қозғауға толық негіз бар деп айтқан" – дейді Людмила Остапенконың әпкесі Ирина Шаевская.

 

Ирина Шаевская сіңлісінің қазасынан 45 күн өтсе де, тергеушілер қимылдамай отыр деп күйінеді. Оның сөзінше, дәл қазір құзырлы орын өкілдерімен мүлдем байланыс жоқ.

 

"Департаментке барсақ, таппаймыз, ал өздері үйге іздеп келмеді" дейді. Соған қарағанда олар әдейі уақыт созып, істі жылы жапқысы келе ме деп күдіктенеді.

 

Бір жарым ай бұрын инфаркт болған Людмила Остапенко үйіне жедел жәрдем шақыртқан, бірақ диспетчерлер хәл үстінде тілі күрмелген 46 жастағы әйелге "Сен массың ба?" деп, шұғыл көмекке ешкімді жібермей қойған. Медицина мамандарының кешігуінен жергілікті тұрғынның жүрегі тоқтап, ауруханаға жетпей жан тапсырды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста