Тараздағы кафе ас ішуге келген тұтынушыларына шошқа еті деп, иттің етінен ас ұсынған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Тараз қаласы Қолбасшы Қойгелді көшесі № 283 мекенжайда орналасқан «Антрекот» кафесінің бұқтырылған шошқа қабырғаларынан сынама алған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары астың иттің етінен дайындалғанын анықтаған.
Депутат Сергей Снигиревтің айтуынша, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалып, кафе егесіне айыппұл салынып, кемшілікті жою туралы санитарлық нұсқама берілген. Сондай-ақ, Тараз қалалық полиция басқармасына хаттар жіберілген.
Аталған оқиғадан соң «Заря», «Суши лав», «ДИРД» кафелері де санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарымен тексеріліп, олар жануарлардың ДНҚ-сына дайын өнім мен шикізаттың 20 сынамасын алды.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда есірткі өндіретін фитолаборатория анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Күдікті ретінде Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты мекенжайына тінту шаралары жүргізілген.
Тексеру барысында бақшада көлік шинасынан 4 каннабис бұтасы табылады. Сондай-ақ, қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтайды. Онда 2 каннабис бұтасы табылған. Мұнымен қоса, үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылады.