Талғат Бигелдинов туралы 13 факт
1. Талғат Бигелдинов көш кезінде түйеге тіркелген үлкен екі доңғалақты арбада дүниеге келген.
2. Бішкекте жүргенде өгей шешесі дұрыс қарамай, ашқұрсақ қалып, амал жоқ таудан кесіртке, жылан аулап жүрек жалғаған кезі болған.
3. Бала күнінде үйде бие мен сиырды бағып, оны кейін сауатын Талғат болған...
4. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған жалғыз қазақ.
5. Авиация генерал-майоры
6. Екінші дүниежүзілік соғыста ИЛ-2 ұшағымен 305 рет әскери шабуылға шыққан. Егер 330 рет шабуылға шыққанда, үшінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілер еді..
7. Фашистер Бигелдиновтың ұшағына «Қара өлім» деген лақап ат берген. Ал әріптестері оны «Қазақтың қыраны» деп еркелеткен. Айтпақшы, оның ұшағының нөмірі 13 болған.
8. Майдан командирі Иван Конев оны «Бақырауық» (Крикун) деп еркелеткен. Себебі, Бигелдиновтың негізгі міндеті барлаушылық еді. Содан оның радиостансасы қуатты. Ол сөйлегенде басқа радиостанса тоқтап қалады екен.
9. Ұшақпен аспанға көтерілген сайын әжесі үйреткен «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләәһил ъалийл ъазиим. Машаа алллаһу кәәна уә мәә ләм яша’ ләм укян. Әл-имәәну иқрарун бил-лисаани уә тасдииқун бил қалби, би мәә жәә-а биһи мин ъиндилләәһи. Мухаммадун расулуллаһ саллаллааһу әлайһи уә салам» дұғасын оқыған.
10. Соғыс кезінде барлығы 500 сағаттай аспанда ұшып, жеке өзі жаудың 7 ұшағын атып түсірген.
11. Бір өзі алғашқы 10 ұшу жорығында-ақ, дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды
12. Соғыстан кейін реактивті ұшақтарды сынаумен айналысты. Бір жолы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, 6 ай бойы ауруханада жатты. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, қайтадан өмірге араласып кетті.
13. Соғыстан кейін азаматтық авиацияның дамуына үлесін қосты. Мысалы, Алматы әуежайын қайта салдырды. Оған дейін Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке, сосын бірнеше сағат күтіп барып ИЛ-18 ұшағына мінетін. Қайтарда тағы солай.
Талғат Жанысбай
Facebook-тегі парақшасынан