Сырттан сиыр тасығанша, асыл тұқымды мал басын көбейтпейміз бе?!

Сырттан сиыр тасығанша, асыл тұқымды мал басын көбейтпейміз бе?!

Асыл тұқымды мал өсіру әлемдік тәжірибеде өте қымбат тұратын, жоға­ры технологиялық жоба болып табылады. Жоғары тұқымды мал­дың эмбриондарын алып, жасанды жолмен жай тұқымды малға салып, одан асыл тұқымды мал алуға болады. Бұл эмбрион кемі 1000 доллар тұрады. Әлемдік нарықта оның бағасы да жыл сайын қымбаттап бара­ды. Бірақ АҚШ-тан 20 мың дол­ларға сиыр тасыған­нан арзандау. Расы – осы.
Дауға айналған Дайрабайдың сиырлары емес, отқа май тамызған америкалық сиырлар Парламент отырысында көкпар тартқан көн тулақтай болған-ды. Алпауыт елден «ұшып келетін» сиырыңыздың жол пұлы да оңай емес. 600 мың теңгеге шығады екен. «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ төраға кеңесшісі Оңғар Дауылбаев: «Елімізде асыл тұқымды мал жоқтың қасы», – деп уәж айтқан болатын. Төраға кеңесшісінің уәжіне тағы да құлақ ассақ, алда тағы да 3 миллион бас Зеңгі баба тұқымын сатып алуымыз керек екен...
Елімізде асыл тұқымды мал болған. Бұрын. Әлі де бар. Бірақ аз. Алайда асыл тұқымды қазақстандық сиырларды көбейту – қолда тұрған тірлік. Тек құлық болса болғаны. Теңіз асып, тау асып келгенімен, жерсіне алмай, ажал құшатын қымбат сиырларға құмбыл болғанша, өзіміздікін өсіруге ынта болсын деңіз. 2004 жылы қабылданған Бюджеттік кодекске сәйкес, «Мал дәрігерлік қызметі» мем­лекеттік қазыналық кәсіпорны жа­былған болатын. Сол жылдарға де­йін тәп-тәуір қызмет атқарып келген кәсіп­орынның алар орны ерекше еді. Осындағы мал дәрігерлері малды емдеумен қатар, асылдандыру ісін де қоса атқарып келген-тін. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 2002 жылы 122 ұрықтандыру бекеті жұмыс істеп, 42,5 мың бас мүйізді ірі қара қолдан ұрық­тандырылған. Ал 2005 жылы қолдан ұрықтандырылған сиырлар саны 100 мың­ға жеткен болатын. Алайда осы жыл­дан кейін малды асылдандыру ісі ілгерілеу­дің орнына кейінге кеткен. Астанада­ғы «Асыл түлік» орталығы асыл тұқымды малдың ұрығын әр өңірге таратып беретін. Ал Кеңес Одағы кезінде «Асылтұқыммалбірлестігі» атты ар­на­йы мекеме жұмыс істеген. Он­да­ғы­лар одақтың түкпір-түкпірінің бә­рін асыл тұқымды мал ұрығымен қам­тамасыз етіп отыратын. Осында тұқым­дан­дыру­шылар, яғни осеменаторлар жұмыс істе­ген. 2005 жылғы баға бойынша ұрық­тың әр дозасы 140 теңгеге баға­ланған екен. Салыстырар болсақ, ұрық құны Ресейде – 7 долларға, шетелдерде 15 долларға бағаланған...Бүгінде осы сала­ның тамырына су жүгірту қажет болып тұр.

                                Абай ОМАРОВ (коллаж)

5 литр ғана сүт беретін жай сиырларды асылдандыру арқылы олардың келесі ұрпағын 20-30 литр сүт беретіндей дәре­жеге жеткізу де өз қолымызда тұр.
Мал тұқымын әр тарапқа жеткізумен қатар, оны сақтау мәселесі де көлденеңдеп алға шығады. Мәселен, сұйық азоттың бір келісі – 50 теңге, натрий нитраты ерітін­дісінің біреуі – 20 теңге, сонымен ұрық жет­кізу қымбаттай береді. Ал ғылыми бағыт бойынша қолданылатын Дюар ыдысы сияқты жоғары технологиялы ас­пап­тар да қымбат тұрады. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде кей аймақтарда асыл тұқымды малдың 1-2 пайызы ғана қа­лыпты. Бұрындары елімізде асыл тұқымды, етті ақбас сиырлар болған. Оларды Ресей мен Қазақстанның ғалымдары бірлесіп ғылыми тәжірибе арқылы шығарған бола­тын. Кезінде бұл үлкен ғылыми жаңалық ретінде жоғары бағаланған еді. Олжасы, бұл тәжірибе ретінде қалып қоймай, өн­діріске ендіріліп, еліміз қаншама пайда­ға кенелді! Тіпті халық шаруашылығы же­тіс­тіктерінің көрмесінде де жоғары бағаға ие болған-тын. Өкініштісі, көрменің алдын бермейтін сол ақбас сиырлардың қазіргі таңда азы ғана қалды. Сондай-ақ оңтүстік аймақтың табиғатына әбден бейімделген, бүгінде тігерге тұяғы қалмай барады деп айтуға шақ тұрған әулиеаталық сиырларды да көбейту мәселесі күн тәртібіне шығуы тиіс.
Шетел деп телмеңдей беруге болмас. Қолына мол қаражат ұстатса, қазақстандық ғалымдарымыз да біраз тірлік тындырар еді. Әттеген-айы – сол ғой, баяғы қаржы тапшылығы. Аяқты тұсаулай беретін. Егер дәл осы саланың көлеңкесіне күн түссе, елімізде айналдырған 10 жылдың ішінде асыл тұқымды малдың санын мыңдап, тіпті миллиондап көбейтуге болар еді. «Оңтүстік-Батыс» ғылыми-зерттеу орта­лығының мамандары осы сала бойынша бірнеше жоба жасағанымен, Үкімет та­рапынан қолдау таппай келеді. Мәселен, жылына кемінде 5000 литр сүт беретін сиыр тұқымын асылдандыратын бірнеше жоба жасалды, алайда ол жобаларды жүзеге асыру арманға айналып келеді. Және де сырттан әкелініп жатқан асыл текті малдың ұрығын алып, сақтап қоюға болады. Сол ұрықтармен жергілікті жер­лердегі өнімділігі төмен сиырларды ұрық­тандырсақ, ұтарымыз мол болмақ.
Эмбрион көшіру әдісі бүгінде әлемдік деңгейде кеңінен қолданылып жүр. Қытайдың кез келген ауылында эмбрион пункті бар. Бір мақтанарлығы, ең алғаш эмбрион көшіру әдісін қазақстан­дықтар қолданған. Осыдан тура 41 жыл бұрын, яғни 1970 жылы елімізде Фазыл Мұхамет­қалиев деген ғалым Алматыдағы биоло­гия­лық институтта өзге ғалымдармен бір­лесе отырып, осы әдісті қолданып, асыл тұқымды мал алған. Бұл Кеңес Одағы үшін үлкен жаңалық болатын. Әйтсе де бұл іс әрі қарай қолданылмай, тасада қалып кетті. Есесіне өзге елдер осы тиімді әдісті пайдаланып, үлкен нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сөйтіп, ірі жетістікті уыстан шығарып алған жайымыз бар. Жасырары жоқ, бүгінде еліміз мал өнімдерінің 60 пайызын шеттен әкеледі. Президент 2016 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға жет­кізіп, осы мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөлу туралы міндет жүктеді. «Оған қол жеткізудің төте жолы – сырттан сиыр тасу емес, қолда бар малды асылдандыру» дейді маман­дарымыз. Әрі арзан, әрі тиімді жол...
Мүсәтіллә Тоханов, «Оңтүстік-Батыс» ғылыми-зерттеу өндірістік орталығының бөлім бастығы:
– Бүгінде «Асыл түлік» орталығы осы сала бойынша үлкен бағдарлама жасап жатыр. Ұрықтың бағасын 180 теңгеге көтерді. Осыған байланысты осеменаторларға әр сиырды ұрықтандырғаны үшін 300 теңгеден төлейді. Алдағы уақытта осы салаға көптеп көңіл бөлінсе, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста