Шырағың сөнбесін, шырағым...

Шырағың сөнбесін, шырағым...

Үстіне шырақ шаншылған торт бүгінгі туған күндер мен үйлену тойларымыздың ажырамас атрибуттарына айналды. Жағылған шырақты үрлеп өшіргеніне бала да мәз, жас жұбайлар да мәз, оларға қол соғып, жиналған тойшыл қауым да мәз.

Торт – тағам ретінде өмірімізге сіңісіп үлгерді. Сондықтан тәтті дәмімен тәнті еткен торт туралы анау-мынау деп жатудың қажеті шамалы. Дегенмен айта кетейік, интернеттегі кейбір деректер торт пісіру Ежелгі Грекиядан бастау алған десе, енді біреулер оның тарихын орта ғасырлардағы Германиямен байланыстырады. Гректер Ай құдайы деп санайтын Артемида храмына дөңгелек етіп пісірілген торт немесе пирог апаратын болған деседі. Оның формасының дөңгелектігі Айды бейнелейтін. Ал Германияда туған күн тойлау дәстүрі Иса пайғамбардың дүниеге келуін тойлаумен тығыз байланысты-мыс. Онда да осы мерекеге орай торт пісіру дәстүрі болған.
Ортағасырлық Англияда да торт ішіне белгілі бір затты, мәселен, сақина, тиын, басқа да дүниелер жасырып пісіріп, ол кімге келсе, сол адам байлыққа, бақытқа кенеледі деп ырымдаған екен.
Бұл жөнінде тоқталып жатқанымыздың себебі үстіне шырақ жағып, оны үрлеп өшіру де торттың тарихымен байланысты болғандықтан.
Бірінші нұсқаға сенсек, гректер Артемида храмына әкелген пирогтың үстіне шырақ жаққан, өйткені ол Айдың нұрын бейнелейтін. Екінші бір пікірлерге сүйенсек, орта ғасырларда германиялықтар әдемі шырақтар жасап, оны туған күндерде діни рәсімдермен торттың дәл ортасына қоятын болған. Бұл – өмір шырағы деп есептелсе, тілек айтып, шырақты бір деммен үрлеп өшіру де сол кездерде Германияда пайда болған екен. Шырақ өшкенде шығатын түтін ауаға тарап, адамның тілегін аспанға алып кетеді деп сенген.
Қазір саудада төменгі бағасы 100 теңгеден басталатын, тортқа арналған шырақтың түр-түрін табасыз – қарапайым шырақтар, жан-жағына ұшқын шашатын шырақтар, гүлі ашылып, ән салатын құрылғылары бар шырақтар, несін айтасыз, қалтаңызға қарай қалағанын сатып ала аласыз.
Сатушылардан жай-жапсарын сұрай бастасаң, қайсысы қай тойға лайықты екенін, тіпті қазір тек туған күн мен шаңырақ көтеруге ғана емес, басқа да тойларда кеңінен қолданыла бастағанын егжей-тегжейлі баяндап береді.
Расында, шырақ үрлеу үрдісі, той кезінде қалыңдықтың гүл лақтыруы, қалыңдықтың аяқкиімін ұрлау секілді сырттан келген әдеттердің бірі ғана. Бірақ қазір Валентин күнін атап өту секілді бұл да мектеп пен балабақшаларға дейін дендеп еніп келеді. Бұл туралы қоғамдық пікір де әрқилы.
Қалай десек те, қазақ отты тіршіліктің төрт тірегінің бірі санаған. «Ошағыңның оты өшпесін» деп тілек айтып, «оттай жанып тұрған жан екен» деп мақтауын асырған. Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін», Мұқағали «Сөнбейді, әже, шырағың» деп өлмес шығармалар жазып қалдырғанын да білеміз. Ендеше, той үстінде торттағы шырақты өшірмес бұрын аздап ойланып алғанымыз жөн сияқты.
Сандуғаш ЕЛУБАЙҚЫЗЫ, ата-ана:
– Менің мектеп жасында екі балам бар. Бірақ ешқайсысының туған күндерінде ондай дәстүрге жол берген емеспін. Менің ұғымымда отты өшірмей, қайта жағу керек. От – тіршілік көзі деп есептеймін, сондықтан отты өшіру – мен үшін жаман ырым.
Әмина ОҢҒАРОВА, даяшы:
– Меніңше, той үстінде жарықты өшіріп, үстінде шырағы жанған торт әкелу – жас жұбайларды романтикаға жетелейді. Іштерінен тілек тілеп, жақсылыққа ұмтылса, оның несі айып? «Анау біздің дәстүріміз емес, мынау болмайды» дейтіндерді түсінбеймін. Біз уақытқа ілесе білуіміз керек қой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста