Шымкентте палау пісірушілердің байқауы болып өтті. Аспаздар фестивалі осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. «Достық дастарханы» атты байқауды Облыстық өзбек мәдени орталығы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырып отыр. Фестивальға өңірімізден және алыс-жақын шетелден 28 қатысушы қатысып, өзара бақ сынасып, палаудың түр-түрін дайындады.
Икрамжан ХАШИМЖАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдени орталығының директоры:
– Бұл тағамның барлығының дәмі бір деп ойлап қалмаңыз. Бәсекеге түсіп жатқан аспаздардың 28 қазанында 28 түрлі дәмдегі палау дайындалуда. Бұл байқау келесі жылы мұнан да көлемді етіп өткізу ойда бар. Оған тіпті шетелдерден де қатысушылар шақырылуы мүмкін.
Барлық аспаздың мақсаты — тіл үйірер палау дайындау. Өлкенің намысын қорғаған Самат Мұсаевтың айтуынша, бұл өнер ата-бабасынан бері жалғасып келеді екен. Тіпті, ол ззбектің ұлттық асын дайындау үшін шекара асып, Өзбекстанға барып, қажетті қоспаларын мен күрішін арқалай келіпті.
Самат МҰСАЕВ, байқауға қатысушы:
– Мен палау фестиваліне алғаш рет қатысудамын. Аспаздардың тәжірибесін шыңдайтын дәл осындай жарысты ұйымдастырғандарға алғысым шексіз. Мен дайындайтын палаудың бәріне ұнайтынына сенімдімін. Аспаз үшін ең бірінші сенімділік керек.
Бір қызығы, жарысқа қатысушылардың жасына, ұлтына, біліміне шектеу қоймады. Тек пісірген тағаының тіл үйіретіндігіне басты назар аударылды. Төрешілер аспаздың шеберлігі мен тағамды дайындау шеберлігіне бойынша бағалады.
Сыдықбек ТАШМҰХАМБЕТОВ, «Достық дастарханы» байқауының әділқазысы:
– Палаудың жүзден көп түрі бар. Тіпті, әр бір ұлттың өзінің палауы бар. Қазақтың, өзбектің, түркіменің, Наманганның, Тәшкенттің палауынының да өзіндік дайындалуы болады. Біз бағалау барысында ең дәмді деп танылғанды жүлдегер деп танимыз. Бір емес, бірнеше бағыт бойынша бағалаймыз. Күрішіне қараймыз, етіне мән береміз. Ең бастысы — аспаздың киім үлгісі де, тазалығы да бағаланады.
Күріші салынып, тұздығы түгелденген палауды безендіруге кіріскен қатысушылар оған піскен жұмыртқа, мейіз пен өрік исі мүңкіген асқа көрік берсе, сарымсақ тіл үйірер дәмін кіргізді. Палаудың бірнеше түрін бағалауға бел байлаған әділқазыларға да оңайға соқпады. Десе де, әділқазылар алқасының төрағасы Сыдықмат Ташмұхаммедовтың айтуынша, өзіндік ерекшеліктерімен бағалайндығын жеткізді.
Байқау соңында асын дайындап, әділқазылар алдына ұсынған аспаздар ішінен шымкенттік аспаз Лазиз Ганиев жеңіп шықты. Фестивалдің өзгеде қатысушылары құралақан қайтпады. Жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, палаудан дәм татқызған шеберлер бағалы сыйлықтарға ие болды.