Шығыс – нәзік мәселе

ШҚО-ның барлық басшысы неліктен өзге өңірдің адамдары?

Бұл мәселе бірнеше жылдан бері ас үйде, көшеде, ауданда, ауылда, облыс орталығы мен Семейде қозғалып келеді. Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты, ел Президенті жаңа Қазақстан жайлы жариялады, бірақ жергілікті жерлерде өзгерген ештеңе жоқ, бәз-баяғыдай келімсек шенеуніктер, уақытша қызметкерлер мен басшының жақын-жуықтары….

Шығыс ертегілері

Шығыс өңірді түркістандықтар, павлодарлықтар, қызылордалықтар, алматылықтар, атыраулықтар және т.б. басқаратыны жасырын емес… Бұл олардың туып-өскен жері емес, тек мансаптық өсуге саты, карьерадағы кезекті қадам.

Таңқаларлық қой, бірақ факт! Аймақтағы рудың дені наймандар, бірақ олар биліктің төменгі сатысында тұр. Әрі кетсе аудан әкімдері немесе облыстағы салалық басқармалардың басшылары, яғни, орындаушылар. Ал облыс әкімдігінің барлық басшысы өзге өңірден келгендер.

Бәлкім, Ахметов мырза үшін бұл қалыпты жағдай шығар. Алайда өңір халқына бұл ұнамайды, қаңтар тәжірибесі көшелер мен ас үйдегі ахуалды елемеу қауіпті екенін көрсетті.

Шығыс даналығы?

Бұл қалай болғаны? Көргені көп, беделді әрі тәжірибелі менеджер Ахметов мұны қалай көрмей отыр? Әлде, мән бермеді ме? Я болмаса ол үшін Президент айтқандай, бастысы туған жері, руы, жүзі емес, қызметкерлердің жоғары кәсібилігі маңызды ма? Елдегі кілең қаймақтарды жинап, команда құрды, ал жергілікті тұрғындар… әлі мұндай деңгейге жетпеді ме екен?

ШҚО қазіргі басшылығының кадр саясатындағы қыр-сырын зерттеп көрейік.

Тіпті, асығыс жасалған талдау облыс әкімдігіндегі барлық маңызды лауазымды павлодарлықтар, алматылықтар және оңтүстіктердің өзара бөлісетінін көрсетті.

Даниал Ахметов, 1954 ж.т., Павлодар қаласында дүниеге келген, ШҚО әкімі. Бұл адамды ерекше таныстырудың қажеті жоқ.
Ерлан Аймұқашев, 1970 ж. т., ШҚО әкімі аппаратының басшысы. Павлодар қаласында туған, 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген. Бүкіл мансабы Даниал Ахметовпен байланысты.
Алмасхан Сматлаев, 1989 ж.т., ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, ОҚО-да дүниеге келген, оны «бас оңтүстікқазақстандық» деп атайды, мансабына қарасақ, өте талантты, әкесі ОҚО мен Атырау облысының бұрынғы прокуроры. Төменде осы талантты жігіттің өмірбаянына толығырақ ораламыз.
Әлішер Мархабат, 1986 ж.т., ШҚО әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары. Алматыда туған.
Ілияс Мұхамеджан, ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматыда дүниеге келген, сол жерде оқып, еңбек жолын бастаған.
Нұрымбет Сақтағанов, 1970 ж.т., Семей қаласының бұрынғы әкімі. Қызылордада туған, Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, Қызылорда экономика институтын бітірген. Бұл жігіт облыстағы екінші ірі қаланың басшысы болып тағайындалып, қызметінен абыройсыз кеткенімен танылды, аймаққа уақытша әкімнің түк пайдасы жоқтығына жарқын дәлел. Айтпақшы, бұл оңтүстіктің тумасы ШҚО, Ұлан ауданының әкімі болған кезде бұл аудан үнемі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдан көз ашпады. Бірақ сол кезде облыс әкімі Сақтағановты жатып кеп мақтады.

Әлбетте, басшылық лауазымның біріне неліктен жергілікті мамандар тағайындалмайды деген сауал туындайды. Өңір халқы бұған әртүрлі жауап береді, бірақ әкімнің жоспары бар. Қандай дейсіздер ғой? Бұл аймақта басшылық қызметке қандай адамдар қандай талап бойынша жайғасқанын талдап көрейік.

«Киндер-тосынсыйдан» бастайық, шырайлы Шымкенттен келген ШҚО басқаруда екінші ықпалды тұлға 33 жастағы жас данышпан Алмасхан Сматлаевты көпшілік осылай атады. 2009 жылы, 20 жасында-ақ ол «Сервис и Технологии ИНВЕСТ» (Мәскеу қ, РФ) компаниясы бас директорының орынбасары атанған еді.

Бұған дейін РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетін, Блумгер университетін (Пенсильвания, АҚШ) бітіріп, «экономика», «халықаралық экономика», «қаржы және несие» мамандығы бойынша төрт диплом және «мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Жап-жас жігіттің қалайша мұнша білім алғаны жайлы еш жазылмаған, есесіне Шымкент қаласының тумасы, 1983-1998 жылдар аралығында ОҚО облыстық прокуратурасының қызметкері болған, кейін Атырау облысының прокуратурасын басқарған әкесі Бауыржан Мамытбекұлы Сматлаев туралы ақпарат бар. Мәскеудегі жұмысынан соң 2014 жылғы қарашадан бастап Алмасхан бірден ШҚО әкімінің көмекшісі атанды, 2016-2018 жылдары ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, ал 2018 жылғы ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Мысалы, 2019 жылдың соңында аудандық «Дарын» КМҚК директоры Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторына лауазымды тұлғаларға пара ретінде ақша берді. Сол жылы осы факті және басқа да бірқатар эпизод бойынша ШҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатысты сот процесі болып, 70,1 млн.теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Сонымен қатар, Ұлан ауданы аумағындағы мемлекеттік сатып алуларға байланысты жеке компания директорынан пара алған ШҚО қызмет көрсету сапасын бақылау департаментінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды. Айта берсек, мұндай мысал жетеді, бірнешеуін ғана қозғадық.

Бірақ аймақ басшысы сол кезде Сақтағановты ауданның жетістіктері үшін мақтады, сосын лауазымын өсірді. Мәселен, 2020 жылдың басында облыстың барлық қаласы мен аудан басшыларының қатысуымен өткен облыстық жиында әкім Даниал Ахметов «Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берді» (ресми есептен алынған дәйексөз). Көп ұзамай ШҚО әкімі нашар жұмысы үшін аудан басшыларының шаңын қағады, Шығыс Қазақстан облысындағы 15 ауданының 3-і ғана сынға ұшырамады. Ахметовтің сын садағына ілінбеген «мінсіз» үш ауданның бірі тағы да сол Сақтағанов басқаратын Ұлан ауданы еді. Қазір ол қайда?

Айтпақшы, Ахметов Сақтағановтың арқасынан қағып жатқанда ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ренат Нәбиев өз есебінде Ұлан ауданы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты шағымдар, өтініштер мен арыздар көп түсетін Шығыс Қазақстандағы бес ауданның бірі екенін мәлімдеді.

Бір айдан соң Сақтағанов мырзаны Семей қаласының әкімі етіп тағайындайды. Рас, онда ол көп отырмады, халық келімсекке шыдамады да артынша әкім жергілікті адаммен ауысты. Ұлан ауданының тұрғындары мұндай кадрлық саясатқа байланысты «Жақсы әкім – бұл адал әкім» деп әзілдеседі.

Шығыс базары

Жоғарыда жазғанымыздай, облыс басшысының орындауындағы осы кадрлық ауыс-түйістер шығысқазақстандықтардың ығырын шығарды.

– Ұлы Абайдың туған жерінде қалайша жергілікті мамандар табылмайды? Қалайша ұлан-ғайыр жерімізде 20 жасқа дейін төрт шетелдік дипломды қалай алғаны белгісіз Сматлаев сияқты талантты білімді жастар жоқ? Неліктен барлық шешімді, соның ішінде автокөлік құрастыру зауытын жабу секілді маңызды шешімді келімсек шенеуніктер қабылдайды?

Көп әкім жаңа қызметке кіріскенде командасын өзімен бірге алып жүруді жалғастырып жатыр. Осылайша, ойланбай шешім шығаратын тұлғалар аймақта белгілі бір проблемалар туғызады. Заманауи жас шенеуніктер, мысалы, әкімнің бірінші орынбасары бұл аймақтағы жұмысын мансаптық өсу жолындағы саты ретінде пайдаланады.

– Келімсек әкімдерге, әкімдердің орынбасарларына мұнда не керек? Есеп үшін бірнеше жыл жұмыс істейді. Міне, осы ғана. Қалай болса солай аздаған уақыт еңбек етеді, содан кейін республикалық маңызы бар қалаларға ауысады. Мұнда олар өмір сүрмейді! Ал халық қалады. Олар уақытша адамдар. Соған сәйкес, көзқарасы да сондай.

Бұл жаңа команда басқа өңірден келген сайын қайталанады. Мәселелер шешілмейді. Егер олар жергілікті болса, онда қарым-қатынас басқаша болар еді, өйткені олар халықтың арасында өмір сүреді. Барар жері, басар тауы жоқ, шалағай шешім шығармайды, ауылдастары да мән-жайды біліп отырады.

– Әдетте тұрғындар жергілікті шенеуніктерге көбірек сенеді. Егер адам басқа аймақтан келіп, бірден әкім болса, жергілікті тұрғындар оған күдікпен қарайды. Бөтен адамдарға, уақытша адамдарға сенім жоқ. Егер әкім жергілікті болса, тұрғындардың көзқарасы басқаша болады. Ауыл халқы да «не істеп жүрсің?» деп сұрақты төтесінен қояды. Себебі оның анасын, әкесін, ағасын барлығы біледі. Сосын олар келімсектер сияқты шектен шықпайды. Өйткені туыстары, үйі, бала-шағасы осында. Ахметов басқа өңірге ауысса, командасы да тарап кетеді. Ал қордаланған мәселелер сол күйі қалады.

Келімсек шенеуніктердің жергілікті жұртты төмендетені, мезі еткені жайлы көптеген мәселені саяси әдептілік үшін айтпадық. Бірақ Шығыс Қазақстанның халқы турашыл, шыдамның да шегі бар.

altyn-orda.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста