Шыбын-шіркейден сақтаныңыз

Шыбын-шіркейлер – ауру қоздырғыштарын таратушылар. Әсіресе олар іш сүзегі, тырысқақ, дизентерия ауруының қоздырғыштарын тасымалдайды.
Шыбындар – қосқанатты жәндіктердің өкілі. Ересектерінің аяғындағы түктер кір жабыстырады, олардың ауру тудыратын бактерияларды тасымалдайтыны сон­дықтан. Шыбын патогенді бактерияларға төзімді, ластанған заттармен жанасқаннан кейін бактериялар оның жемсауындағы сілекеймен қайта шығады, сөйтіп, қоздыр­ғышты бір жерден екінші жерге апарады. Бұл жәндіктер туберкулез, дифтерия қоз­дырғыштарын, гельмент жұмыртқаларын және қарапайымдылар цисталарын да та­сы­малдайды. Жазда шыбындардың көбе­йе­тіндігінен ішек аурулары эпидемиясы да көп өршиді. Шыбындар өте үдемелі кө­бе­йеді, аналық шыбын бір уақытта 160 жұ­мыртқа сала алады. 1-2 аптадан кейін ли­чинкалар қуыршақтанады. Бір айдан ке­йін жаңа шыбындар пайда болады. Ана­лық жұмыртқасын таза емес, қараусыз қалған өлімге тастайды. Олар­дың аяқтарында дәм­дік рецепторлары орналасқан.
Ал шіркей – қосқанатты қансорғыш жәндік. Жер шарында кең тараған 1000-нан астам түрі белгілі. Денесінің ұзындығы – 2-4 мм. Ересек шіркейлер судан тыс тір­шілік етеді. Негізінен, таңертең, ымыртта ұшып, осы кезде адамдарды шағады. Сіле­кейі улы шіркейлер шаққанда шағын және жалпы реакциялар пайда болады. Бұлар адам киімінің астына, көзге, құлаққа кіріп кетеді. Барлық түрлері адамда лейшма­ниоз, туле­ремия, түйнеме ауруларының қоз­дырғы­шын таратады. Шыбын-шіркей­мен күресу үшін ішек аурулары, инфекция­лы гепатит, полиомиелит және т.б. инфек­ция ауру­ларының алдын-алу шараларын қол­дану қажет. Қоршаған ортаның және то­пы­рақтың шіріген қалдықтарымен лас­тануы, қоқыс контейнерлерінің уақытылы шы­ғарылмауы және тазаланбауы, сондай-ақ күнделікті тұрмыс жағдайында түрлі қал­дықтардың дұрыс сақталмауы шыбын-шіркейді көбейтеді. Шыбын-шіркейлерді біржолата құрту мүмкін емес. Сондықтан Алматы қаласының дезинфекциялық стан­циясының сала мамандары халықтан сақ­тық шараларына аса көңіл бөлуді сұрайды. Тұрғындар үйлерін, саябақтарын, қорасы мен аула алаңдарын міндетті түрде дезин­фек­циялағаны дұрыс.
Әлімжан ҚҰРБАНОВ, Эльмира БЕКНАЗАРОВА, «Алматы қаласының дезинфекциялық станциясы» РМҚК мамандары

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста