Сұлулық салондарында тазалық жоқ

Қазір аяқ басқан са­йын – сұлулық салоны. Оларда көрсетілетін қызмет түрлері де көп. Алайда сол сұлулық салондарында тазалық талаптары керемет сақталады деп қазір сеніммен ешкім айта алмайды. Сәнді шаш үлгісін жасатам, иә болмаса аяқ-қол тырнақтарын егетем дегендердің ішінде бастарына ауру жамап алғандары да жоқ емес.
Сұлулық салондарында тазалық жоқ­тығын тексеру жүргізген санитар-эпидемиолог мамандар айтып отыр.
Рузалия ШАКИРЗЯНОВА, Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының коммуналдық нысандарды қадағалау бөлімінің бастығы:
– Ақтөбе облысында 282 шаштараз болса, оның 82-сі – тырнақ егеп беретін сұлулық салоны. Ал 12-сінде әртүрлі татуаж жасап береді. Осы сұлулық са­лон­дарының 30 пайызына жуығында маникюрлік құралдарды зарарсыздандыру деген мүлдем жоқ. Құралдар тұр­мақ, керек десеңіз, адам кіріп-шығып жатқан сұлулық салонының ішін жуып-тазаламайтындары да бар. Тіпті тазалайтын құралдармен жабдықтауға бас қатырмағандары да кездесті. Анық­тал­ған жайттар бойынша 423 мың теңгеге 49 айыппұл салынды.
Қазір газет беті түрлі татуаж жасап, шаш қиып береміз деген хабарландыруға тұнып тұр. Тіпті үйге келіп те жасап береді. Олар өздерінің осы әрекеттері арқылы В және С гепатиттерін жұқтыру сияқты адам ден­саулығына қатер төндіретіндіктерін сезбейтін секілді. Өйткені олар бірнеше мәрте қайтара қолданылатын пышақ, қайшы, егеу сияқты құралдарын уақытында және тұрақты түрде зарарсыздандырып тұр­майды. Тіпті мұнда жұмыс жасайтын қыз­меткерлердің өздері уақытында тексеруден өтпейді екен. Талап бойынша сұлу­лық салондарында күн сайын шеберлердің қол­дарында жара, сызаттардың бар-жоқ­тығы тексеріліп, арнайы журналға жазылып тұруы керек. Тазалықтың сақталмай­тындығынан тұтынушылар бейхабар, бар­лық қауіп-қатер осы сұлулық салонынан екенін біле қоймайды. Олай дейтініміз, Дү­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазір жер шары бойынша 400 млн адам созылмалы В гепатитімен ауы­рады, ал С гепатиті қоздырғышы барлар одан үш есе көп. Сондықтан қауіп-қа­тер деген аяқ астында дегендей, сұлулық сало­нына барамын деп жүріп, сау басы­мызға сақина тілеп алудан сақтанайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста