Сұлу болғыңыз келсе, Совминге келіңіз!

Кім сұлулықты сүймейді дейсіз?! Және де әркімнің-ақ сұлу болғысы келетіні тағы рас. Ал бүгінгі таңда тәнді сұлу етуге мүмкіншілік мол.
Кез келген ірі қалалардан косметологиялық салондарды іздемей-ақ табасыз. Алайда солардың бәрі де сапалы қызмет көрсете ала ма? Косметологиялық орталық таңдағанда неге баса назар аударған жөн? Бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ.

ҚР Президенті істері жөніндегі бас­қар­масы медицина орталығының клини­калық ауруханасы – Совминнің Эстетика­лық косметология орталығының басшысы, бірінші санатты дәрігер-дер­матокос­метолог Гүлнара Еркешбай­қызы Дербісо­ваның айтуынша, космето­логия – меди­цинаның бір бағыты. Сондықтан да кос­­метологиялық қызметті білікті дәрігер маман жүзеге асыруы тиіс. Өйткені кейбір косметологиялық қызметті жай медбике жүргізе алғанымен, енді бір қызметті жоғары білімді дәрігер ғана амалға асыра алады. «Өкінішке қарай, бірқатар кос­ме­тологиялық салондарда көп жағдайда үш айлық курсты тамам­даған мамандар қыз­мет жасап жүр, бұл жеткіліксіз. Өйткені үш айлық курсты бітіріп, қолына сертификат алған қыз­меткер адам анатомиясын толық меңгере алмайды. Косметологиялық орта­лықта инъекциялық ем жасайтын қыз­меткер ең болмағанда адамның бұлшық еттері мен нерв жүйесі жайлы білуі тиіс» – дейді косметолог маман.
Маманның бұл айтқандарымен келісу­ге де болады. Себебі бүгінгі таңда ірі қала­ларда тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген косметологиялық салондардың бәрі талап­қа сай деуге келмейді. Базбір жағ­дайларда кей нәзік жандылардың косметологиялық салон қызметінен жапа шегіп, құқық қор­ғау органдарына жүгініп жатуы осының дәлелі болса керек. Сондықтан да кос­мето­логиялық орталықты дұрыс таңдай білу қажет. Ал орталық таңдауда нені ескерген жөн? Бұл жайлы мамандар не дейді?
Гүлнара ДЕРБІСОВА, Совмин ауруханасының Эстетикалық косметология орталығының басшысы:
– Ең алдымен косметологиялық орталыққа келген әрбір емделушіге жеке карточка ашылуы тиіс. Ол карточ­каға емделуші жайлы барлық мағлұ­мат­тар енгізілуі шарт. Емделушінің денсаулығы, қандай аурумен ауырған­дығы, дәрі-дәрмекке аллергиясы бар- жоғы түгелдей жазылуы тиіс. Сонан соң емделушіге ем жасар алдында вирус­тық ауруларға анализ тапсыртуы шарт. Өйткені көптеген вирустық аурулар ауамен және тамшылап емдеу жолымен жұғады. Тіпті кейбір ауру түрлерімен ауыратын адамдарға косметологиялық ем жасауға болмайды. Ал көптеген кос­метологиялық салондар бұл талапты орын­дай бермейді. Сондай-ақ ем жасаудан қалған медициналық қал­дық­тар арнайы цехта өртеу жолымен жойылуы тиіс. Өйткені көшедегі қоқыс контейнеріне тасталған қалдықтар ауру таратуы мүмкін. Тағы бір ескеретін жайт, мысалы, қарапайым косметологиялық салондарда бетке шыққан безеуді не әртүрлі дақтарды емдеуде теріні тазалау әдісін ғана қолданады. Ондай дақтардың гастропатологиялық, гине­ко­логиялық проблемалардан және эко­логияның салдарынан орын алатынын ескере бермейді. Сондықтан арадан аз уақыт өткенде бұрынғы дақтар қайта пайда болады. Ал Совминнің Эсте­тикалық косметология орталығында жо­ғарыда айтылған талаптар түгелімен орындалады. Егер беттегі даққа бай­ланысты ем алу керек болса, дәрігер іздеп қаланың екінші шетіне жүгір­мейсіз. Бізде бәрі бір жерде және бар­лық дәрігерлеріміз өз ісінің білікті ма­маны. Сонан соң біздің орталыққа екін­ші рет келгенде, сіз туралы мағлұмат біздің қолымызда тұрады. Уақытыңызды да үнемдейсіз. Сондай-ақ кейбір кос­метологиялық ем жасайтын ап­парат­тар тек біздің орталықта ғана бар. Тән сұлулығын тек кәсіби мамандарға ғана сеніп тапсырған абзал. Бір сөзбен айтқанда, сұлу болам десеңіз Сов­мин­ге келіңіз!

Орталық басшысының айтуына қара­ғанда, мұнда қызмет бағасы да аса қымбат емес. Қаладағы өзге орталықтармен са­лыс­тырғанда 1,5 есеге арзан. «Аспан­дағы бағаны қойып ай қарап отырғанша, қол­жетімді бағамен көптеп клиент тартқан абзал», – дейді Гүлнара Еркешбайқызы.
Орталық жұмысымен танысу барысын­да мамандардың біліктілігі мен қызмет сапасын көріп, біз де дән риза болдық. Гүлнара Еркешбайқызының әңгімесіне алып-қосарымыз жоқ. Тек біз де өз тара­пымыздан «тән сұлулығын Совминге сеніп тапсырыңыз» дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста