Суды ысырап етпейік

Суды ысырап етпейік

Дәрігердің қабылдуында отырмын. Хирург жарақатымды таңуға әзірленіп жатыр. Ол әуелі қолын жууға қамданды да кранды ашты. Су сарылдап ағып тұр. Дәрігер әуелі резеңке қолғабын шешті. Құтыға құйылған сүйық сабыннан алақанына тамызып алып, асықпай әр саусағын салалап сабындады. Ал су әлі ағып тұр. Қолын әбден сабындап алғаннан кейін сумен шаюға кірісті. Мүмкін өзіне білінбес, бірақ сырт көзге судың ысырап болып жатқаны қатты байқалады екен.

Кейінгі кезде табиғи  ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаға жанашырлық таныту туралы тақырып жиі қозғалады ғой. Бірақ біздің қоғам таза судан шын таршылық көрмегеннен болар, үнемдеу туралы ойланбайтын да секілді. Өткенде әлеуметтік желіні шолып отырып, бір блогердің 2 жастағы баласына тіс жууды үйретіп жатқанын көзім шалды. Суды ағызып қойып, щетка ұстауды, оған паста жағуды үйретті, арасында баласы әлгі щетканы қолынан түсіріп алды. Осы әрекеттер қанша минутқа созылғаны кім білсін, сол аралықта су сарылдап ағып тұрды.  Мыңдаған оқырманы бар блогерге «суды ысырап етпеңізші» деп пікір қалдырдым. Ол менің жазған пікіріме назар аудара ма, жоқ па кім білсін, бірақ көріп тұрып ескертпей кетуге де дәтің шыдамайды.

·        Біле жүріңіз

–        3 минут бойы ашық тұрған краннан 36 литр су ағып кетеді

–        Бір адам шомылғанда  кемінде 180-270 литр су пайдаланады.

–        Кранды ашып, қол жуғанда 1 минутта 12 литрдай су ағады

–        Тіс тазалағанда су үнемі ашық тұрса 30 секундта 6 литр су қолданылады, адам кемінде 3 минуттай тазалайды.

–         Шашты сабындаған кезде суды өшіріп қойсаңыз, 40 литр су үнемдеуге болады.

–        Бір адамға белгіленген суды пайдаланудың айлық нормасы 330 литр.

–        Егер көкөністер мен жемістерді ыдысқа салып жусаңыз, 20 литр су шығындайсыз, ал кранды ашып жуғанда 110 литр су шығындалады.

–        Суды үнемдеу үшін құбырлардан судың тамшыламауын қадағалап отырған жөн.

–        Көлікті шелекке су құйып жусаңыз, 30 литр су жұмсайсыз, ал егер шлангтан аққан сумен жусаңыз 240 литр су далаға кетеді.  

Су – тіршілік нәрі. Сусыз күніміз қараң. Қазақстан әлемдегі басқа елдермен салыстырғанда суды көп қолданатынын ескерсек, өмір нәрі ресурстарын бей-берекет ысырап ету тоқтамаса болашақта су тапшылығына ұшырауымыз әбден мүмкін. Өйткені қазіргі кездегі үлкен мәселе – дүние жүзіндегі су тапшылығы. Егер суды үнемдеуді үй­рен­бесек, со­ңы жақсылыққа алып келмесі анық.

Күллі әлемнің жаратушысы Алла Тағала да ысырапшылдықты сүймейді. Құранда:

«...Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді» – деп, берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, бірақ ысырап жасамауымызды ескертсе, Пайғамбарымыз:

«Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер», – дейді.

«Ысырап» сөзінің тілдік мағынасы, дүние-мүлкіңді, керек-жарағыңды орынсыз шашу, артық шығынға жол беру, мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытыңды дұрыс қолданбау, Алла Тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау дегенді білдіреді. Ысырапқа бармау үшін үнемшіл болу қажет. Үнемшілдік – шүкіршіліктің белгісі. Үнемшіл адам Алланың берген нығметтерінің қадірін біледі.

 

Айнұр Нұрсабет 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста