СҚО-да екі гидротехникалық нысан апатты жағдайда тұр

Солтүстік Қазақстанда 20 гидротехникалық нысан бар. Олардың екеуі апаттық жағдайда тұр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

БИЫЛ ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

 

Солтүсік Қазақстан облысында 85 елдімекенді су басуы мүмкін. Биыл Теріскейде жауын-шашын көлемі жылдағы мөлшерге сай болғанымен, қардың құрамында ылғал көрсеткіші жоғары. Әрі жердің беткі қабаты 1,5 метрге дейін қатып қалған. Бұл тасқын қаупін күшейтетін факторлардың бірі.

 

«AMANAT» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының отырысында су тасқыны жағдайына дайындық және өңірдің барлық гидротехникалық құрылыстарының жарамдылығы мәселелері талқыланды.

 

Облыс әкімдігі аппаратының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Берік Ғабдулин өңір аумағында 20 гидротехникалық құрылыс бар екенін хабарлады. Екеуі – апатты жағдайда. Олар – су қоймасы бар Шарық су торабы және Уәлиханов ауданы Қаратал ауылындағы «Сегіз көз» сегіз терезелі су өткізу ғимараты.

 

«Төртеуі қанағаттанарлықсыз жағдайда: Есіл ауылының жанындағы арынды-реттеуші бөгет, Петропавлдағы Ущев көшесіндегі қорғаушы бөгет, «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгеті және Тілеусай ауылының жанындағы су қоймасы бар су көтергіш бөгет. Қалған 14 ГТҚ – қанағаттанарлық жағдайда», - деді Берік Ғабдулин.

Мамандар тағы төртеуіне «қанағаттанарлықсыз» деген баға беріп отыр. Ал төтенше жағдай қызметінің өкілдері өңірде 85 елдімекенді су басу қаупі барын айтты

 

БИОТОҒАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

 

Ол темір-бетон плиталарын ауыстыру және «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгетін нығайту бойынша реконструкцияны аяқтау мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Ущев көшесі бойындағы қорғаушы бөгетті күрделі жөндеу талап етіледі, онда су өткізу құрылыстарында алшақтықтар байқалады және реттегіш шлюздер жоқ. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жобасы әзірленуде. Бюджеттік өтінім осы жылдың наурыз айында сараптама қорытындысын алғаннан кейін жіберіледі. Сонымен қатар, Тепличное және Прибрежное ауылдарында қорғаныс бөгетін салу жоспарланып отыр. Жоба әзірленіп, ақпан айында сараптамаға жіберіледі.

 

«Мамандардың айтуынша, облыс бойынша топырақтың қату тереңдігі –149 см, бұл өткен жылғыдан 27 см артық. Сергеевка су қоймасының толымдылығы 76,5% құрайды, бұл 2022 жылғыдан 10%-ға аз. Қаңтар айының соңында су қоймасының көлемі 530 млн. текше метрді құрады, қар жамылғысында қорлардың жинақталуы ақпан айында және наурыз айының басында жалғасатынын ескере отырып, күрт жылыну жағдайында облыс өзендеріндегі су деңгейінің қауіпті белгілерге дейін көтерілуі мүмкін», - деп қоса айтты Берік Ғабдулин.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сәкен Ағзамов көктемгі кезеңге дайындық туралы айтты.

 

«Су тасқынына қарсы іс-қимылдың арқасында 175-тен астам елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Су басуға бейім елді мекендердің тізбесі өзектендірілді. Бүгінде су тасқынына бейім 85 елдімекен есепке алынды», - деп атап өтті Сәкен Ағзамов.

 

Сондай-ақ, оның айтуынша, департаменттің қарауында халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін 10 жоғары өтімді вахтовка, жол талғамайтын 5 көлік, 7 жүзу құралы, 82 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм және сыйымдылығы 400 адамнан асатын 21 шатыр бар. Барлық техникалық ресурстар су тасқыны осал учаскелерге алдын ала жеткізіледі.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста