Созақтықтар неге қартайып барады?

Оңтүстіктегі Созақ ауданы әу бастан-ақ экологиялық аймаққа жатады. Уран кеніші ашылмай тұрып-ақ мұнда халық денсаулығына кері әсер ететін жайттар жетіп-артылатын-ды. Таза ауызсу мәселесі де басты ауыртар басты мәселелердің бірі болатын. Облыс бойынша шаққанда да тұрғындарының денсаулығы төмендігі жөнінен алдыңғы орындардан көрініп жүр. Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi тұрғындардың денсаулығын экологиялық жағынан ғылыми тұрғыда зерттеу туралы шешім шығарып, аймақтарға мамандарын аттандырған болатын. Құрамы медицина қызметкерлерi, химиктер мен экологтер, гигиена саласының мамандарынан жасақталған топ ең алдымен Созақ ауданына бет бұрып, жергiлiктi тұрғындардың денсаулығын жіті тексеруден өткізді.
Басты мақсат уран өндiрiсiне бай­ла­ныс­ты болуы мүмкiн экологиялық зар­дап­тарға талдау жасау болатын. Сол ар­қылы елi­мiздiң экологиясы ушыққан ай­мақ­та­рын­дағы тұрғындардың ден­сау­лы­ғын терең зерттеп, оларды емдеудiң жаңа тетiктерiн ойластыру болатын. Мұндай іс-шара бұ­рын-соңды қолға алынбаған. Тың бастама еліміздің барлық аймақтарында жүргізілетін болады. Ең алғашқы зерттеу жұмыстары Созақ ауданынан басталды. Таң­даудың неге басқа емес, теріскейге түс­кенін уран өндірісімен байланыстыруға бо­латын сықылды.
Зұлхия Намазбаева, медициналық эко­логия зертханасының мең­герушiсi, ме­ди­цина ғы­лы­мы­ның док­торы:
– Басты байлыққа, ең алдымен, қор­шаған ортаның зор әсер ететіні сөзсіз. Бүгінгі таң­да экологиясы ушық­қан аймақтарға Семей полигоны, «Азғыр» полигоны, Созақ ау­­да­нын­дағы уран өндiрісі кіреді. Әсiресе уран кенiн өндiру – радионуклидтердiң то­пы­рақтың жоғары қабатына шығып, ай­на­ладағы өсiмдiктер дүниесiмен ара­ласып кету қаупiн жоққа шы­ғар­май­ды. Олар­дың таралу аймағы шек­теулі өлшеммен өлшенбейдi. Оның адам­дардың созыл­малы қорғасындық ин­­токсикациясына алып келерi дау­сыз.
Мамандардың айтуынша, соңғы әлетте та­би­ғат ананың қатты ластануынан, тех­но­гендiк және химиялық өзгерiстердiң әсе­рiнен осы өңір­лер­де тұратын халықтың ден­саулығы тіптен тө­мен­деп кеткен. Со­зақтағы экологиялық зар­дап­тар­дың адам денсаулығына зиянды әсерiн зерт­теген топ тексерудiң қорытындысын ресми түрде жариялаған жоқ. Дегенмен алдын ала алынған сараптамалар бiрнеше кем-кетіктің бар екенін жоққа шығарған жоқ.
Бұл жөнiнде «Гигиеналық еңбек пен кәсiби сырқаттар ұлттық орталығы» ОҚО филиа­лы­ның директоры Гүлжан Досыбаева: «Созақ ауданының тұрғында­ры­ның ағзасында улы элемент – кадмийдiң мөлшерi көп екендiгi белгілі болды. Аймақ халқының шашынан, қанынан, ауыз қуысының iшкi бетiндегi тiннiң сiлекейi мен мұрын сөлiнен алынған анализдер адам ағзасында йодтың, цинк пен мыстың төмен екендiгiн байқатты. Аудан халқының ара­сын­да жүрек-қан тамырлары аурулары кө­бейіп кеткен. Оның негізгі себебі қан құрамында холестериннiң көбеюі болып отыр. Жасы ұлғайған 40-50 жас аралығын­дағылардың мұндай кеселге көбiрек шал­дығуы майлы мал етін көп тұтынатындығы­мен байланысты болса керек. Иммунитет тап­шы­лығы, ауыр металдардың зардабы қытайдың арзан тағамдарын, ыдыс-аяқтарын пайдаланудан туындауы мүмкін деп қорытынды жасауға болады», – дейді. Мамандар аудан тұрғындарына мал етінен гөрі көкөніс, жеміс-жидекті көбірек тұтыну­ға кеңес беріп кетті. Алайда бұл сөз қу тақыр, екке­нің­нің өнуі қиын, ағын суы мен ауызсуы тапшы өңірге «аспандағы айға» қол созғанмен бірдей болды. Расында, көкөністі көзге сүртіп жейтін ай­мақ­та мұның күлкілі естілері сөзсіз. Аудан орталығында ғана көкөніс көрінсе, Шу, Жуантөбе сықылды шалғай ауылдарда шөлге шыдамды қарағаштан басқа ештеңе өнбейді. Ауылдағы ағайын жеміс ағашта­рын суғармақ түгіл, ішуге суды әзер тауып отыр. Құдықтан шығатын ащы су ағаш түгіл, малды суғаруға жарамайды. Уран кеніші де аудан тұрғындарына бір бүйірден тиген соққыдай болып тұр. Онда жұмыс істейтін өрімдей жастардың шаштары аға­рып, тістері түсіп, жасына жетпей қарта­йып кеткен. Мұның бәрі де негізгі қорытынды шыққан соң белгілі болар. Ағаш түгіл, бүгінде бұл маңайда құс екеш құс та құрып кетті. Әсіресе қарлығаштың көрінбей кеткеніне көп болды. Әр үйдің босағасына ұя салып құрқылдап жүретін құстың бұл аймаққа «ат ізін» салмай кеткенін ауылдық­тар уранмен байланыстырып отыр. Аудан­ды алдыңғы қатарға сүйреп шығарған уран кенішінің пайдасынан гөрі зияны молырақ екені даусыз. Созақтықтардың ден­саулығын жіті тексерген дәрiгерлер жұ­мыс нәтижесiн тиiстi орындарға мәлімдеген соң, зиянды зардаптардың алдын алуға бай­ланысты кешендi iс-шаралар жоспарын әзiр­лемек. Одан соң аудан халқын емдеу­дiң жаңа тәсiлдерi қолға алынатын бола­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста