Сот залында журналистердің диктафонын ұрлап, жазбаларын өшірген кім?

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында төрт айлық баланы басып өлтірген көлік жүргізуші-әйелдердің үстінен өтіп жатқан сот процесінде бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің диктафондары жоғалды, - деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық порталы Today.kz-ке сілтеме жасап.

Сот отырысынан соң журналистердің залдан диктофондары жоғалғаны белгілі болады. Біраз уақыттан соң диктофондар түсініксіз жағдайда иелеріне қайтарылғанымен, ішіндегі материалдардың өшіріліп тасталғаны анықталды. Тoday.kz, informburo.kz ақпараттық сайттары мен "Время" газетінің журналистері осылай материалдарынан айырылып қалды.

Біз сот басталғанда диктофондарымызды қосып, куәгерлер сөйлейтін мінберге қойдық та, журналистер үшін белгіленген орындарымызға жайғастық. Қырық минуттай уақыт өткен соң судья Есбергенов бізге келіп, журналистердің өзімен бірге сыртқа шығуын сұрады. Дәлізде 15 минут тұрғаннан соң сот залына қайта кірдік, дейді «Время» газетінің тілшісі Екатерина Тихонова. Сонымен қатар, судья журналистерді жабық талқылау кезінде де залға кіргізбеген.
Отырыс бітісімен журналистер диктофондарының жоғалғанын біліп, залдағы бейнекамера жазбаларын қарауды сұрайды. Сот хатышысы журналистерге жабық талқылау кезінде камералардың өшіріліп тасталғанын айтқан. Бірақ, көп ұзамай диктафондар табылды. Алайда, олардың ішіндегі жазбаларды белгісіз біреу түгел өшіріп тастаған.

Тoday.kz порталының тілшісі осы оқиға туралы Бостандық аудандық ІІБ-не шағым түсірді.
 qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста