Соғымнан келген кесел

1988-ші жылдары сов­хозда аға зоотехник-селекционер болып істеп жүрген кезім еді. Бұрындары мал дәрігері болып істегенмін.

Бір күні Арыс қаласына өткен бір құдалыққа бардық. Ер­теңіне түс қайта ауыл­ға қайттым. Су алып шығуды ұмытып кетіппін. Әб­ден шөлдеп келе жатырмын. Қара жолда, Арыс­тан қырық шақырымдай қа­шық­­тыққа келіп қалған кезімде жолдан 300-400 метрдей жерде тігулі екі-үш киіз үй көрінді. Көрші сов­хоздың малшылары-ау деп шамаладым. Кім де болса бір-екі пиала шай берер деп машинаны сол үйлерге қарай бұрдым.

Үйлердің жанына келіп тоқтап, машинадан түс­тім. Төрт-бес адам үлкендеу бір сиырды сойып, терісін жалаңаштап жатыр екен.

– Соғым шүйгін болсын! – деп амандастым.

– Келіңіз, келіңіз, – деп қауқылдасып қалды шопандар.

Біреуін таныдым, осы үйде сойылып жатқан сиырдың иесі интернатта бірге оқыған Тойшыбек деген жігіт. Екеуміз шүйір­келесіп сөйлесіп, интер­нат­тағы кейбір қылықтарымызды еске алып, күлісіп жатырмыз. Әйелі шай дайындап, дастархан жайды.

– Биылғы қашпай, ту қалған сиыр еді. Базарға апарамын ба деп жүр едім, бес-алты күн болды, бір­ден аза бастады. Мына үш жігіт қоңсы отырған шопандар: «Еттен тары­ғайын дедік, со­йып, бөліп ала­йық», – деген соң төртке бөле­йін деп жатырмыз, – деді Тойшыбек.

– Неге еттен түсе бас­тады, қандай да бір ауру емес пе?

– Ештеңесін байқаған жоқпын. Оншақты күн бұ­рын ырсылдап, ыстығы көте­рілген сияқтанды. Бір-екі күн іші өтті, енді күн­­нен-күнге азып бара жатыр. Бекерге арықтат­қанша, со­йып ала­йық де­дік, – деген Тойшыбек басты алып, терісін сыпыра бастады.

Сиыр басының жақ еті­нің біраз жері тілінген екен. Қарасам, тары дәніндей майда, ішінара бұршақ дә­ніндей ақ көпіршікті түйір­шіктерді байқадым. Мойын еттерін тіліп көрсем, ол жерлерде де бар екен. Тілін кесіп көріп едім, бір-екі кө­піршік ол жерден де кездес­ті. Бұл ірі қара малдың «фин­ноз» деген ауруы. Ғы­лыми тілде «цистицеркоз» деп аталады. Бұл ауру адам ішегінде өмір сүретін «цистицерк» деп аталатын таспа құрттың ірі қа­ра ағзасына түскен жұ­мырт­қаларынан шыққан балаң құрттарды тудыратын ірі қара малдың ауруы. Қара малда «цистицеркоз» деп аталса, адамдарды бұл ауруын «тениаринхоз», шошқадан жұққанды «тениоз» (бұл – ұзындығы 1–3 метрге дейін жететін аса қауіпті сорғыш құрт ке­селі) деп атайды. Қарапа­йым тілде «бұқа цепені» (бычий цепень), «бұқа сол­ти­ері» деп те атайтын, адам үшін өте қауіпті аурудың бірі. Адам әлгіндей көпіршік түйіршікті балаң құрттарды етті шала пісіріп жеп, тірідей жұтып жіберген кезде ағзаға түскен балаң құрттан адам ішегінде таспа құрт (цепень) өсіп-жетіле бастайды. Ұзындығы он метрге дейін жетуі мүмкін бұл «бұқа цепені» адам ішегінде өсіп-жетіле отырып 2,5-3 айда жұмырт­қа тастай алатын дәрежеге жетеді. Әлгіндей ұзын құрттың дене бойында ағаш бұтағы тәрізді аналық өскіндер тарамдала, жан-жаққа бұтақтап өсіп, соң­ғы бөлікшелері пісіп-жеті­ліп, жұмыртқалар то­лы бөлшектер тастай бе­реді. Бір осындай цепень бір жыл ішінде сыртқы ортаға екі жарым мыңдай бөлшектер, яғни жүз миллионға жуық жұмыртқа тастау мүмкін­дігіне ие деуге болады.

Осындай ішінде құрты бар адамның маңайындағыларға қаншалықты қауіпті екенін пайымдап көріңіз. Ондай адам өте азып ке­теді. Ішкен-жегені бойына жұқпайды.

Бұл құрттардың барлы­ғы қосжынысты. Яғни өзін-өзі ұрықтандырып, жұ­мыртқа түзе береді. Бүкіл денесімен сіңіру арқылы тамақтанады, тыныс алу, қан айналу органдары жоқ.

Бұл таспа құрттардың негізгі иесі адам болып есептеледі. Яғни жетілген таспа құрттар адам іше­гінде өмір сүреді, одан нәжіс арқылы бөлінген жұмыртқалар жем-шөп, су арқылы ірі қараға, шошқаға өтеді де, олардың ағзасында балаң құрттар пайда болып, «фин­­ноз» немесе «цистицеркоз» деген ауру тудырады. Яғни ірі қара мал мен шошқа – аралық қожайын. Оларда жұмыртқа жұтқан соң төрт ай шамасында ауру белгілері біліне бастауы мүмкін.

Яғни Тойшыбек­тің үйін­де немесе көршілерінде ішін­де цепень құрты бар қан­дай да бір адам болуы мүмкін. Өйткені сиырды бас­қа жақтан әкелмеген, өзінікі.

– Бір жылдан бері ілмиіп, ауырып жүрген адам жоқ па үйіңде немесе көрішлерің­де? – дедім.

– Мына көршімізде былтырдан бері мал бағып жүр­ген бір жігіт бар, ілмиген арық, – деді Тойшыбек.

– Ол адамды Арысқа апарып, ішек құртына тек­сер­тіңдер, – деп, жүруге ыңғай­ландым. Тойшыбек басын изеп қоштасты.

Кейін бір кездескенде:

– Баяғы шопан жігітті ауруханаға жатқызып, іші­нен құрт түсірттік, – деді. – Қа­зір жардай болып се­міріп кетті. Сорлыны сорлатып жүрген құрт екен. Сен дұрыс пайымдапсың. Ол байғұсты ауруханаға апарар ма едік, апармас па едік, артқы жағынан, жатқан жеріне бөлшек-бөлшек, со­пақша, төрт­бұрыш­ты құрт­­­тар түсе­тін болды кей кез­де.

– Иә, ондай болуы да мүм­­­кін. Ол құрттардың пісіп-жетілген соңғы буындары кейде құрт денесінен бөлініп, өзі қимыл-әрекет жасап, ұйықтап жатқан адам­ның дәрет жолы ар­қылы сыртқа шығады.

Адамға қауіпті болғандықтан жануарлардың цистицеркозын болдырмау мақсатында үкімет тарапынан көптеген ветеринарлық алдын-алу іс-шаралары бел­гіленген. Малдарды мүмкін­дігінше аулаларда, мал дәрігерінің бақылауынсыз сойдырмау, елді мекендерде арнайы мал соятын қа­сапхана ұйымдастыру, медициналық тексеруден өтпеген адам­дар­ды мал соятын орын­дарға жібермеу, өндірістік орындардағы әжетха­налар­дың санитарлық жағдайын қадағалап, жөндетіп отыру, сойылған мал ұшаларын міндетті түрде ветеринарлық сараптаудан өт­кізу, тағы басқа көптеген іс-шаралар көзделген. Мал ұшаларында ауру белгілері табылған жағдайда мін­детті түрде залалсыздандырылуы немесе жойылуы керек. Бастың жақ еттерін, мойын еттер­ді тіліп көргенде, егер ауру болса, майда көпіршік ақ түйіршіктерді байқауға бо­лады. Олар фарш етіп тар­тылған еттерде ба­й­қалмайды. Сон­дық­тан да­йындап қойған қойылған фарштан гөрі таза, ешқандай түйіршік, іртік ақ дақтары жоқ еттен, басында қарап тұрып тарт­тырып алғаныңыз ма­құл.

Жаңабай ТӨЛЕУІШ.

Шымкент қаласы.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста