Сиыр жылынан не күтеміз?

Қазақта ғана емес, жалпы әлемнің барлық халықтарында жан-жануарлар атымен аталатын 12 жылдан тұратын уақыт айналымы бар. Жыл санаудың бұл тәсілі қашан, қалай пайда болғандығы туралы ешкім білмейді. Тағы бір қызықтысы, жан-жануарларға негізделген 12 жылдық  цикл негізінен барлық халықтарда ұқсас. Мәселен, 12 жылдық уақыт айналымы тышқан жылынан басталады. Сөйтіп, біз биыл 12 жылдық циклдің екінші жылына аяқ бастық.

Әр жылдың ерекшеліктері бар

Тышқан деген барлық халықтар үшін соншалықты жағымды мақұлық болып саналмайды. Ең алдымен, оның етін қытайлықтар болмаса, басқа жұрт жемейді. Рас, терісінен түрлі киімдер тігеді. Сондай-ақ, тышқандар адам еккен егінге залалын тигізіп қоймай, тіпті жер үйлерді былай қойып, көп қабатты пәтерлердің өзінде тұрғындардың мазаларын алып жатады.  Содан болар, тышқанды адамдар оншалықты ұната қоймайды. Ал әйелдердің арасында тірі тышқаннан зәрелері ұшып қорғатындар көп.

Міне, сондай адамға оншалықты пайдасы жоқ, зияны жетерлік жәндік саналатын тышқан жылы көптеген қиындықтар мен ауыртпалықтар әкелді. Ең үлкен ауыртпалық &ndash барша әлемді шарпыған жұқпалы дерт &ndash короновирустың таралуы. Оның салдарынан экономикаға орасан зор залал келтірілді және жұқпалы дерт көп адамдардың өмірін жалмап кетті.

Осының алдындағы тышқан жылы 2008 жылға тура келгендігін атап өткен артық болмас. Ал сол жылы әлемдік қаржы дағдарысы шарықтау шегіне жеткен еді. Алпауыт АҚШ-тың өзінде көптеген алып банкілер банкрот болып, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды.  Ол қаржы дағдарысы әлемдік қаржы-банк саласының іргесін қатты шайқалтып кетті.

Оның алдындағы 1996 жылда елімізде дағдарыс дендеп, ауылдарды былай қойып, үлкен қалаларда сағаттап электр жарықтары өшірілетін. Белең алған жұмыссыздық, шарықтаған инфляция мен экономикалық дағдарыс еліміздің барлық өңірлерін шарпыған болатын. Осыдан аңғарылғандай, тышқан жылдары адамдарға оншалықты қолайлы бола қоймайтыны сезіледі.

Сиыр жылы берекелі болады

Кеңес заманында орыс әдебиеті оқулығында  баланың аузымен айтылған мынадай бір әңгіме болатын.  Отбасын асырап отырған жалғыз сиыр ауырып өлер болған соң амалсыз сойып алады.  Оның еті  аш отырған отбасын біраз айлар ашықпай күн көруге жағдай жасайды. Содан кейін тері жинаушылар келіп сиырдың терісі мен сүйектерін алып, оған аздап ақша беріп кетеді. Ол да отбасының азық-түлік алып, қарын тойғызуларына көмегін тигізеді. Осылайша,  ұзақ жылдар сүтімен, қаймақ-майымен асырап, жыл сайын  бұзаулап, тұрмыстарын тарықтырмаған сиыр өлген соң да отбасына көмегін тигізіп, етімен, тіпті тері-сүйегімен де көмектеседі.

Шындығында, сиыр түлігінің адамдарға әкелер пайдасы өлшеусіз көп. Үнділер адамның үш анасы болады деп санайды. Олар &ndash өзін дүниеге әкелген анасы, содан кейін Жер ана, үшіншісі &ndash сүтін ішіп, қаймақ-майын жейтін сиыр &ndash ана. Сиыр әлемдегі жалғыз жануар &ndash адамға сүтін махаббатымен сыйлайтын. Оның мәні неде дейсіз ғой?

Сиыр сүтін адамдарға ішсін, пайдалансын деп бермейді. Сиыр сүтін өз төлі &ndash бұзауы үшін береді. Сиырды сауарда алдымен бұзуын емізіп алады және бұзауды жанына байлап қояды. Бұзауын иіскеген сиыр иіп, төлі үшін сүтін береді. Ал бұзауы өліп қалған сиыр сүт бермейді. Сондықтан қазақтар ертеде қулық жасап, бұзауы өлген сиырды сауу үшін өлген бұзаудың терісінен тұлып жасайтын болған. Әлгі тұлыпты әкеліп сиырға көрсетеді. Сиыр тұлыпты иіскеген соң иіп, сүтін береді. Яғни, сиырдың сүтінде оның төліне деген махаббаты жөніндегі ақпараттар сақталады. Ал сүтті ішкен адамның санасына ол ақпарат игі ықпалын тигізеді.

Жалпы, соңғы жылдарда ет жеудің залалы туралы ғылымы да ашық айта бастады. Өйткені, сойылар кезде жануарлардың бойында қорқыныш, үрей туындап, сол туралы ақпарат бүкіл клеткаларына еніп, сақталып қалады екен. Ет жеген кезде әлгі қорқыныш, үрей туралы ақпарат адамның санасына сіңеді. Ет жейтін адамдардың бойында қорқыныш, үрей сезімдерінің көп болатыны осының салдары дейді ғылым. Ал вегетериандықты ұстанатындардың бойында үрей, қорқыныш сезімдері оншалық көп болмайды.

Сол сияқты, сиыр сүтін ішіп, сүт тағамдарын тұтынатын адамдардың санасына махаббат, сүйіспеншілік туралы ақпараттар сіңіп, ондай адамдар кешірімді, байсалды, қайрымды, жомарт, кішіпейілді болып келеді екен.

Адамдарға соншалықты игілік әкеліп, бар өмірін төліне деген махабатқа арнаған қасиетті жануар &ndash сиыр жылы баршамызға құт-береке әкелсін!

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста