Сенімнің жүгі ауыр

Соңғы кезде ел арасында дәрігерлерге деген сенім анау айтқандай жоғары болмай тұр. Тіпті дәрігерлердің біліктілігіне күмән келтіретін жағдайлар да жиі орын алуда. Алайда олардың арасында өз ісіне жа­уапкершілікпен қарайтын, халық сеніміне ие болған, «ақ халатты абзал жан» деген атқа сай білікті дәрігерлердің де бары рас.
Негізі, шағын қалаларда, ауыл-ауылдарда өзі бір әмбебап дәрігерлер болады. Ол – терапевт те, педиатр да, рев­ма­толог та, невропатолог та, дер­ма­толог та, жалпы, кез келген аурудан айы­ғу­дың жолын білетін, қолынан келгенше нау­қасқа жылы сөзін айтып, емделуге көмек­тесіп жіберетіндер кездесіп жатады. Бір жақсысы, содан науқастар емде­ліп, ауруы­нан айығып кетеді. Сондай-ақ ден­саулығынан сыр бі­лін­се, адамдар емханаға емес, бірден әлгі бесаспап дәрігерге барады. Әсіресе дә­рі­гері қат ауыл-ауылдарда мұндай жан­дардың болғаны өте жақсы. Біз сөз етіп отырған кейіпкер Өзбекстаннан орал­ман ретінде көшіп келіп, Түркістанға қоныс теп­кен Гүлжан Әліқұлова – дәл сондай әм­бе­бап дәрігер.
Шыны керек, Гүлжан Аманқызының үйі­нен адамдар үзілмейді. Оның үйі нау­қастар жатып емделетін ауруханаға немесе келіп-кетіп ем қабылдайтын емха­на­ға айналған десек, артық айтқандық емес. Түркістандықтар ғана емес, тіпті Ал­ма­ты, Шымкент, Тараз т.б. өңірлерден де келіп емделетіндер бар. Егде тартқан адам­дар да, шал-кемпір де, бала да – бар­лығы сол кісіге барып емделеді. «Қандай ауруханаға барғанмен, Гүлжан қызыма жылына бір рет келіп емделмесем, көңі­лім көншімейді», – дейді сонау Алматы­дан көрінуге келген Дүй­сенкүл әжей. Иә, шы­нында да, ол кісі нау­қас­тарды жылы қа­был­дайды. Тіпті науқастардың дәрі-дәрмекке ақшасы жетпей тұрса, Гүл­жан апайдың өзі көмектесіп жібергенін талай рет көз көрді. Ол кісіге көрінуге келген қан­дай науқас болсын оның өз маман­дығына әбден берілгеніне риза­шы­лық­тарын білдіріп жатады.
– Менің негізгі мамандығым – балалар дәрігері. Мектепті бітірген соң, 1984 жылы Ташкенттегі Ортаазиялық медициналық педиатрия институтына түсіп, оны 1991 жы­лы бітірдім. Осылайша балалар дәрі­ге­рі мамандығын алып шықтым. Кейін Гүл­стандағы облыстық балалар аурухана­сын­да интернатурадан өтіп, Ақалтын ауда­нының орталық ауруханасында бала­лар дәрігері болып жұмыс істедім. 1999 жыл­дың қараша айында Түркістанға келіп, Мақтазауыт ауданы бойынша айма­қара­лық балалар дәрігері болып жұ­мысқа орналастым. Құдайға шүкір, бір салада істеп келе жатқаныма 13 жыл бол­ды. Таяу­да жо­ғары дәрежелі балалар дәрі­гері атағын ал­дым. Алдағы уақытта да нау­қас­тардың аурудан айығып кетуіне барымды салатын боламын, – дейді Гүлжан Аманқызы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста