Шенеуніктер Орал әуежайының сатылуы туралы қауесетке пікір білдірді

Шенеуніктер Орал әуежайының сатылуы туралы қауесетке пікір білдірді

Компанияның негізгі қатысу үлесі Қазақстан тарапына тиесілі.

Орал шенеуніктері жергілікті әуежайдың шетелдік инвесторларға сатылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді. Құзырлы орындар негізгі үлес әлі күнге дейін мемлекетке тиесілі екенін, ал терминал үш жылға ғана сенімгерлік басқаруға берілгенін айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әуежайдың терминалы былтыр күрделі жөндеуден өткізілген. Оған Карашығанақ консорциумы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде 6 миллиард 600 миллион теңге бөлген.

Содан бері терминалды қазақстандық компания сенімгерлік басқарумен ұстап тұрған. Енді сол компанияны "Орал аэропорт холдинг" деп аталатын ЖШС сатып алған. Осы серіктестіктің ішіндегі үлестің үштен бірі ресейлік компанияға тиісілі екен. Сондықтан әуежай шетелдік инвесторға сатылды деуге еш негіз жоқ дейді жауаптылар.

Терминалды үш жылға басқаруға алған осы компанияны оның орналасу жағдайы қызықтырған. Келешекте жолаушыларға қызмет сапасын арттырып, қосымша ұшу бағыттарын ашу жоспарланып отыр. Ал әуежай мемлекет меншігінде қала береді.

"Компанияның негізгі қатысу үлесі Қазақстан тарапына тиесілі. Стратегиялық нысандар мемлекет меншігінде қалып отыр. Атап айтқанда, ұшуқону жолағы ҚР индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация теңгерімінде. Жолаушылар терминалы, яғни әуежайдың өз ғимараты "Aqjaiyq" әлеуметтік корпорациясы АҚ теңгерімінде.", - деді "Aqjaiyq" ӘКК" АҚ төрағасы Нұржан Өтепбаев.
#Орал #әуежай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста