Шегірткенің дәрісі араларға ажал құштырды

Жақында Көкпекті ауданының бірқатар егістік алқабына шегірткеге қарсы химиялық дәрі себілген-ді. Алайда аталған дәрінің себілуі жергілікті омарташылардың наразылығын тудырып отыр. Себебі әлгі химиялық заттан 50-ге жуық омарташының аралары қырылып қалған көрінеді.
– Келсем, аралардың көпшілігі жер ба­уыр­лап, кейбірі шыр айнала ұшып жүр. Одан кейін шетінен өле бастады. Дәрі се­білген күннен бері бірталай уақыт өтсе де оның әсері басылар емес. Тіпті ара тұрмақ қараторғай сияқты кішігірім құстар да өліп жатыр, – дейді аудандағы омарташы­лар­дың бірі Василий Либиков.
Әрине, күн-түн демей бағып-қағып, нә­пақасын айырып отырған араларының бір күнде қырылып қалғаны кім-кімге де оңай соқпасы анық. Оны қайта қалпына келтіру де оңай шаруа емес. Санитар мамандардың айтуынша, омарташылар дер кезінде арыз-шағымын айтпаған­дық­тан олардың шығыны өтелмейтін көрінеді. Қа­зір көкпектілік омарташылар аралардың әуеден себілген у-дәрінің кесірінен өлгенін қалай дәлелдеудің жолын таппай әлек.
Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ара ша­руа­шылығы бөлімінің меңгерушісі Абзал Жұ­мағалиев аралардың ажал құшуына жергілікті әкімдік мамандарының да кінәсы бар деп санайды.
– Әкімдік мамандары дұрыс жұмыс істемейді. Өз жұмыстарына салғырт қа­­райды. Хабарландыруды алады да дү­кенге не­месе кеңсесінің қасына қа­лай болса солай іле салады. Көбіне бір күн бұрын, яғ­ни кешкісін немесе сол күні таңертең ай­тады. Апақ-сапақта. Ме­ніңше, олар әрбір омарташыға жүр­гі­зілетін жұмыстар жайлы алдын-ала, бір­неше күн бұрын ескертуі керек. Қа­жет болса, хабарландыруды қол­да­ры­на ұстатуы қажет. Әйтпесе, ертеңгі күн­і омар­ташылардың оларды сотқа бе­руге қа­қылары бар. Тіпті олар сотта жеңіп шы­­ғуы да әбден мүмкін. Сол кезде ақыр со­ңында инспектор мен жергілікті әкім­діктің мамандары кінәлі болып табылады. Өйтк­ені олар омарташы­лар­ға ескерту жа­саған жоқ. Тағы бір ай­та кетер жәйт, дәрі себу жұмыстарын жүр­гізетін компаниялар ең әуелі дә­рінің құрамы, оның себілетін аумағы мен уақытын нақты көрсетуі қажет. Оны әкімшілік қызметкерлеріне айтуы керек. Заң тұрғысынан қарасақ, мұн­дай ескерту жасамаса олар да жауап­кер­шілікке тартылады, – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста