Шахмет Құсайынов атындағы театр «Ең үздік актерлік ансамбль» атанды

Шахмет Құсайынов атындағы театр «Ең үздік актерлік ансамбль» атанды

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры Таразда өткен республикалық байқауда «Ең үздік актерлік ансамбль» атты жүлдені иеленді.
Қазақстанның 10-нан астам театры қатысқан байқауда ақмолалық шығарма­шылық ұжым неміс драматургінің еңбегін көрермендер назарына ұсынған.
«Әл-Тарази шақырады» атты респуб­ликалық театр байқауы биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Мақсат – әртістердің сахна­дағы шеберлігін шыңдау, актерлер­дің өзара тәжірибе алмасуына жағдай туғызу. Тараздан табыспен оралған әртістерді теміржол вокзалында қарсы алған көкшеліктер олардың құшағын гүлге толтырды. Байқауда үздік атанған театрдың бұл табысы шығармашылық ұжымның із­денісін танытса керек.
Фархат ҚАНАФИН, Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының режиссері:
 – Біздің жігіттер, қыздар жоғары дәрежеде ойнап өздерінің шебер­ліктерін танытты. Олар қазылар алқа­сының жоғары бағасын алды. Біздікі ең жоғары дейтініміз – басқа театрлар ең үздік әйел рөлі, ер адам рөлі, ең үздік дебют сияқты аталымдарға ие болса, ал біз «Ең үздік актерлік ансамбль» номи­нациясын алдық. Яғни біздің әртіс­тердің ойыны  – жоғары дәрежеде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста