«Сарыағаш»: ішсең – сусын, емі сан мың

«Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайы – облысымызға ғана емес, бүкіл елімізге танымал сауықтыру орны. Биыл аталған шипажайға 50 жыл толып отыр. Осы жарты ғасырдан бері шипажайдың минералды суынан миллиондаған адам ем-дом алған. Қазақстан ғана емес, әлемге аты әйгілі Сарыағаш шипажайының іргетасы 1963 жылы қаланған. Орталықты Ресей, Қытай жұртшылығы да жақсы таниды. Мамандардың айтуынша, мұндағы минералды су – әсіресе асқазан-ішек аурулары мен өт және зәр шығару жолдарын емдеуге таптырмас дауа.
Соның айғағы болса керек, 25 жылдан бері осы орталыққа үздіксіз келетін емде­лу­шілер де бар екен. Науқаспен туған-туыстай болып кеткен мейірімді мейі­р­би­келер қант диабетіне шалдыққандарды да емдеп шығарыпты. Атаулы мерекеге орай шипажайда «Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы реабилитация қызметін дамытудағы ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткен еді. Шипажай ұжымын мерейтойымен құттықтауға Ресей, Қырғызстан және Болгарияның  дәрі­гер­лері қатысты.
Камардин СӘРСЕНБЕКОВ, «Сарыағаш» шипажайын ең ұзақ басқарған басшы:
– Қазақстан курорттар кеңесi бас­қар­масы тiкелей басшылық еткен сана­торий 1961 жылдан бастап кәсiп­одақ­тар қарамағына берiлдi. Оның құ­ры­лымдық атауы бертiнде «Сары­ағаш» акционерлiк қоғамы, одан Мем­лекеттiк қазыналық кәсiпорын болып өзгердi. Мен басшылыққа келген 2000 жылы ол осылай аталатын. Ал 2008 жылдың 17 наурызында «Сарыағаш» шипа­жайы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылды. Әрине, қайнардың тiкелей шығып жат­қан көзiнен пайдаланылатын ми­не­рал­ды судың емдiк қасиетiне ештеңе тең келмейтiнi түсiнiктi. Негiзiнде, «Сары­ағаш» курортында бұрын минералды су шығатын жеті ұңғыма бар едi. Қазiр небәрi екеуi ғана қалды. Курорт айма­ғын­дағы шипажайлардан «Сарыағаш» курортынан бөлек «Алтын бұлақ» санаторийi ғана ұңғыма суын пай­да­ла­на­ды. Бұрын «Арманда» бiр ұңғыма бар едi, ол iстен шыққалы берi сол аумақ­та­ғы басқа демалыс орындары секiлдi ол да бүгiнде минералды суды тасы­мал­дап пайдаланады.

Мәртебелі меймандар әуелі «Арай Делюкс» шипажайының мәжіліс залында бас қосып, өзара пікір алмасты. Шетел­дік­те­р­дің айтуынша, «Сарыағаштағы» арасан мине­ралды суы, физиоемдері, жанға жай­лы ауасы және емдік балшығы – адамның он екі мүшесіне дауа. Мәселен, болгар елін­де сумен емдейтін төрт шипажай ғана бар екен. Оның өзі 7 миллиондай халқы бар болгариялықтарға аздық ететін көрінеді. Жиын барысында Болгария елінің «Нови Пазар» ауруханасының басшысы мен «Сары­ағаш» емдеу-оңалту кешенінің дирек­торы Бағлан Батыршаев медицина саласы бойынша сауықтыру орталық­та­рын­дағы дәрігерлерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды.
Меморандум медициналық қызмет саласында тығыз ынтымақтастық пен тәжі­рибе алмасуды, семинарлар мен оты­рыс­тар өткізуді, біріккен бағдарламалар әзір­леу­ді, екі елдің сауықтыру орталықтарының қызметкерлеріне арналған өзара курстар мен тренингілер ұйымдастыруды қарас­ты­ра­ды.
Атанас АТАНОСОВ, «Нови Пазар» ауру­ха­насының басшысы:
– Болгарияның сауықтыру орта­лық­тарында сіздер білмейтін, ал сіздердің шипажайларыңызды біз білмейтін емдеудің әдіс-тәсілдері бар. Міне, осы­ған орай тәжірибе алмасу мақсатында одан қалса екі елдің қарым-қатынасын жақ­сарту үшін келіп отырмыз.

Демалушылармен бірге қатысушылар да шипажайдың ең алғашқы іргетасын қалауға мұрындық болған Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін алыс-жақын шетел­дер­ден және еліміздің әр аймағынан келген қонақтар ғылыми-тәжірибелік конфер­ен­ция­да бас қосты. «Әсем-Ай» компа­ния­сының мәжіліс залында өткен кон­фе­рен­цияда Ресей елінің гомеопатологиялық ассоциациясының президенті, кафедра доценті Николай Замаренов баяндама жасады. Тарихи тамыры тереңге тартқан «Сарыағаш» шипажайының 50 жылдық мерекесі мәдениет сарайында жалғасын тауып, онда еліміздің ақын-жазушылары мен қаламгерлері, депутаттар, сондай-ақ еліміздің құрметті азаматтары қатысты. Аудан әкімі мен мерекеге келген қонақтар емдеу-оңалту кешенінің 50 жылдық мерекесімен құттықтап, осы салада талмай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қуа­ныштысы, шипажай әкімшілігінің бас­та­масымен осы мерейтойға орай жолдама ақысы жыл соңына дейін 20 пайыздық жеңіл­дікпен ұсынылуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста