"Қазақтан шыққан Кашпировский" атанған Сары Әулие әлеуметтік желілердегі өз аккаунтында жас қыздармен тускен суретін жариялап, жұртшылықты таңқалдырды.
Сурет Сары Әулиенің әлеуметтік желілердегі парақшасынан алынды
Марат Есенбаевтың жеке өміріне қатысты түрлі даулы әңгімелер де әлі күнге ел есінде. Соңғы кездері журналистерге берген сұхбатында Марат қажы жақында төртінші әйелімен некелесуді жоспарлап отырған сүйінші жаңалығымен де бөліскен еді. Мына суреттер соның дәлелі болса керек.
Сондай-ақ Марат Есенбаев тоғыз баласының - бес ұл, төрт қызы - бар екенін жеткізді.
Марат қажы бұл суреттерді әлеуметтік желідегі өз парақшасына ілген.
Марат қажының жеке өміріне қатысты ғаламтор желісінде түрлі пікірлер жазылған. Әсіресе, тұңғышы Бақытгүл екеуінің арасындағы баспана дауы үлкен талқыға түскен болатын.
Бұл жаңалықтың рас-өтірігін анықтау үшін Марат қажыға NUR.KZ тілшісі хабарласқан болатын.
"Мен әлі үйленген жоқпын. Бірақ суреттегі қыз қазір өзіммен бірге. Бұл қызды алдағы уақытта жазға дейін сынайтын боламын. Жас қой. Исламнан хабарсыз. Қазір өзім бәрін үйретіп жатырмын. Үйреніп кетсе - жар етемін. Әйтпесе білесіз ғой, жолымен жібере саламын", - дейді Марат қажы.
Оның сөзінше бұл бойжеткен сынақтан өтіп жатқан "кандидаттардың" бірі екен.
Марат қажы өз парақшасына діни мәселелерді қозғап, Алланы ұлықтайтын суреттер де қойып отырады.
Марат қажы Исенбаевты танымайтын Қазақ кемде кем. Сары Әулие есімімен танылған азаматтың емшілігі жайлы 90-шы жылдары ел жарыса айтатын.